Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
-------------------------------------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать документ)

Екіншіден, біздің ірі корпорацияларымыздың нақты “серпінді” жобаларды дамыту мақсатында ұлтаралық компаниялармен ынтымақтастығын ынталандырып отыру керек. 

Үшіншіден, Қазақстан өңірлік қаржы рыноктарының Алматыдағы қаржы орталығының төңірегінде топтасуын дамыта отырып, бұл өңірде осы заманғы халықаралық сауда технологияларының негізінде тауарлы-шикізат рыноктарын, айталық, астық биржасын құратын болады. 

Үкіметке, барлық тиісті органдар мен институттарға, соның ішінде мемлекеттік холдингтерге Қазақстанды “тауарлармен және қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік орталыққа” айналдыруға қолайлы жағдайлар туғызуды, ең бастысы, қазақстандық компаниялардың өңірлік ірі экономикалық жобаларға қатысуы үшін нақты шаралар қолдануды тапсырамын. 

Төртінші бағыт – Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру 

Біздің мемхолдингтердің, көп жағдайларда, халықаралық рынокта бәсекеге қабілетсіз, бағынбайтын көп бейінді конгломераттарға айналып кетуіне жол бермеу керек. Сондай-ақ олардың белгілі бір жеңілдіктер жүйесі бар таптаурын қаржылық “астауға” айналып кетуінен де сақтанып, бұған қоса мемхолдингтер өз құрамына кіретін ұлттық компаниялар мен ұйымдардың қызметін қайталамай, керісінше, осынау экономикалық қызметті жаңа деңгейде топтастырып, міндеттер қосарластығынан, өніксіз бәсекелестік пен томаға-тұйықтықтан арылуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс екенін ескеру керек. 

Бірінші кезекте  мемхолдингтер, Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуіне бағытталған ұлттық стратегияның бәсекеге қабілеттілігі мен іске асырылуын қамтамасыз етуде өздерінің жетекші орындарын сайлап алуға тиіс. 

Біріншіден, мемхолдингтерге  және тиісті мемлекеттік органдарға бүгінге дейін жинақталған талдау, маркетинг және технологиялық тәжірибені сыни тұрғыда саралап, түпкі нәтижелері мен қол жеткізу мерзімдерін көрсете отырып, дәйекті іс-қимылды айқындауды тапсырамын. Біздің экспорттаушыларымызға арналған “тауашалар” қалыптастыру және толымды халықаралық ықпалдастыққа кірігу нақты серпінді жобаларды іске асырудың осы заманғы айқын міндеттері мен жоспарының болуын қажет етеді. 

Екіншіден, мемхолдингтер  халықаралық компаниялармен бірлескен жобалар жасау, сондай-ақ олардың Қазақстанға келуіне жәрдемдесу жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге тиіс. Біз үшін, әсіресе, шикізаттық емес секторлардағы бірлескен жұмыс ерекше маңызды. 

Үшіншіден, мемхолдингтер экономиканы әртараптандыруда өзіндік рөл атқаруға, осы үдеріске қазақстандық шағын және орта бизнесті тартып, оларды ынталандырып, қолдап отыруға тиіс. 

Төртіншіден, мұндай міндеттерді шешу үшін мемхолдингтерді біртұтас организм ретінде қайта құрылымдау жоспарын әзірлеу, сондай-ақ тиісті нысаналы, толыққанды жұмыс істейтін, тиімді, икемді әрі ашық ішкі құрылымдар жасақтау қажет. Осыған байланысты әрбір мемхолдингті құрайтын құрылымдарға, олардың тиімділігі мен бейінділігіне тиісінше таңдау жүргізу, содан кейін әрбір мемхолдингтің басқаруында қандай активтердің қалатынын, олардың қалай дамитынын, қайсысын бәсекелестік ортаға енгізу керектігін анықтау қажет. 
 

“Самұрық

Біріншіден, “Самұрықтың” негізгі міндеті – экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарды басқара отырып, олардың құнының арттырылуын қамтамасыз ету. 

Екіншіден, “Самұрықтың” басшылығына оның құрамына кіретін мемкомпаниялардың қызметтерін айқындайтын, өз дамуының біртұтас стратегиясын жедел қарқынмен әзірлеуді тапсырамын. 

Үшіншіден, “Самұрық” барлық отандық инфрақұрылымдық қызметті тұтынушыларға, сыртқы рыноктарда экономиканың тиісті секторларына бәсекелестік артықшылықтар беруге тиіс міндеттер мен жобаларды орындау үшін өзінің мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалануға тиіс. Яғни, кәсіпорындарымыз бен халқымыз, сөзсіз, неғұрлым сапалы әрі мүмкіндігінше арзан энергетикалық, темір жол, телекоммуникациялық және тұрмыстық қызметтермен қамтылуы тиіс. 

Информация о работе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы