Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 07:29, творческая работа
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.