Баланстың
өтімділігін талдау
- Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.
Нарық қатынасы
жағдайында кәсіпорынның қызметі және
оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен,
яғни меншікті капиталдың көмегімен
жүзеге асырылады. Тек ол капитал
жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде қиын болса да сырттан
тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік
аса маңызды орын алады, бірақ
онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан
да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің
құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның
ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны
қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда,
ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен
және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
- Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
- Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:
- Ктс = Мк:Ак
- Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырыса-ды.
- АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар
мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндет-темелер қатаң сақталатын
және фирманың атағына үлкен мән
берілген нарық-тық экономикасы
дамыған елдерде тәуелсіздік
коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды
қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін
төмендетуге болады).
- Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
- А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
- А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.
- А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.
- А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар
- Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:
- П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
- П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
- П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
- П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.
- Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:
- Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Орындаған:Сатенова
Л.
Тексерген:Канабекова А.
Топ:303ЕжА