Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:55, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 БАНКРОТТЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ .........................................................5

1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні ......5
1.2 Кәсіпорындағы дағдарыс түсінігі, типтері және дағдарысқа қарсы
басқару .......................................................................................................................11
1.3. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды
тұрғыдан қарастыру .................................................................................................15

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ ...........................................................................19
2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы .........................................................19
2.2. «Тас - құм» АҚ сипаттамасы және оның қаржылық - экономикалық жағдайын талдау .......................................................................................................22
3 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ..............................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................38

Работа состоит из  1 файл

Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс.doc

— 363.00 Кб (Скачать документ)

              Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бұл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т.б.) арасында.

              Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі   бір   саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі    факторға   байланысты:   

 

2-сурет, –  Дағдарыстың  себептері

 

              Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және үйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6].

              Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бүл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет).

 

3-сурет, - Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

 

              Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс     типологиясы  және  дағдарыс  мінезі  белгілі   болса,   онда  оның өткірлігін   төмендету   уақытын   қысқарту   және   ауыртпалықсыз   өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады (Қосымша 1) [7].

              Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бүл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

              Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.

              Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

             

1.3. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды, концептуалды

тұрғыдан қарастыру

             

Өндірістік - экономикалық іс-әрекетті басқару теориясында дағдарысқа қарсы басқару проблематикасы басты бағыттардың біріне айналуда. Барлық деңгейдегі щаруашылықтағы ұдайы өндіріс процестерінің қиындауының объективті тенденциялары – жекелей кәсіпорыннан бастап глобалды экономикаға      дейін      тәжірибелі      түрде      дағдарысқа      қарсы  басқаруды үйымдастыруға  бағытталған              ғылыми-әдістемелік     жобалардың қажеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар бүгінгі күнгі экономикалық әдебиеттердің дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын талдай отырып, дағдарысты басқарудың теоретика-методологиялық базистері әліде қалыптасу стадиясында екенін көрсетеді. Сондықтан да, қазіргі күнгі кон-цептуалды тұрғыдан қарастыру, қалыптасқан дағдарысты басқару теориясына бәскелес ретінде айтуға болады.

              Проактивті және реактивті дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын салыстырып қарау, соңғы уақытқа дейін дағдарысқа қарсы менеджменттің басты сүрақтарына кірмеді [23]. Әзірге «проактивті дағдарысқа қарсы басқару» термині кең қолданыс тапқан жоқ, және жекелей ғалымдар әртүрлі түсіндіріп жүр.

              Бірақ, қарама-қайшы қарастыру көздерін, біржағынан дағдарысты болдырмаудың, екінші жағынан, қандай да бір дағдарыс құбылыстарының нақты да стратегиясына қарағанда, тактикасын, менеджмент теориясындағы классиктер еңбегінен көруге болады. Бірақта, үзақ уақыт бойы менеджмент теориясында дағдарысқа қарсы басқару, басым бағыттар қатарына кірген жоқ, сондықтан да реактивті және проактивті әдістерді салыстыру жалпы сипатта болып, екі мүлдем басқа методологиялық тұрғыдан келгендегі, жағымды және жағымсыз жақтарын кешенді зерттеу өз формасын тапқан жоқ.

              Менеджмент теориясы әдебиеттерінде дағдарыстармен күресте проак-тивті әдісті енгізуді қолдайтын пікірлерді кездестіруге болады, бірақ олар ортақ мақсатты үстанып, дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісінің басым бағыттарын жүйелі қолдануды үсынбайды. Мысалы, жиі кездесетін мынадай пікірлер: «Дағдарысқа қарсы іс-әрекеттер мақсатының алғы шарты болып, жай ғана қиыншылықтарды масштабты дағдарыстарға айналдырмау» [24]. Мұндай нақты мысалдар сияқты сөздер көптеп кездесіп, бірақ жүйелі әдістемелі түрде дәлелденбеген.

              Біздің ойымызша, проактивті дағдарысқа қарсы басқаруда объективті, теңестірілген тұрғыдан қарастыру кезінде оның дағдарыспен күрес кезіндегі басым бағыттарны ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерін еске-ре кеткен жөн. Дағдарыс қүбылыстарын басқаруда проактивті әдісті таза түрде қолдану, біржақты шектелген. Әрине, алдын-ала сәйкестендірілмеген, аз белгілі құбылыстар қандай да бір дағдарысқа қарсы әдістерге қиындық туғызады. Мысалға, 70 жылдары дамыған елдерде пайда болған «стагфляция» феномені мүлде күтпеген жағдай болып, және сол кездегі макроэкономикалық әдістерге жат қүбылыс болды. Бүндай дағдарыс қүбылыстарымен күресте қажетінше реактивті әдістерді қолдануға болады, бұл мысалда көрсетілгендей біраз уақыт кезеңінен кейін нәтижесін береді.

              Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісінің шектелуінің бірі, на-рықтық шаруашылық жүйесіндегі әлеуметтік экономикалық процестердің жоғарғы динамикасы болып табылады, ол екі немесе одан да көп жағымсыз процестерге әкеледі, және үлкен дағдарыс потенциалына ие ку-мулятивті эффекті қалыптастырады. Бұған нақты мысал ретінде ТМД ел-деріндегі қоғамдық дағдарысты келтіруге болады, ол бір уақытта бір-бірін күшейткен бірнеше дағдарыс қүбылыстары, жиынтығында терең және үзақ дағдарысты туғызды. Бұл мысалда дағдарыс жағдайының өрши дамуына байланысты проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды қолдану мүлде мүмкін   болмады.

              Дағдарыс құбылыстарымен күресте реактивті және проактивті әдістерінің басым бағыттары мен кемшіліктерін жүйелі түрде қарастыру экономикалық басқару жүйесіндегі барлық негізгі бөліктерде салыстыруға мүмкіндік береді. Біздің саналы түрдегі реактивті және проактивті әдістердің қарсы қойылып салыстырылуы, дағдарысқа қарсы басқаруда әржақтың артықшылығы мен кемшілігін айқынырақ ажырату болып табылады. Тәжірибе кезінде, реактивті және проактивті де әдістері дағдарыс қүбылыстарымен күресте, түйықталып қолданылмайды [25]. Сонымен бірге, реактивті дағдарысқа қарсы басқаруды, дағдарыс жағдайында қарама-қайшы іс-әрекет үйым ретінде, бүнда болып жатқан дағдарыс қүбылыстарына әсер ететін стратегияға ие. Бүл ойды тарқата айтқанда, реактивті әдісі, макроэкономикалық деңгейде де, және иерархияның жоғары деңгейінде де кең тараған. Макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің бүкіл тарихы реактивті тұрғыдан келудің жоғары тұрғанын көрсетті.

              Қазіргі күнгі баяу қүбылыс болып, әлемдік энергетикалық дағдарысты ай-туға болады. Халықаралық деңгейдегі бірыңғай тиімді және экологиялық таза энергетика технологиясын қүру орнына, кейбір дамыған елдер энерго үнемдеу бағдарламасын жасауымен шектеледі, тек қарапайым шешімдер қабылдап, мысалы салық төлемін тез көтеру, энерго тасымалдаушылардың барлық түріне акциздік төлемдерді қосқанда. Ең біріншіден мүнай сілкінісінен кейінгі 30 жылда дамыған елдер энерго түтыну қүрылымы аз-дап өзгерді. Бірақ батыс европа елдеріндегі отын түрлерінің бірқатарына бекітілген жоғары 60-70 % бөлшек саудада алынатын жоғары салық мөлшері де тиімділік бермейді.

              Микроэкономиалық деңгейдегі компаниялар мен коорпациялар арасын-дағы қатынастағы дағдарысқа қарсы басқару әдістерінде айырмашылық көп емес. Шағын және орта биснез өкілдері дағдарысқа қарсы мененджменттің реактивті әдісін үсынады. Жоғары бәсекелестік саладағы кіші кәсіпорындар дағдарысқа қарсы  шараларды  жүргізуде  максималды  экономдауға тырысады, сондықтан да кішігірім компаниялардың тоқырауға үшырауы, дағдарыс құбылыстарынан сақтанудың қарапайым шараларын жоққа шығаруы, заңды құбылыс. Ірі масштабтағы бизнес шеңберіндегілер дағдарысқа қарсы ме-неджментті үйымдастыруға аса жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар ірі компаниялардың басым бөлігі (кіші бизнестегілер секілді) дағдарысқа қарсы басқарудың реактивті әдісін қолданады [26]. Бұл бизестің ортақ идеоло-гиясына сәйкес, қысқа және орта мерзімді мақсаттарға бағыттапған, ең ал-дымен ағымдық пайданы жоғары деңгейде үстап тұру. Бұл позициядан қарағанда, дағдарысқа қарсы шаралар шығындары, өнділірген өнімнің өзіндік қүнын көтеру элементі ретінде қарастырады, немесе табыстылықты төмендету, немесе сату көлемін қысқарту. Бұл контексте ірі коорпарациялардың негізгі бөлігі, құрылымдық бөлІмшелерді аз қүрып, олар тікелей дағдарысқа қарсы шараларды жүргізумен айналысады. Ірі компанияларда мененджмент функциясы ішінен, дағдарысқа қарсы басқару басым бағыттар қатарына жатпайды. Бүндай қатынас қапдық соммамен дағдарысқа қарсы қүрылымдық бөлімшелерін қаржыландыруда дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдістерінің формалары мен процедура-ларын қолданғанда, дағдарысқа қарсы бөлімшелерге персонал таңдауда та-лаптардың төмен болуы көрініс табады.

              Ірі компаниялардағы басқару функцияларының жоғары бөлшектенуі ме-неджмент функциясының әрқайсысын сапалы үйымдастыруға объективті жағдай туғызады, және дағдарысқа қарсы басқару да тізімде бар [27]. Сондықтан да ірі компанияларда, әсіресе нарықта өзіндік орны барлар, дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдісінен бас тартады. Бүндай корпорацияларда дағдарысқа қарсы басқарудың таза реактивті әдісінен бас тартып, одан гөрі дағдарыс жағдайларын ескертуге көп көңіл бөледі.

              Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті концепциясын жасағанда тікелей дағдарыс қүбылыстарын аз болжануын ескеріліп, онымен күресте реактивті әдісті қолданған жөн. Жекелеген жағдайда стратегиялық сұрақтарды шешу кезінде мақсатты түрде дағдарыс жағдайының толысу тактикасын таңдау қажет. Мысалға, макродеңгейде басқаруда үкімет белгілі бір ұзілісте, ха-лыққа білгісіз шараларды жүргізер алдында ұстап тұра алады (салықтың көтерілуі, түтыну тауарларының импортына шектеу қойлғанда және т.б.).

              Біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы проактивті басқаруды кешенді түрде, әртүрлі кең әдіс жиынтығын колданатын, бастысы, басқару моделі мәнінің қалуы, ал оның ішінде: дағдарыс қүбылыстарының қарама-қайшы күшті іс-әрекетінің максималды мүмкін болатын ескертулер мен алдын-алуларды пайдалану және болып жаткан дағдарыс қүбылыстарымен белсе-не күресу.

Дағдарысқа қарсы басқарудың бүтіндігі барлық басқару бөлімшелерінің өзара іс-әрекетінің дәлдігімен, (немесе макродеңгейде мемлекеттік реттеу ор-гандары) дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасын жасаудан және іске асы-руда көрініс табады. Соңғы пункт болып дағдарысқа қарсы басқарудың ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады.               Біздің қөзқарас бойын-ша, дағдарысқа қарсы басқару проактивті әдісінің стратегиялық мақсаты, орнықты даму теориясы болып табылады, оның мәні дағдарыс құбылыстарын көре білу мен мүмкіндіктерінде көрініс табады, дағдарыс жағдайларына белсенді қайшы тұру, бірінші кезекте, профилактикалық және ескертпелі формаларын және әдістерін қолдану, ал мүмкіндігінше -кейбір дағдарыстардың пайда болу себептерін түп орнымен жою.

Дағдарысқа қарсы проактивті әдісті қолдану жағдайды толықтай шеш-пейді, бірақ жоғары табысты өндірістік - коммерциялық қызметте ішкі себеп-терден туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға қатаң шектеулер орнатады,

егер жоғары табыс табу коммерциялық және өзге тәуелділіктермен тура бай-ланыста болса. Әрине, басқа да әдістер болуы мұмкін (венчурлық опера-цияларды жүргізу), бірақ бұл мүқият дәлелденген бірыңғай шаралар болуы керек, әрине олар, үзақ мерзімді орнықты даму стратегиясының жалпы мәнін жоғалтпауы керек.

 

4-сурет, – Проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырудың концептуалды сызбасы

 

2 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ БАНКРОТТЫҚ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫСТАР, ОЛАРДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ

 

2.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы

 

              Қазіргі күнгі менеджмент әдебиеттерінде «ұйым» түсінігін кейбір шамамен негізделген, қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы жүйесіндегі құрылымдық бөлімше ретінде қарастырады [18,19,21]. Бүндай негіздің критериі болып, экономикалық өзбетіншілік, үйымдастырушьшық толықтылық (іпікі және сыртқы ортаның болуы), арнайы ақпараттық құрылымның болуы, бұл бөлімшеге жүмыстың жал-пынәтижесін бөлу мүмкіндігі.

Ұйым негізінде жеке фирма, кәсіпорын, кеңсе, акционерлік қогамды, банк, компания (сақтандыру, туристік және басқа), сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесіндегі қүрылымдық бірліктерді қарастырылуы мүмкін.

Информация о работе Банкроттықтың мәні және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару,курстык жумыс