Банктік карточкалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Описание

Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады

Содержание

Кіріспе
І. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы
ІІ. Банктік карточкалармен есеп айырысу
2.1 банктік карточкалар бойынша операциялар
2.2 есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Банктік карточкалар kursavoi.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)

Төлем карточканы ұстаушы  өзінің карточкалық шотынан бірнеше  минут аралығында банкомат арқылы жақындары  мен туыстарының карточкалық  шотына ақша аудару мүмкіндігі;

Корпоративтік төлем карточкалары

Корпоративті төлем  карточкасы келесі жағдайда қолайлы болып табылады:

Іс сапар және басқа  да шығындарды төлейді;

Кедендік төлемдер жүзеге асырылады;

Компанияның ағымдық  шаруашылық төлемдерді жүзеге асырады;

Авиа және темір жол  билеттерін сатып алуға мүмкіндік  береді;

Қолма – қол ақша алуға қолайлы;

Сіздің компанияңыздың басқа да төлемдерін жүзеге асырады;

Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы:

1.Уақытты үнемдеу:

Іс сапарды хаттаумен  байланысты құжат айналымын айтарлықтай  азайтады;

POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин);

2. Бақылау:

Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі;

Ай сайын карточкалық  шот бойынша көшірмелер алу;

Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі;

Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі;

3. Ыңғайлылық:

Жедел жағдайлар кезінде  қызметкерлер корпоративтік карточкаларды  қолдана алады;

Компанияның ағымдық  төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі;

Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді;

Пластикалық карточкалардың артықшылықтары:

Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз;

Жаңа ұсыныстар мен  мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр;

Қазіргі заман легіндегі  төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді;

Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз;

Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ;

       Visa төлем карточкаларының пайдасына бірнеше салмақ дәлелдер:

Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін Visa International ғаламдық төем жүйесінің  микропроцессорлық карточкаларының 68 миллион иесінің бірі болуға мүмкіндік;

Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады;

Visa карточкаларын әр әлемнің  түрлі елдеріндегі 820000 банкомет  пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды;

Қажеттілікке қарай ақшалай  қаражатты қарызға алу мүмкіндігі;

Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді;

Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді;

Шотыңызға бекітіліп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері;

Карточка қолма – қол ақшадан  гөрі қауіпсіздеу;

Авиабилетті, қонақ үйдегі бөлмені  күні бұрын алып қою және автокөлікті  жалға алу үшін Visa карточкасын  пайдаланыңыз;

Қауіпсіздік шаралары:

Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз;

Сатып алған заттарыңызға ақыны  төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің  қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз;

Чектерді сақтаңыз және карточкалық  шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем  жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз;

Сатып алудан бас тартсаңыз немесе чекті рәсімдеу кезінде қателер  жіберілген болса, онда бөлінген чекті  өзіңіздің көзінізше жоюды сұраңыз, ал екінші данасын өзіңізбен бірге  алып, бір ай ішінде сақтаңыз;

Отбасыңыздың мүшелерінің қосымша  карточкаларды қолданғанын бақылаңыз. Карточкаңыз бойынша және қосымша  карточкалар бойынша жүргізілген  барлық опреациялар бойынша сіз  толық жауаптылықта боласыз;

Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз;

Төлем карточкаңызхдың  барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып  алыңыз;

ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН –  кодыңызды басқа адмға соның  ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта  тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды  жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз;

Карточка операция жүргізу  кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде  адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;

Банктiк карточкаларды  колдану бойынша қатысты негiзгi субъектiлсрi: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйьмы, есеп айырысу банкi.

Банктік карточка эмитентi — бұл банктiк карточканы шыгарған және ұстаушыға бергсн несиелiк ұйым. Банктiк карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлга. Сауда ұйымы — заңды тұлга немссс жскс кәсiпкер, оларлың және эквайрсрдiц арасьндағы келiсiмге сәйкес, эквайрсрдiң тауар (кызмет) ұстаушыға банктік карточканы колданьп ксзсктi төлсу үшiн тапсырылған кұжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер -  банктiк карточканы колданып жургiзiлген операция бойынша сауда ұйьмдарымен есеп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретiн несиелік ұйым болып табылады.

Төлем ұйымы – төлем жүйесi шегiнде банктiк карточкалармен операция бойынша ережелердi бекiтетiн заңды тұлға болып табылады. Төлем жүйесi — анықталган түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтiн коммуникация және арнайы құрылғылар жүйесі. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендiретiн кызмег көрсету белгілсрінiң құқынаине болады. Төлем ұйымы сондай-ак тиiстi төлем жүйесiнің техникалык қалыптасуын камтамасьгз етедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. БАНКТІК КАРТОЧКАЛАРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ

 

2.1БАНКТІК КАРТОЧКАЛАР БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР

 

Visa төлем карточкалары

Бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкасын пайдалану сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттігінен босатады, ал бұл сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында қызмет көрсетудің ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Төлем карточкалары өзіңіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы  ақшаны тәулік бойы әрі жедел алуыңызға мүмкіндік береді. Карт-есепшоттың заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғалуы қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен карт-есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.

Сіз Карт-есепшотқа/карт-есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз. Сіз сенімді тұлғаларыңыздың  бірінің атына қосымша карточка ашып, оған өзіңіздің карточкалық  есепшотыңызды басқару құқығын бере аласыз. ЦентрКредит Банкінің халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карт-есепшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ, кез келген  қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді.

Картамен бірге біздің Дербес Сәйкестендіру Нөмірін (PIN-код) аласыз. Оны сете сақтап, ешкімге айтпаған жөн, қандай жағдай болса да ДСН үшінші тұлғаға жарияланбауы қажет. ДСН бойынша жүргізілген барлық операцияларға сіздің дау айтуға құқыңыз жоқ.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасау үшін картаны Visa төлем жүйесінің эмблемасы орналасқан кез келген сауда немесе сервис орындарында пайдалана аласыз. Visa карточкасы бойынша қызмет көрсететін кез келегн банкоматта немесе банк бөлімінен қолма-қол ақша ала аласыз. Төлем карточкасын пайдаланушылар несие лимитін ресімдеп, карточка бойынша несиеге есеп айырыса алады.

Эквайринг

Эквайринг (Acquiring) – пластикалық  карточкаларға қызмет көрсету, оған карточканың көмегімен жүргізілетін операциялар бойынша сауда және сервис мекемелерімен есеп айырысу  кіреді. Қазіргі сәтте Visa карточкасы бойынша қызмет көрсете алатын сауда және сервис мекемелерінің бүкіл әлем бойынша саны 18 миллионнан асты.

Төлем карточкасымен  тауарға/қызмет көрсетуге төлем  алу үшін мекемеге: ЦентрКредитБанкімен  Төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету туралы шарт жасау ғана жеткілікті. Пластикалық карточкалармен жүргізілген операциялардан түскен барлық түсім сіздің шартта көрсетілген есепшотыңызға салынады. Клиенттерге қызмет көрсету үшін пайдаланғыңыз келетін жабдықты таңдау.

Мекеменің қалауы бойынша  Банк механикалық импринтерлер (бұл  кезде Банк операцияны телефон арқылы жүргізуге рұқсат береді ) немесе Электрондық POS-терминалдар (операция жүргізуге автоматты түрде рұқсат беріледі) орнатады.

Қызметкерлеріңізге жалақы төлеу үшін «Жалақы жобасы» атты қызмет көрсетуді  пайдаланыңыз.

  • Жалақы жобасы касса мен инкассацияға қаражат шығындамай-ақ жалақы төлеудің балама тәсілі.
  • Жалақы жобасының аясында қызметкерлерге Visa Electron, Visa Classic және  Visa Gold халықаралық төлем карточкаларын ашылады.

Жалақыны карт-есепшотқа  төлеу бухгалтерлер үшін де, қызметкерлеріңіз үшін де ыңғайлы, себебі төлем жасаған сәтте олар бір- бірін іздемесе де болады. Жалақы Банк файлды алғаннан кейінгі 15-20 минуттың ішінде электрондық түрде аударылады. 

        Банк жалақы карточкалары  бойынша  Несие лимитін ұсынады, аталған  Несие лимиті болашақ жалақыңыздың кепілімен орташа айлық жалақыңыздың 120 % мөлшерінде есеп айырысуға мүмкіндік береді.

        Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы  қазақстандық карточка.  
Егер Сіз шоп-турға аттанатын, Қазақстан бойынша немесе шетелге жедел іссапарға, сондай-ақ демалуға баратын болсаңыз, Егер Сіз Card to card жүйесімен ақша аударуды, жалақыны карточкамен алуды, банкомат арқылы төлем жасауды қаласаңыз,Қазақстан Халық Банкі төлем карточкасын банкке келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Halyk Card карточкасының иелеріне стандартты карточка ұстаушыларға арналған мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.  
        Halyk Card карточкасын алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз. 
Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАНКІ НЕМЕСЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ АГЕНТІ

 

Есеп айырысу банкі  немесе есеп айырысу агенті — төлем  ұйымымен жасалған келiсiм негiзiнде эмитент пен эквайрлер арасындағы өзара есеп айырысуды жургiзетін несиелiк ұйым.

Банктiк карточканы ашу  үшiн клиент бекiтiлген нысандағы өтiнiштi  ұсынады және банк онымен келiсiм жасайды. Банктiк карточкалар негiзгi екi операцияны жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi: тауарларды (кьзметтi) төлеу және банкоматтар арнайы автоматгық құрылғылар немесе ҚАА

Информация о работе Банктік карточкалар