Банктік карточкалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:07, реферат

Описание

Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады

Содержание

Кіріспе
І. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы
ІІ. Банктік карточкалармен есеп айырысу
2.1 банктік карточкалар бойынша операциялар
2.2 есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Банктік карточкалар kursavoi.doc

— 215.00 Кб (Скачать документ)

— колма-кол ақша каржыларын алу. Казiргі кезде аталған операцияның екеуiн жүзеге асыратын карточкалар (әмбебап карточкалар) кең тараған, алайда тек колма-кол ақша каржыларын алуға немеса тек тауар немесе қызметтердi төлеуге негiзделген карточкалар да қолданылуда.

Банктiк карточкалар  екi негiзгi типте болады: кредиттiк және дебеттiк. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттiк карточкаларының дебеттiктен айырмашылығы операция жүргiзу технологиясына байланысты. Дебеттiк карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттiк карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшелiктерiне байланысты дебеттiк карточкаларды эмитенттер банктiк шотта бар қаржы қалдығы көлемiнде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелiк карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемiнде операция жүргiзуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжiрибеде бұл қарызшыға несиелiк желi ашу жолымен жүзеге асырылады.

Банктiк карточканы қолданып тауар немесе қызметтi төлеу кезiнде  ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассирiне бередi. Кассир авторландыру рәсiмiн өткiзуi керек, ол үшiн карточка эмитентгерi мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктiк шотының жағдайы туралы деректер базасы жургiзiледi. Авторландырудың негiзгi қызметi — карточка ұстаушының төлем қабiлетіне көз жеткiзу. Авторландыру екi әдiспен жузеге асырылады: дауыстык және электрондық.

Дауыстық авторландыру кезiнде кассир эквайрер-банкiнiң iс жүргiзу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесi деректердi хабарлайды: карточка нөмiрiн және оның әрекет ету мерзiмiн, операция сомасын және сауда ұйымының сәйкестендiрушiсiн (нөмiрiн). Эквайрердiң iс жүргiзу орталығының қызметкерi тиiстi төлем жүйесiнiң байланыс арнасы аркылы (электронды тәсiлмен, яғни берiлген деректердi компьютерлiк жүйеге енгiзу аркылы) эмитенттің iс жургiзу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетiлген тiзбек бойынша, бiр-ақ керi бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестендiретiн «авторландыру коды» хабарланады.

Электронды  авторландыру кезінде жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi сауда ұйымының кассирi арнайы кұрылғы — электрондык терминалға енгiзедi. Ол аталған деректердi эквайрердің iс жүргiзу орталығына жолдайды және ол автоматты режiмде тиiстi эмитенттiң iс жүргiзу орталығына бередi. Осы ретпен эмитенттің iс жүргiзу орталығы авторландыру кодын жолдайды.

Авторландыру, соның iшiнде дауыстық авторландыру белгiлi бiр уакыт мерзiмiн алады және сауда ұйымы қызметiнде қажетсiз болып табылады. Тиiстi телекоммуникацияны қолдану себептi авторландыру айтарлықтай қымбат тұратын рәсiм болып есептеледi, ол аз сомадағы операцияда өзiн ақтамайды. Сондықтан халықаралық төлем жүйесiнiц ережесi белгiленген лимиттен аспайтын сомадағы банктiк карточкалармен операциялар авторландыруды қолданбай жүргiзiлуiн қарастырады.

Көрсетiлген лимит әрекет етуi үшiн анықталған сауда ұйымы мен эквайрер банк арасындағы келiсiм бойынша тиiстi шарттар қарастырылуы керек. Халыкаралық төлем жүйесiнiң ережесiне сәйкес «лимитке дейінгi» сома операциялары авторландырылған эмитент болып саналады. Бiрақ сауда ұйымы карточканың әрекет ету мерзiмi аяқталмағанына және оның нөмiрi тоқтатым парағында (стоп-лист) — ұрланған немесе жойылған карточкалардың тiзiмiнде жоқ екендiгiне көз жеткiзуi тиiс.

Атап өтетiн жайт, дебеттiк карточкалармен операция сома көлемiне байланыссыз авторландыруға жатады, өйткенi шоттағы бар қаржы көлемiнде ғана катаң жүргiзiлуге тиiстi.

Авторландырудың заңдық мәнi, банктiк карточканы қолданып атқаруға ұсынылған құжаттарды эмитенттер мiндеттемесiнiң еркiн пайдаланылуына негiз болып табылуында. Аталған ереже авторландыру жүзеге асқандығын сол мезетте эмитентке хабарлап, ұзамай оған тиiстi есеп айырысу құжаттары ұсынылатындығын хабарлайды. Осындай ретпен авторландыруға құқылық факт статусын беру қалыптасқан қатынастарды көрсетедi.

Авторландыру өткiзу кезiнде эмитент авторландырылган сома көлемiнде ұстаушының ақшалай қаржыларын шектейдi. Аталған шектеу өткiзiлетін операциялар сомасын ұстаушыға төлеу бойынша эмитенттің талаптарын қамтамасыз етуге негiзделген. Егер авторландыру өткiзiлiп, кандайда бiр себептермен тауар толык ұсынылмаса, онда сауда ұйымы авторландыруды толықтай немесе жартылай қайтаруы тиіс.

Алайда егер авторландыру өткiзiлмесе және операция сомасы сауда ұйымы бекiткен лимитген аспаса, эмитент банктiк карточканы колданып құрылған кужаттарда корсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына жауапты.

Авторландыру өткiзiлген соң кассир карточка және импринтер көмегiмен слип деп аталатын арнайы түбiртектi құрады. Импринтер орнына электронды терминал қолданылуы мүмкiн. Бұл жағдайда тиiстi құжат электронды терминал түбiртегi деп аталады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес слип (электронды терминал түбiртегi) кем дегенде келесi деректерден тұруы тиiс:

— сауда ұйымының сәйкестендiргiштерi (нөмiрi);

— операция өткiзу күнi;

— операция сомасы;

— операция валютасы;

— операция эмитенттерi авторландыруды бекiтетiн код;

— банктiк карточка деректемелерi:

— карточка ұстаушының қолы.

Әдетте слип ұстаушыныц эмитент банкке сауда ұйымының операция сомасын төлеу тапсырмасын бiлдiредi. Сонымен қатар слип және электронды терминал түбiртегiне сауда ұйымы кассирiнiң қолы қойылады.

Банкоматтар - пластикалық карточкалармен операция жургiзу кезiнде қолма -қол акшаларлы инкассолайтын және беретiн банктiк автоматтар.

Банкоматтар келесі негiзгi операцияларды  жүзеге асырады:

1) шотындағы қалдыктар туралы клиенттердi хабардар ету;

2) қолма-қол ақша беру.

Осындай ретпен банкомат карточка ұстаушысына шоттың ағымды жағдайы туралы (соның шiнде қағаздағы шоттан жазбаны) ақпарат алуға мүмкiндк бередi, сондай-ақ бiр шоттан екiншi шотқа қаржы аудару операциясын жүргiзедi.

Банкоматқа операция жүргiзу үшiн кiру төлем карточкаларын  және банк клиенттерiнiң дербес сәйкестендiргiш нөмiрiн пайдаланып жүргiзiледi. Банкоматты баскаруды және оның жағдайын бакылауды қамтамасыз ету үшiн дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат акша қоймасы болғандыктан бақылау айрықша маңызды. Бүгiнгi күнi көптеген үлгiлерi оn-linе режiмiнде магниттi жолағы бар карточкалармен жұмыс iстеуге, есептеуге, сонымен бiрге смарт-картгармен оff-linе режiмiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылғылар да пайда болған. Банкоматтар ғимарат iшiнде, сондай-ақ көшеде де орналастырылып, тәулiк бойы жұмыс iстейдi.

Әр банкомат үшiн оның сақтық деңгейiне және үздiксіз жұмыспен қамту қажеттiлiгiне байланысты, бiр кезекте оныц сейфінде жинақталатын және сакталатын қолма-қол ақша лимитi белгiленедi.

Банкоматпен жүргiзiлетiн  операциялар есебi үшiн, банкоматтағы операциялар есебiнiң кiтабы жүргізіледі.

Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесiнде жүзеге асырылады. Тексергеннен кейiн кассир ақшаны кассетаға салады, кiлтпен жабады және пломб қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8,2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 7,7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97,9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі – 2,1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97,9% және 2,1% құраған болатын.

       2010  жылдың қантарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалардың қолдануымен транзакциялар  көлемі 44,6 млрд. теңге құрды (2009 жылдың өсіміне қарағанда 40,1 пайызын құрды). Бірақта Ұлттық Банк қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар көлеміің өсіміне қарағанда ( 33,9 пайыздан 40,6 млрд. теңгеге дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімін ( 2,7 есе 3,9 млрд. теңгеге дейін) қарастырды. 2010 жылдың қаңтарына транзакциялар саны 2,5 млн. транзакциясын құрды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың қаңтарына қарағанда 25,6 пайызға көбейді. Сонымен қатар, қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар санының өсіміне қарағанда ( 17,8 пайызға, 2,2 млн. транзакцияларға дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімі байқалады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер  банктердің дамып келуін  және олар бойынша  есеп айырысу операциялар  көлемінің  өсуін айқындайды. Алайда төлем карточкаларының нарығындағы жағдай, оның жедел өсуіне қарамастан мінсіз емес. Қазіргі уақытта төлем карточкаларын ең көп қолданатын тұлғалар Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл  жерлерде Республикада пайдаланатын POS – терминалдардың жартысы және 2/3  - тен астам карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындары орналасқан. Ал Қазақстандықтардың көпшілігінде карточкаларды қолдану мүмкіндігі шектелген. Бұл проблеманы шешу жолы, Республикамыздың күллі аумағында POS – терминалдар мен карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындарын орналастыру болып келеді. Ол өз кезегінде  банктік карточкалардың одан әрі жетілдіруіне ықпал етеді.

Банктік карточкалардың кең өріс алуы, олар бойынша  операциялардың қолайлығы мен басқа төлем  құралдарынан  артықшылығының көптен болуына байланысты. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлері оның мүмкіндіктерін кеңейтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 
    Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
  2. «Қазақстан    Республикасының    Ұлттық   банкі    туралы»    Қазақстан 
    Республикасыньщ заңы. 30.03.1995
  3. Мақыш     С.Б.     Коммерциялык    банктер    операциялары.     Алматы: 
    Издат Маркет, 2004ж.
  4. Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. (Перевод с английского 2-го 
    изд.-М:Дело,1999)
  5. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Алматы: Экономика, 1996ж.
  6. Сейткасымов Г.С. Банковское дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж.
  7. Орысша-қазақша    қазіргі    экономикалык    терминдердің   түсіндірме 
    сөздігі. /жауапты редактор: Досаев Қ.О./ Алматы: Экономика, 1999ж
  8. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1978ж.
  9. Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.
  10. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:

Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.

  1. Исин. С. Банковские услуги: проблемы оценки себестоимости и 
    ценообразования //Банки Казахстана. №7. 2004г.
  1. Банки Казахстана. №12, 1. -2003

13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004

  1. Қаржы-Қаражат^Финансы Казахстана. №6, 2003
  1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 
    2003ж.
  1. "Банковские технологии" 2003ж.
  2. Альянс Банктің 2004 жылгы есеп беруі
  3. Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 
    2005ж. стр.2
  1. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы 
    ұйымдарының жай-күйі туралы» 2 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша:

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Visa Halyk Card халықаралық төлем  карточкасы

Visa Virtuon халықаралық карточкасы

 

 


Информация о работе Банктік карточкалар