Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 20:42, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.
Өндірістің күрт құлдырауы, Қазақстандағы халық шаруашылығының бөлек салаларының жұмысын тоқтатуы инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің өсуіне және ең маңыздысы – шаруашылық субъектілері арасындағы нарықтық қатынастардың тұрақсыздығына, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырды.
Кіріспе................................................................................................................... 3
І. бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі................................................................. 4
1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.............................................. 4
1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі................ 7
ІІ. бөлім. Дебиторлық борыштардың құрамы
2.1 Күмәнді дебиторлық борыштар ................................................................. 13
2.2 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі................................................. 17
Қорытынды........................................................................................................... 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 20
1210 «Сатып алушылар
мен тапсырыс берушілердің
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 300000 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатылды. (соның ішінде 80000 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Дт: 7010 Сатылған өнімдердің
өзіндік құны
Кт: 1320 Дайын
өнімдер
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 420000 тг
Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 420000 тг
Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:
Дт: 1210 Алынуға
тиісті борыштар шоты
Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 500000тг
Кт: 1210 Алынуға
тиісті борыштар шоты
Жоғарыда екі
жақты жазудан көріп
Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақшалар» бөлімінің тиісті шоттары дебиттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебиттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 6030 «Сату шегерімі» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебиттелініп, 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, 3130 «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады).
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар – шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады.
Тауралрды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
Тұрақты баға келісімшартта көрсетліп, тауарларды төлеу кезінде қадағалаанды және өзгерістерге ұшырамайды. Инфляция жағдайында (ақшаның құнсыздануы), әсіресе келісімшартқа қол қою мен тауарды жеткізу арасындағы уақыт айырмашылығына байланысты сатушы теңгені арадағы есеп айырысуға тұрақты пайдаланған жағдайда теғңге құнының (бағамның) өзгеруіне байланысты тиімсіз (қиын) жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан келісуші жақьар бағаны тұрақты валюта түрінде белгілеуге тырысады. Бұл жағдайда тауардың жалпы валюталық сомасы анықталады және теңгедегі валюталық эквиваленті қайта санау тәртібі мен бағамы белгіленеді. Әр түрлі банктердегі бағамдар әр түрлі болғандықтан, бағам тауардың жеткізілген күніне, болмаса белгілі бір банктегі оның төлемі жүргізілген күніне таңдап алынуы мүмкін. Осындай кезде сатушы үшін тауардың белгілі бір сомасының немесе100% сомасының төлегендігі тиімді болады.
Тұрақсыз баға келісімшартқа отыру барысында тұрақты бағаны анықтау қиын болған жағдайда белгіленеді.
Мысалы: бағаға әсер ететін факторлар жиі өзгерген уақытта (кезде). Бұл жағдайда базистік (бастапқы) бағасы белгіленіп, оны есептеудің әдістері мен жағдайлары қарастырылады. Келісімшартта қосылған құн салығы көрсетілмейді, алайда шот-фактурада салықтың бұл түрінің болуы міндетті. Келісімшарттың басты элементі ретінде қаржылық жағдай саналады. Қаржылық жағдай есептеудің түрлерін, тәсілдері мен нысандарын анықтайды.
Кейбір жағдайларда
жабдықтаушы сатып алушыға
Вексель дегеніміз – ооынң иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялауқұралы болаотырып, вексель бағалы қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді.
Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетліген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады. Вексельдің жалпы түрін мына төмендегі суреттен көруге болады:
Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоты
Кт: 1210 «Алынуға тиісті борыштар» шоты
Ал вексель
бойынша сатып алушылардың
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 1210 «Алынған вексельдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Айта кететін бір жағдай көпетген уақыттарда вексельде көрсетліген сома бойынша пайызмөлшері жылдық мерзімге негізделеді. Мысалы: 500000 (бес жүз мың) теңгеге алынып және оған қоса жылдық 5 (бес) пайыз көлемінде төлем төлеу көрсетліген болды деп есептейік. Осы жағдайда біздің вексель бойынша алуға тиісті сомамыздың мөлшері былай есептеледі:
500000+500000*5%*6/12=500000+
Егер осы сомадағы вексель алты айға емес тоғыз айға жазылып берілген жағдайда алынуға тиісті сома мына санға тең болады:
500000+500000*5%*9/12=500000+
Жоғарыда қарастырылған мысалымыз бойынша бухгалтерлік жазуларымыз келесідей түрде жазылады:
А) вексель алынғанда
Дт: 1210 Алынған
вексельдер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 500000 тг
Ә) вексель бойынша сатып алушылардың борыштары есептелген пайыз сомасымен бірге өтелгенде
Дт: 1010 Ақшалар
шоты
Кт: 1210 Алынған вексельдер шоты 500000 тг
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
Борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы |
1210 |
3010 |
2 |
Тиеп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетіліген қызметке есептеліген қосылған құн салық сомасы |
1210 |
3130 |
3 |
Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасына шегерілді |
1610-1610 |
1210 |
4 |
Сатып алушы және тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома |
1030 |
1210 |
5 |
Сатып алушы және тапсырыс берушілердің борышы олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді |
1270-2150,4240 |
1210 |
6 |
Сатылған (тиеп жіберліген) тауар, өнім, көрсетліге қызмет үшін алынған вексель |
1280 |
1210,2120-2130 |
7 |
Сатып алушы және тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі |
1030 |
1280 |
ІІ. бөлім. Дебиторлық борыштардың құрамы
Сатып алушылар
мен тапсырыс беруші заңды және жеке
тұлғалардың төлем
Тікелей еспетен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетліген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылыдң соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады.
Егер сатып
алушының дебиторлық қарызы үмітсіз
қарыз ретінде есептен