Дебиторлық қарыздар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 20:42, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан -2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.
Өндірістің күрт құлдырауы, Қазақстандағы халық шаруашылығының бөлек салаларының жұмысын тоқтатуы инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің өсуіне және ең маңыздысы – шаруашылық субъектілері арасындағы нарықтық қатынастардың тұрақсыздығына, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................... 3

І. бөлім. Дебиторлық қарыздар есебі................................................................. 4

1.1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру.............................................. 4

1.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі................ 7

ІІ. бөлім. Дебиторлық борыштардың құрамы

2.1 Күмәнді дебиторлық борыштар ................................................................. 13

2.2 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі................................................. 17


Қорытынды........................................................................................................... 19


Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 20

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ фин учет.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

Дт: 1290 Күмәнді  қарыздар бойынша резевтер шоты

Кт: 1210 Алынуға  тиісті борыштар шоты

Бұрын есептен  шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :

Дт: 1030  «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты» 

Кт: 6010 Негізгі  емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады.

Мысалы: «ҚКК»  фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі  жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары  бойынша резерв  сомасы 50000 (елу  мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде  күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз соамсы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу мүмкін емесе.  Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:

    • Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызмет ітуралы беруде);
    • Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста)

Бұндағы бірінші  аталған әдістің мақсаты күмәнді  дебиторлық борыштар нәтижесінде туындаған  шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі де кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған  несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады.

Мысалы: «ҚКК»  фирмасының 2004 жылғы көрсеткіштері:

  • Сатылған тауарларының көлемі                                                  1000000 тг
  • Сатылған тауарларының қайтарылғаны                                     50000 тг
  • Сауда щегерімі                                                                               10000 тг
  • Күмәнді қарыздар бойынша резерв                                              8000 тг

Соңғы үш жылдағы «ҚКК» фирмасының күмәнді қарыздар

 

Жылдар

Сатылған тауарларының көлемі

2000

900000

2001

930000

2001

950000

Барлығы

2780000


 

«ҚКК» фирмасының бухгалтері бұл жылдардағы күмәнді  қарыздар бойынша пайыз мөлшері  орта есеппен 3,5% деп есептейді. Соған сәйкес 2004-жылғы «ҚКК» фирмасының күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:

(1000000-50000-10000)*3,5%=32900 тг

Осы табылған күмәнді  қарыздар соамыс бойынша «ҚКК» фирамсының бухгалтерлік есепті жыл соңында (2002 жыл) мынадай жазу жазады:

Дт:  7210 Жалпы және әкімшілік шығындары                                         32900 тг

Кт:  1290 Күмәнді  қарыздар бойынша резерв                                         32900 тг

Жоғарыдағы  сандарды есекере отырып, 2004 жылдың қаржылық  есебінде күдікті қарыздар бойынша резерв сомасының 40900 (қырық мың тоғыз жүз) теңгеге тең болатындығын білуімізге болады. Бұндағы 8000 (сегіз мың) теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 32900 (отыз екі мың тоғыз жүз) теңге есепті жылдағы сатлыған тауарлар бойынша күмәнді қарыдарға жасалынған (болжам бойынша) резерв  сомасы.

Жалпы күмәнді  қарыздар бойынша жасалынған қажетті  резерв сомасының мөлшерін анықтау  үшін мыналар қолданылады:

    • Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
    • Алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;

Осы атап өткен  екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:

«ҚКК» фирмасының 2004 жылғы  31 желтоқсанға алынуға  тиісті шоттарының сомасы (өлшем бірлігі  теңге)

Сатып

алушылар

Түсуге тиісті борыш

(барлығы)

Уақтылы түспегені

Бір тоқсан кешіктірілгеніЕкі  тоқсан кешіктірілгені

Үш тоқсан кешіктілгені

Төрт тоқсан кешіктірілгені

«Арал»

фирмасы

350000

 

150000200000

   

«Шалқар» фирмасы

250000

   

100000

150000

«НҰР» АҚ

500000

300000

100000

 

100000

Барлығы

1100000

300000

250000200000

100000

250000

Күмәнді борыш  пайызы

 

5

1020

30

50

Күмәнді борыш  бойынша резерв

 

15000

2500040000

30000

125000


 

оғарыдағы берілген мысалымызда «ҚКК» фирмасының алынуға  тиісті шоттарының сомасы қарастырылған. Яғни кестеде «ҚКК» фирмасының дебиторлы және олардың қарыз сомалары әрбір кезеңге бөлініп көрсетліген. Сондай-ақ бұл жерде фирманың алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген мерзімдеріне сәйкес күдікті борыш есептеуге арналған пайыз коэффициенті белгіленген. Яғни «ҚКК» фирмасы өздерінің сатқан тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін уақтылы есеп айырыспаған заңды немес жеке тұлғалардың қарыздарының, дер кезінде төленбеген сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің 20%, үшінші тоқсанда кешіктірлгендерінің 30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендердінің 50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар деп есептейді. Кестеден «ҚКК» фирмасының 2003 жылдың 31 желтоқсанына болжанған күдікті қарыздарының  мөлшері 235000 (екі жүз отыз бес мың) теңгеге тең екендігін көруімізге болады (15000+25000+40000+30000+125000). Егер «ҚКК» фирмасының күдікті борыштар бойынша резерв шотындағы сомасы жоғарыда табылған 235000 теңгеден артық немесе кем болса, бұрынғы жасалынған резервтер сомасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

 

    1. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

 

Кәсіпорындар  мен ұйымдарда басқадай операциялар  бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:

 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».

 1280 «Есептелген пайыздар».

1250 «Жұмысшылар  мен басқадай тұлғалардың борышы».

1280 «Өзге де  дебиторлық борыштар».

Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

«Алынуға  тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

    • Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

Кт: 1280 «Басқадай  несиелік борыштар мен аударымдар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы  жазылады.

1280 «Есептелген  пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ  салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

    • Жылдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

Дт: 1280«Есептелген  пайыздар» - деп аталатын шот,

Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

    • Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:

Дт: 1030 «Ақшалар»  шоттарының тиістілері,

Кт: 1280 «Есептелген  пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

1250 «Жұмысшылар  мен басқа тұлғалардың борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да  тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

    • Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары! Және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

Дт: 1250 «Жұмысшылар  мен басқа тұлғалардың борышы»  шоты

Кт:  4420 «Алдағы  кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазу жазылады.

    • Есеп беру тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта : материалдық активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы шот» кредиттелнеді.

 

Сонымен қатар  «басқадай дебиторлық борыш» шотында  төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы  барлық шаруашылық субъектілердегі  табыстар есептеу тәсілінен айқындайтындықтан  күдікті борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып  табылады және  борыштық өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалетрлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне сәйкес   күмәнді талаптар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде  қанағаттандыратын талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді дебиторлық борышты шотта көрсету қажет салыстыру принципі бойынша дебиторлық борыштың есепті кезеңді күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш  операциялық іс-әрекеттен болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді дебиторлық борыш күтілмесе, онда крістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер  талап етілмейді.

Қорыта келгенде, басқа да кредиторлық қарыздар мен есептесулердің есебі мына шоттарда жүргізіледі: 3350, 4150, 4160, 3360, 4250, 4230. Несие берудің басқа түрлері 4030 «Басқа да несиелер» шотында есебі жүргізіледі. 4030-шотында кәсіпорынның еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұмыстары мен қызметтері) және берілегн вексельдері есепке алынады. Кәсіпорын өз өндірісінң тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және  әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.

Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздарын басқара отырып, шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға, алдағы кезеңде инвесторларды осы кәсіпоырнның ісіне толықтай араласуға, жаңа нарықтық қатынастарға ие болуға,  шығындарды, кіріс пен табысты басқаруға мүмкіндік бар.

Информация о работе Дебиторлық қарыздар есебі