Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 18:44, курсовая работа
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Күмәнді қарыздарда бағалу үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиге стаудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
Осы атап өткен екінші әдісіміз бойынша мысал келтірейік:
«ҚКК» фирмасының 2004 жылғы 31 желтоқсанға алынуға тиісті шоттарының сомасы (өлшем бірлігі теңге)
Сатып
алушылар |
Түсуге тиісті
борыш
(барлығы) |
Уақтылы түспегені | Бір тоқсан кешіктірілгені | Екі тоқсан кешіктірілгені | Үш тоқсан кешіктілгені | Төрт тоқсан кешіктірілгені |
«Арал»
фирмасы |
350000 | 150000 | 200000 | |||
«Шалқар» фирмасы | 250000 | 100000 | 150000 | |||
«НҰР» АҚ | 500000 | 300000 | 100000 | 100000 | ||
Барлығы | 1100000 | 300000 | 250000 | 200000 | 100000 | 250000 |
Күмәнді борыш пайызы | 5 | 10 | 20 | 30 | 50 | |
Күмәнді борыш бойынша резерв | 15000 | 25000 | 40000 | 30000 | 125000 |
Жоғарыдағы
берілген мысалымызда «ҚКК» фирмасының
алынуға тиісті шоттарының сомасы қарастырылған.
Яғни кестеде «ҚКК» фирмасының дебиторлы
және олардың қарыз сомалары әрбір кезеңге
бөлініп көрсетліген. Сондай-ақ бұл жерде
фирманың алынуға тиіс шоттарының кешіктірілген
мерзімдеріне сәйкес күдікті борыш есептеуге
арналған пайыз коэффициенті белгіленген.
Яғни «ҚКК» фирмасы өздерінің сатқан тауарлары
мен көрсеткен қызметтері үшін уақтылы
есеп айырыспаған заңды немес жеке тұлғалардың
қарыздарының, дер кезінде төленбеген
сомасының 5%, бірінші тоқсанда кешіктірілгендерінің
10%, екінші тоқсанда кешіктірілгендерінің
20%, үшінші тоқсанда кешіктірлгендерінің
30%, төртінші тоқсанда кешіктірілгендердінің
50% мөлшердегі сомаларын күдікті борыштар
деп есептейді. Кестеден «ҚКК» фирмасының
2003 жылдың 31 желтоқсанына болжанған күдікті
қарыздарының мөлшері 235000 (екі жүз
отыз бес мың) теңгеге тең екендігін көруімізге
болады (15000+25000+40000+30000+
Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты арқылы жүргізілетін операциялар
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Күмәнді қарыздарға резерв жасалды | 7440 | 1290 | |
2 | Күмәндіқарыздар бойынша құрылған резерв сомасының есебінен дебиторлық борыш жабылды | 1290 | 1210, 1280,2150, 1630 | |
3 | Жыл соңында күмәнді қарыздар бойынша құрлған резерв сомасының артығы сторно етліді (қызыл сиямен) | 7440 | 1290 | |
4 | Сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып белгілібір уақыт өткеннен кеәін бұл қарыз сомасы өтелгенде (есептен осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе): | 1290 | 1210, 1280, 2150, 1630 | |
5 | Сатып алушының
дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз
ретінде есептен шығарылып |
1050, 1030, 1010, 1030 | 6160 |
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
«Шаруашылық веріктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінң қаржы-шаруашылық қызметінң бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және бріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) бірктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Меншіктің осы түрлерін айқындайтын анықтамалар азаматтық кодексте толық түрде көрініс тапқан (228-234 баптары). «Еншілес, тәуелді серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоттары мына шоттармен корреспонденцияланады:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт:
3130 « Қосылған құн салығы шоты»
түріндегі корреспонденция
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;
Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» деп
Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт:
1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы» деп
Еншілес,
тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың
дебиторлық борыштары олардан тауарлық-
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
№ | Операциялар мазмұны | Дт | Кт | Тип |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғаларға тиеп жіберілген тауарлар,
негізгі құралдар, материалдық емес
активтер, материалдар, көрсетілген
қызметтер:
|
2120-2130 2120-2130 |
3010- Шоттардың тиістілері 3130 |
|
2 | Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың берешек борыш |
1030 | 2120-2130 | |
3 | Ай соңында (аяғында) еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешек борыш сомасы олардың алашақ борышы есебінен жабылды. | 1270-2150 | 2120-2130 | |
4 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін жалға алушылардың берешек сомасы. | 2120-2130 | 6210 | |
5 | Келісілген бағасы бойынша ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар үшін есептелген пайыз (процент) сомасы. | 1270 | 6120 | |
6 | Алынған қарызға, кредитке есептелген пайыз сомасы | 1270 | 6120 | |
7 | Акция дивидендіне есептелген пайыз сомасы | 1270 | 6120 | |
8 | Есептелген дивиденд және пайыз ретіндегі борыш сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті. | 1030 | 1270 |