Дебиторлық берешек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 18:44, курсовая работа

Описание

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі

Содержание

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі

1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

1.2 Күмәнді дебиторлық

1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

Работа состоит из  1 файл

қаржылық есеп курсовая.doc

— 207.00 Кб (Скачать документ)
 

1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

    Кәсіпорындар  мен ұйымдарда басқадай операциялар  бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есптеледі:

     1280 «Алынуға тиісті қосылған құн  салығы».

     1280 «Есептелген пайыздар».

    1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың  борышы».

    1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».

    Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

    «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдар тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпарттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барылқ тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты стып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардың түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салқық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы сатлыған тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

    • Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

    Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»  шоты

    Кт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

    Дт: 1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»  шоты

    Кт: 1280 «Басқадай несиелік борыштар мен  аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

    1280 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген неізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ  салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

    • Жылдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

    Дт: 1280«Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

    Кт: 6120 «Акциялардың дивидендтері және пайыз  түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

    • Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:

Дт: 1030 «Ақшалар» шоттарының тиістілері,

Кт: 1280 «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    1250 «Жұмысшылар мен  басқа тұлғалардың  борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да  тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

    • Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары! Және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты

Кт:  4420 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

    • Есеп беру тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта : материалдық активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы шот» кредиттелнеді.
    • Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған  қарыз сомаларының қайтарылуы субъектіге кіріске алынғанда:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» шоты

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың  кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        7210  «Жалпы және әкімшілік шығындары»;

     8410 «Үстеме шығындар»;

    деп таталатын шоттардың тиістілері.

    Кт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың  борышы»  түріндегі екі жақты  жазу жазылады.

  • Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:

    Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

    Кт: 1310 «Материалдар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Құны акцептелген (төленген) тауарлы-материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түсенде олардың жетіспеушіліг мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

Кт:   6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

  • Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына:

    Дт:  1280«Басқадай дебиторлық борыштар»  шоты,

    Кт:  6310 «Тоқталынған операциялардан болатын  кірістер (зияндар)» шоты түріндегі  бухгалтерлік жазуы жазылады.

    Сонымен қатар «басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі. 

Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот Тип
1 2 3 4 5
1 Жұмысшылар  мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға 2150 1010  
2 Жұмысшылар  мен қызметкерлерге берілген банк несиелері 2150 3010  
3 Жұмысшылар  мен қызметкерлердің ұйымның  кассасына бұрын аванс ретінде  алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне 1010 2150  
4 Жұмысшылар  мен қызметкерлерге аванс ретінде  берліген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан  ұсталды 3430 2150  

Информация о работе Дебиторлық берешек