Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:41, лекция
Дебиторлық борыштар (қарыздар)-бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары.
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңінде шаруашылық қызметтегі объективті процес болып табылады.Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
тақырып: Дебиторлық борыштар есебін талдау.
Дебиторлық борыштар (қарыздар)-бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары.
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңінде шаруашылық қызметтегі объективті процес болып табылады.Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Дебиторлық борыштарды тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып отырады. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.Дебиторлық борыштардың жағдайын тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеудің материалдарын талдаудан бастау керек.
Талдаушы дебиторлық борыш қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айырысуларды талап етеді. Есеп айырысуларды түгендеудің нәтижесінде акт толтырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Мұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актыларына дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге тиісті. Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есеп үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар:
19 % және 68% құрайды.
Нақты жағдайларды ескеру қажет, мысалы, қайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:
. бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғала үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді;
. негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің борышты төлемеуі, кәсіпорынның
қаржы жағдайына әсер ете ме;
. қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борышты қалай бөледі;
. ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борыштағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;
. тұтынушының пайдасына жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құқы.
Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызы болып табылады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
Тәжірбие көрсеткендей, дебиторлық борыштардың мерзімі қаншалықты ұзақ болса оны қайтарып алу ықтималдығы соншалықты төмен болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін, оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.
тақырып: Баланс активінің құрастырылу көздерінің
құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген, бірақ оның мәні бір ғана- бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіз коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5 – о,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып, кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады. Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы банктер, несие берушілер меншіктік капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім- шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі.
Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қысқарғанын
көрсетеді
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады:
Мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффициенті;
Мк- меншікті капитал;
Қк- қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынынкөрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті < 1 болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар мақсатты бағыттағы активтерінің айтарлықтай үлес салмағы қаражаттар айналымы ұзақ капиталды көп қажет ететін кәсіпорындар үшін қарыз қаражаттарының үлесі 40-50% болуы олардың қаржылық тұрақтылығына өте қауіпті болуы мүмкін. Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Меншікті, қарыз және жалпы капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың құрылымын және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффицентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады. Қарастырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффиценті:
Кк/м = Тк Ө
Мұндағы: Кк/м- қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффиценті;
Кк- қатыстырылған капитал;
Мк-меншікті капитал
Бұл коэффицент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффиценті салалық ерекшелікткрге,
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының
айналу жылдамдығына байланысты болады.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып
табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Мұндағы : Ккт- қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ак- авансталған капитал;
Мк-меншікті капитал.
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірбиесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Тәжірбие жүзінде күрделі салымдарды қаржыландыру және негізгі құралдарды сатып алу үшін, меншікті капиталға теңестіріліп қосылатын, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар пайдаланылады. Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильды нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
Мұндағы: Кж-жұмсау коэффициенті
Ма.к-меншікті айналым капиталы
Мк-меншікті капитал.
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты ролі атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз кездерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды, ол мынандай формуламен есептеледі:
Мұндағы: Кк/к-тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті
Мак-меншікті айналым капиталы
Қтм-тауарлы-материалдық қорлар.
Қорлар мен шығындардың меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілудің қалыпты коэффициенті,меншікті қаражат көздерімен қажетті қорлар мен шығындарын, қалғандарын қысқа мерзімді қарыздармен жабу назарға алынып анықталады. Егер олардың мөлшері негізгі қажеттіліктен асып кетсе, онда меншікті айналым қаражаттары материалдық қорлардың бір бөлігін ғана жаба алады, яғни көрсеткіш <1болады. Керісінше кәсіпорынның материалдық қорлары үздіксіз жұмыс жасауға жеткіліксіз болғанда көрсеткіш >1болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін көрсетпейді.Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.