Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 19:41, лекция
Дебиторлық борыштар (қарыздар)-бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары.
Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңінде шаруашылық қызметтегі объективті процес болып табылады.Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағылық жағдайын оныңтұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;
4) дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.
ҚШ<Мак немесе Мак > ҚШ
Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді,яғни кәсіпорын сыртқы кредитолардан тәуелсіз болады. Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады:
Мак/ұз< ҚШ<НК
Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын туралы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі «қалыпты»-меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.
Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:
ҚШ > НК немесе НК< ҚШ
Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін қалыпты емес болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайына сәйкес келеді.
Тауарлы- материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.
Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.
Арнайы әдебиеттерде кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайға бұдан да басқаша жіктеу берілген.Оларды келесі атаулармен 4-топқа бөледі?
-қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
-қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
-банкрот кәсіпорындар;
Бұл кезде өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаражаттарды жұмсаудың келесі негізгі бағыттары бойынша қарастырылады:
1) қалыпты өндірістік-шаруашылық және ұдайы өндіру қызметін қамтамасыз ету;
2) ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар бойынша уақытылы есеп айырысулар;
3) кәсіпорынның дамуы бойыншакөлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа секторларын игеру, өндіріс көлемін кеңейту, өнім мен технологияның жаңа түрлерін игеру және т.б).
Қаражатты жұмсаудың осы бағыттарын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін негізге ала отырып, осы көзқарастың авторлары кәсіпорыннң қаржылық жағдайын бағалау және оны қайсыбір топқа жатқызудың өз әдістемесін ұсынады.
Егер кәсіпорынның қарамағындағы қаржы ресурстары осы үш функцияны да орындауға мүмкіндік берсе, онда оның жағдайын жақсы деп бағалау керек. Ал егер қаражат алдыңғы екі функцияны да орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкрот болуға (құлдырауға) жақын.
тақырып:Тәуелділік коэффициенті.
Тәуелділік коэффиценті-қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы үлесін зерттейді. Авансталған капиталдағы қарыз үлесі неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын қаржыландырудың сыртқы көздері көбірек тәуелді болады. Есептеу формуласы:
Таратылған капитал / жиынтық капитал немесе 1-Кн
Қолайлы мәні: 0,4-0,5.