Депозитарлық қолхаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 23:26, реферат

Описание

депозиттік қолхаттар шығарылымы

Работа состоит из  1 файл

депозитарлық қолхаттар.docx

— 26.80 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТІРЛІГІ 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

«________________________________» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 
 
 
 

Тақырыбы: _______________________________________________________ 
 
 

Тексерген: ___________________

Орындаған: __________________

Мамандық: _______________

Курс:____________________  
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ

  1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар
  2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу
  3. Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

   Қазақстан депозитарлық қолхаттары құжатсыздандырылған  нысанда шығарылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және айналысы бағалы қағаздар рыногында сауда-саттық ұйымдастырушының ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды орталық депозитарий жүзеге асырады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының осы Ережеде реттелмеген бөлік бойынша айналысы Қазақстан Республикасының заңдарымен эмиссиялық бағалы қағаздарға арналған тәртіппен жүзеге асырылады. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрады. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу жаңартылған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу жаңартылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарын: 

   1) Қазақстан Республикасының бағалы  қағаздар рыногында кастодиандық  қызметті жүзеге асыруға лицензиясы  бар; 

   2) акциялары Қазақстан Республикасының  аумағында жұмыс істейтін қор  биржасының жоғары санаттағы  ресми тізіміне кіретін; 

   3) Қазақстан Республикасы заңдарының  талаптарына сәйкес ұйымдастырылған  тәуекелдерді басқарудың және  корпоративтік басқарудың жұмыс  істеп тұрған жүйелері бар  Қазақстан Республикасының резиденттері  заңды тұлғалар шығарады.

     Базалық активтің эмитенті Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  оффшорлық аймақтардың тізбесіне  енгізілген аумақта тіркелген  заңды тұлға не осындай заңды  тұлғаның аффилиирленген тұлғасы  болып табылмауы тиіс.

   Базалық активтің эмитентінің немесе қазақстан  депозитарлық қолхаттары шығарылатын  базалық активтің «ВВ-»-дан («Standard & Poor's» немесе «Fitch Rating Ltd» халықаралық  рейтинг агенттіктерінің жіктеуі  бойынша) немесе «Ва3»-тен («Moody's Investors Service»  халықаралық рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен болмайтын  рейтингтік бағасы болуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын  шығару, орналастыру, айналысы және өтеу. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар
 

   Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару және айналысы процесінде эмитент:

   1) орталық депозитарийді қазақстан депозитарлық қолхаттарына қатысты меншіктеу құқықтарын есепке алу және растау жөніндегі өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін оған қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді;

   2) базалық активтің эмитенті қызметінің мониторингі және қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға, сауда-саттық ұйымдастырушыға және бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының құқықтарын және мүдделерін қозғайтын немесе әсер ете алатын ақпаратты оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен ұсынуды;

   3) егер қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару проспектісінде көзделсе немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының тиісті сенімхаттары негізінде базалық актив эмитентінің жалпы жиналыстарында қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  эмитенті уәкілетті органға, орталық депозитарийге және сауда-саттық ұйымдастырушыға базалық активті жою және базалық активтермен мәмілелерді тіркеуді тоқтату, тоқтата тұру туралы шұғыл түрде хабарлайды.

    1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының

шығарылымын мемлекеттік тіркеу

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент уәкілетті органға:

   1) өзінің толық атауын және орналасқан жерін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірін және берілген күнін көрсете отырып қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын тіркеуге өтінішті;

   2) қазақстан депозитарлық қолхаттары  шығарылымының осы Ереженің  1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін;

   3) эмитенттің қазақстан депозитарлық  қолхаттарын шығару шешімін;

   4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  базалық активінің эмитенті тіркелген елдің және қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активін шетелдік бағалы қағаздар рыногына жіберу бойынша және базалық активте депозитарлық қолхаттарды шығару бойынша қандай да болмасын шектеулердің жоқ екені туралы ресми құжаттары;

   5) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  эмитенті мен орталық депозитарий арасында жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға шарттың көшірмесін;

   6) шетелдік есеп ұйымындағы орталық депозитарийдің шотындағы базалық активтің болуын және олардың қазақстан депозитарлық қолхаттары айналысының барлық кезеңінде оқшаулануын растайтын құжаттарды;

   7) орталық депозитарий мен қазақстан  депозитарлық қолхаттарының эмитентінің  шетелдік есеп ұйымымен жасаған, оның есеп жүргізу операцияларын жүзеге асыруға лицензияны тоқтата тұру, оны қайтарып алу, тоқтату, қолдануды жаңарту немесе көрсетілген функцияларды басқа шетелдік есеп ұйымына беру туралы, сондай-ақ базалық активпен мәмілені тіркеуді тоқтата тұру (жаңарту) және тоқтату немесе базалық активтің шығарылымын жою туралы мәліметтерді орталық депозитарий мен қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне ұсынуы туралы шарттың көшірмесін;

   8) базалық активтің эмитентін тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

   9) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  базалық активі шығарылымының тіркелгені туралы куәландыратын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның келісу (бекіту) туралы белгісі қойылған қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы проспектісінің көшірмесін (немесе оны ауыстыратын құжат);

   10) базалық актив эмитентінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есебінің көшірмелерін;

   11) базалық актив эмитентінің халықаралық  аудит стандарттарына сәйкес жасалған, соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебінің шынайылығын растайтын аудиторлық есептің көшірмесін;

   12) Қазақстан Республикасының аумағында  жұмыс істейтін қор биржасының қазақстан депозитарлық қолхаттарын сауда жүйесіндегі айналысқа жіберу мүмкіндігі туралы қорытындысын ұсынады.

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және оның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар олар ұсынылған күннен бастап отыз күн ішінде қаралады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде уәкілетті орган осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес шығарылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді және эмитентке шығарылым проспектісінің оны тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын қайтарады. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне шығарылымды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту жібереді. 
 

    1. Қазақстан депозитарлық қолхаттары

шығарылымының проспектісі

     Проспектінің сыртқы парағында: 

   1) құжаттың атауы: «Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісі»;

   2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес эмитенттің толық атауы;

   3) базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі және санаты, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің ресми толық атауы;

   4) проспектіні бекіткен эмитент органының атауы бар Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісін бекіту туралы жазба, бекітілген күн, уәкілетті тұлғалардың қолдары және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мөрінің таңбасы;

   5) «Қазақстан депозитарлық қолхаттары  шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған қазақстан депозитарлық қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшін жауап бермейді. Уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестілігін ғана қарады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауап береді және онда берілген барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және қазақстан депозитарлық қолхаттарына, олардың базалық активіне не қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттеріне және базалық активіне қатысты жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды» деген жазба;

   6) Қазақстан депозитарлық қолхаттары  эмитентінің лауазымды тұлғалары және уәкілетті өкілдері және оның проспектіні жасауға жауапты консультанттары туралы мәліметтер болуы керек.

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  эмитенті туралы ақпарат:

   1) эмитенттің жарғысына сәйкес  оның толық және қысқаша атауы;

   2) эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің күні және нөмірі;

   3) эмитенттің почталық (оның ішінде электрондық) мекен-жайы және оның лауазымды тұлғаларының байланыс телефондары;

   4) банктік деректемелері.

     Базалық активтің эмитенті туралы ақпарат:

   1) эмитент орналасқан ел, ұйымдық-құқықтық  нысаны;

   2) оған қатысты қолданылатын және ол қолданатын заңдар, оның ішінде ол шығарған барлық бағалы қағаздардың айналыс шарты бойынша;

   3) барлық тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлімет;

Информация о работе Депозитарлық қолхаттар