Депозитарлық қолхаттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 23:26, реферат

Описание

депозиттік қолхаттар шығарылымы

Работа состоит из  1 файл

депозитарлық қолхаттар.docx

— 26.80 Кб (Скачать документ)

   4) дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген акционерлер туралы мәлімет;

   5) негізгі қызмет түрлерін сипаттау және қаржы-шаруашылық қызметтің соңғы үш жылдағы нәтижелерін талдау.

   4. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының  шығарылымы туралы ақпарат:

   1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  саны;

   2) бір қазақстан депозитарлық қолхатына келетін бағалы қағаздардың саны;

   3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  бастапқы орналастыру кезіндегі орналастыру бағасы, оны белгілеудің тәртібі;

   4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  айналыс мерзімі;

   5) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  ұстаушыларға берілген құқықтар, осы құқықтарды жүзеге асыру тәртібін нақты сипаттау;

   6) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  ұстаушылардың базалық активінің  эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында олардың дауыс беру мүмкіндігі және тәртібі;

   7) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  ұстаушыларға базалық актив бойынша дивидендтер немесе сыйақылар төлеу тәртібі;

   8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  өтеу немесе сатып алу тәртібі;

   9) базалық актив жойылған жағдайда  қазақстан депозитарлық қолхаттарын  ұстаушыларына шығындарды өтеу  тәртібі; 

   10) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  ұстаушыларына, сауда-саттық ұйымдастырушыға уәкілетті органға қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті ұсынатын ақпаратты беру.

     Базалық актив туралы ақпарат:

   1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының  базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, үлгісі, санаты, бірегейлендіру нөмірі туралы мәлімет;

   2) базалық активтің айналыс мерзімдері;

   3) базалық актив бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымы туралы мәлімет;

   4) базалық активті ұстаушылардың құқықтары;

   5) базалық актив бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және төлеудің тәртібі;

   6) базалық актив эмитентінің ол шығарған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді немесе сыйақыларды уақтылы төлемеу жағдайлары және осындай жағдайларда эмитент қандай шараларды қолданғаны туралы мәлімет;

   7) листингтің санатын көрсете отырып базалық активтің листингі жүргізілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы;

   8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын  шығару туралы шешім қабылданған күнге базалық активтің рыноктық бағалары.

     Андеррайтердің (эмиссиялық синдикаттың  қатысушыларының), маркет-мейкерлердің, брокердің атауы, орналасқан жері, телефондары немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қызметкерлерінің қазақстан депозитарлық қолхаттарын сатып алу үшін инвесторлар өтініш жасай алатын телефондары және аты-жөндері.

   Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының  проспектісіне қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттары проспектісінің әрбір данасы тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ҚОРЫТЫНДЫ

   Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру  қорытындылары туралы есепті қарау  үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының  эмитенті шығарылымды мемлекеттік  тіркеген күннен бастап әрбір алты ай аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарын  орналастыру аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде уәкілетті органға  мынадай құжаттарды ұсынады:

   1) еркін нысанда жазылған өтініш;

   2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есепті екі данамен;

   3) орталық депозитарийдің қазақстан  депозитарлық қолхаттарының эмитентінің  шоты бойынша есепті күнге  орналастырылған және орналастырылмаған  қазақстан депозитарлық қолхаттарының  саны туралы мәліметтер бар  үзінді-көшірмесін.

   Егер  есепті кезең ішінде қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, эмитент уәкілетті  органға бұл туралы, орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесімен расталған жазбаша  хабарлама береді. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтелгеннен кейін бес күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

   1) еркін нысанда жазылған өтініш;

   2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті екі данамен;

   3) орталық депозитарийдің есепті күнге өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны туралы мәліметтер бар үзінді-көшірмесін.

   Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап он төрт күн ішінде қарайды.

     Қазақстан депозитарлық қолхаттарын  орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарағаннан кейін уәкілетті орган эмитентке есепті қарау туралы хабарлама жібереді және қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есептің немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есептің уәкілетті органның оны қарау туралы белгісі қойылған бір данасын қайтарады. 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Бағалы қағаздар нарығы Көшенова Б.А. Алматы 2010
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430
    3. Қаржы-экономикалық сөздік / Ред. Басқарған Ә. Әбішев. – Алматы:                          Экономика, 2007. – 720 б. 
    4. .   Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.

Информация о работе Депозитарлық қолхаттар