Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 10:24, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының теориясы
1. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуы -----------4
1.1 Инвестициялық меншік түсінігі--------------------------------------------------4
1.2 Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі---------------4-5
1.3 ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамалар-------------------------------------------------------------------------------5-8
II бөлім. Инвестициялық меншікті тану және шығынын есепке алу әдістері----------------------------------------------------------------------------------------9
2. Инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау--------------------------9-10
2.1 Шығындар бойынша есепке алу әдістері---------------------------------10-20
III бөлім. ҚЕХС 40 қолдану және күшіне ену талаптары-----------------21
3. ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары--------------------------------------------------------------------------------21-25
3.1 ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары -----------------------------------------------25
3.2 «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру --------------------26-27
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------28-29 Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------30
(а) әртүрлі аумақта орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің портфелін қалыптастыру нәтижесіндегі қосымша құнды;
(b) инвестициялық жылжымайтын мүлікті және басқа да активтер арасындағы синергетикалық әсерді;
(d) қазіргі кездегі ағымдағы меншік иесіне тән салықтық жеңілдіктерін немесе салықтық ауыртпалығын.
50 Әділ құн бойынша есеп үлгісі бойынша инвестициялық жылжымайтын мүліктің баланстық көрсеткішін анықтау кезінде ұйым баланста жекелеген активтер немесе міндеттемелер ретінде танылған активтерді немесе міндеттемелерді қайта есепке алмайды. Мысалы:
(а) лифтілер және ауа айдау жүйесі сияқты жабдықтар көбінесе үйдің ажырамас бөлігін құрайды, сондықтан ол, әдетте, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнына кіреді, бірақ жеке негізгі құрал ретінде танылмайды.
(b)
егер жиһаздалған кеңсе жалға
өткізілетін болса, әдетте, кеңсенің
әділ құнына жиһаздың әділ
құны қосылады, өйткені жалдық
ақы жиһаздалған кеңсе үшін
алынады. Жиһаздың құны
(с) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнына операциялық жалдау шарты бойынша алдын-ала төлем немесе есептелген кіріс қосылмайды, өйткені ұйым бұл баптарды жеке міндеттемелер немесе активтер ретінде таниды;
(d) жалдау шарты бойынша иелікте тұрған инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құны ақша қаражаттарының күтілетін қозағлыстарын көрсетеді (өтелетін болады деп күтілетін шартты жалдық төлемді қоса алғанда). Тиісінше, егер жылжымайтын мүліктің алынған бағалауы жүзеге асырылуы күтіліп отырған барлық төлемдер шегеріле отырып анықталса, әділ құн бойынша есеп үлгісі бойынша инвестициялық жылжымайтын мүліктің баланстық көрсеткішін табу үшін, танылған жалдық міндеттемені кері қосу қажет.
51 Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құнында объектіні жаңарту немесе жетілдіру мақсатындағы алдағы күрделі шығындар, сондай-ақ алда болатын осындай күрделі шығындардан болашақта алынатын экономикалық пайдалар көрсетілмейді.
52 Кейбір жағдайларда ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты келтірілген төлемдер құны (қаржы есептілігінде көрсетілген міндеттемелер бойынша төлемдерден басқа) тиісті ақшалай түсімдердің келтірілген құнынан асып түсетінін күтеді. Ұйым осындай міндеттемені тану немесе танымау туралы, сондай-ақ оларды бағалау әдістері туралы шешім қабылдаған кезде 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер (IAS) ХҚЕС қолданады. Әділ құнды сенімді анықтаудың мүмкін еместігі.
53 Ұйым инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын әрдайым жеткілікті түрде сенімділік дәрежесінде анықтай алады деген теріске шығаруға болатын жорамал бар. Алайда, ерекше жағдайларда, инвестициялық жылжымайтын мүлікті бірінші рет сатып алған кезде (не қолда бар жылжымайтын мүлік қолданылу мақсаты өзгергеннен кейін алғаш рет инвестициялық жылжымайтын мүліктің мәртебесіне ие болған кезде) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын ұйымның әрдайым сенімді түрде анықтай алмайтыны белгілі болатын жағдайлар болады. Бұл жағдай салыстырмалы нарықтық операциялар сирек жүзеге асырылатын және әділ құнның басқа (мысалы, дисконтталған ақша ағыны жоспарларына негізделген) бағаларына қол жеткізу мүмкін болмағанда ғана, және тек осы жағдайда ғана орын алады. Егер ұйым құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлік әділ құны сенімді түрде анықтау мүмкін еместігін анықтаса, бірақ жылжымайтын мүліктің әділ құнын құрылыс аяқталғанда сенімді түрде анықтауға болады деп күтсе, ұйым сол құрысылы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлік, оның әділ құнын сенімді түрде анықтау мүмкін болғанша немесе құрылыс аяқталғанша (қайсысы ертерек),өзіндік құны бойынша бағалауы тиіс. Егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлік (құрылысы жүріп жатқаннан басқасының)әділ құнын әрдайым сенімді түрде анықтау мүмкін емес екендігін анықтаса, ұйым сол инвестициялық мүлікті 16 (IAS) ХҚЕС-ындағы құнның есеп үлгісін қолданып бағалауы тиіс. Инвестициялық жылжымайтын мүлік қалдық шамасы нөл болады деп болжамдалуы тиіс. Ұйым 16 (IAS) ХҚЕС-ын инвестициялық жылжымайтын мүлік нвестициялық жылжымайтын мүлік сатылғанға дейін қолдануы тиіс.
53А Бұрын өзіндік құны бойынша бағаланған, құрылыс жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болғанда, ұйым сол мүлікті оның әділ құнымен бағалауы тиіс. Сол мүліктің құрылысы аяқталғанда, оның әділ құны сенімді түрде анықталады деп саналады. Егер бұлай болмаған жағдайда, 53 тармаққа сәйкес, мүлік жөнінде 16 (IAS) ХҚЕС-ындағы құнның есеп үлгісін қолданып есеп беріледі.
53В Құрылыс жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын сенімді түрде бағалауға болады деген болжамды тек бастапқы тану кезінде жоққа шығаруға болады. Құрылыс жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлік нысанын әділ құнымен бағалаған ұйым құрылысы аяқталған инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын сенімді түрде анықтау мүмкін емес деген ұйғарымға келе алмайды.
54 Ерекше жағдайларда, ұйым, 53 тармақта айтылған себеппен, инвестициялық жылжымайтын мүлікті 16 (IAS) ХҚЕС бойынша құнның есеп үлгісін қолданып бағалауға мәжбүр болғанда, ол өзінің барлық басқа инвестициялық жылжымайтын мүліктерін, құрылыс жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлікпен қоса, әділ құнымен бағалайды. Осы жағдайларда, ұйым құнның есеп үлгісін тек бір инвестициялық жылжымайтын мүлікке қолдана алса да, ұйым қалған жылжымайтын мүліктердің әрқайсысы жөнінде әділ құн үлгісін қолданып есеп беруді жалғастыруы тиіс.
55 Егер ұйым бұрын инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін әділ құн бойынша өлшеген ретте, ол осы объектіні әрі қарай да, ол істен шығып қалғанға дейін (немесе осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болатын, немесе ұйым объектіні әдеттегі шаруашылық қызмет барысында кейіннен сату мақсатымен қайта құра бастаған кезге дейін), тіпті нарықтағы салыстырмалы операциялардың саны қысқаруына және нарықтық бағаларға қол жетпеуіне қарамастан, әділ құн бойынша өлшегені жөн.
Нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісі:
57. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің санатына ауыстыру немесе осы санаттан шығару қолданылу мақсаты өзгерген кезде ғана, және тек осы жағдайда ғана жүргізіледі, атап айтқанда:
(а) инвестициялық жылжымайтын мүлік иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік санатына ауыстырылған кезде жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланудың басталуы;
(b) инвестициялық жылжымайтын мүлікті босалқыға ауыстыру кезінде сату мақсатымен қайта құрудың басталуы;
(с) иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік санатынан инвестициялық жылжымайтын мүлікке ауыстыру үшін иеленуші орналасатын кезеңнің аяқталуы;
(d) босалқылардан инвестициялық жылжымайтын мүлікке ауыстыру үшін, басқа тарапқа операциялық жалға берудің басталуы;
58.
57(b)-тармаққа сәйкес ұйым
60. Объектіні әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлікке иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік немесе босалқылар санатына ауыстырған кезде, 16 (IAS) ХҚЕС немесе 2 (IAS) ХҚЕС сәйкес кейіннен есепке алу үшін оның арналу мақсатын өзгерту күнгі жағдай бойынша оның әділ құны осы объектіге шыққан нақты шығындар ретінде қаралуы тиіс.
61. Егер иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауысса, ұйым объектінің арналу мақсаты өзгеретін күнге дейін 16 (IAS) ХҚЕС ережелерін қолдануы керек. Ұйым 16 (IAS) ХҚЕС бойынша жылжымайтын мүліктің баланстық құны мен жоғарыда аталған күнгі жағдай бойынша оның әділ құны арасындағы айырманы 16 (IAS) ХҚЕС сәйкес қайта бағалау сияқты ескеруі керек.
62.
Иесі-орналасқан жылжымайтын
(і) Көбеюдің сол жылжымайтын мүліктің алдыңғы құнсыздану залалын өзгертуінің дәрежесіне қарай, көбею пайда немесе шығын арқылы танылады. пайда немесе шығын арқылы танылған сома, ешқандай құнсыздану залалы танылмағанда, анықталар (амортизация шегерілген) баланстық құнды қайта қалыптастыруға қажет сомадан аспайды.
(іі) Көбеюдің кез келген қалған бөлігі басқа толық табыс арқылы танылады және үлес ішіндегі қайта бағалау кірісін көбейтеді. Кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік шығарылып тасталғаннан соң, үлеске кіргізілген қайта бағалау кірісі таратылмаған табысқа өтуі мүмкін. Қайта бағалау кірісінен таратылмаған табысқа өткізу пайда немесе шығын арқылы жасалмайды.
64.Объектіні босалқылардан әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүліктің санатына ауыстырған кездегі есеп тәртібі босалқыларды сатудың есеп тәртібіне сәйкес келеді.
65.Ұйым өз бетінше салынған әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы немесе қайта құрылуы аяқталған кезде, аталған күнгі жағдай бойынша жылжымайтын мүліктің әділ құны мен оның баланстық құны арасындағы айырма пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.
66. Объект істен шығып қалғаннан кейін оған байланысты экономикалық пайда алу болжанбайтындай болып істен шығып қалған немесе пайдаланудан біржола алып тасталған жағдайда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін тану тоқтатылуы тиіс (ол баланстан есептен шығарылады).
67. Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің істен шығуы сату немесе қаржылық жалға беру арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық жылжымайтын мүлік істен шыққан күнін анықтау үшін ұйым 18 (IAS) ХҚЕС баяндалған тауарлар сатудан алынған кірісті тану өлшемдерін басшылыққа алуы және 18 (IAS) ХҚЕС қосымшадағы тиісті ұсынымдарды ескеруі керек. 17 (IAS) ХҚЕС қаржылық жалгерлікке беру және кері жалгерлік шартымен сату жолымен істен шығуына қатысты қолданылады.
68.Егер 16-тармақта баяндалған тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің бір бөлігін өтеу құнын активтің баланстық құнында таныса, ол алмастырылған бөліктің баланстық құнын тануды тоқтатады. Нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдалана отырып ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік жағдайларда алмастырылған бөлік жеке амортизацияланған бөлік бола алмайды. Егер ұйым үшін алмастырылған бөліктің баланстық құнын анықтау мүлдем мүмкін болмаса, онда ол алмастыратын бөліктің құнын ол сатып алынған немесе салынған кездегі алмастырылған бөліктің құнының көрсеткіші ретінде пайдалана алады. Әділ құн бойынша есеп үлгісіне сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құны алмастырылуы тиіс объектінің бір бөлігі өз құнын жоғалтып алу фактісін көрсетеді. Кейбір жағдайларда объектінің бір бөлігі ауыстырылған кезде оның әділ құнын қай сомаға кеміту қажет екенін анықтау қиынға соғады. Объектінің бір бөлігін алмастырған кезде оның әділ құнын кемітудің баламасы, егер мұндай қадам мүлдем мүмкін болмаса, алмастыру құнын активтің баланстық құнына енгізу, содан кейін объектінің бөліктерін алмастыруды талап етпейтін жаңа сатып алулар үшін талап етілгендей әділ құнды қайта бағалауды жүргізу болып табылады.
Информация о работе ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандарты