Халықаралық валюта жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:41, курсовая работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы

Содержание

1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3

3

Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

halykaralyk_valyuta_zhuyesi_zhne_valyuta_bagamy.doc

— 204.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі Қазақстан Республикасынын ХВҚ жарғылық капиталындағы квотасын 62 100000 СДР мөлшеріне дейінгі сомаға вексель шығаоүлы камтамасыз етүі кажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Валюта бағамы: негізгі түсініктер

 

 

2.1 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар

 

Валюта - бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады .Влюта тауарының бағасы - валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы. Валюта бағамының негізгі рөлі:

1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға айырбасталу кажеттілігімен ;

2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;

Фирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.

Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :

- валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;

- елдің төлеу қабілеттілігі;

- төлем балансының сальдосы ;

- инфляция.

Бұлардың ішіндегі маңыздылары:

- инфляция екпіні;

- пайыздық қойылымның өзгеруі ;

- елдің төлем балансы ;

- ұлттық табыс ;

- жағдаятты факторлар .

Инфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.

Пайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.

Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.

Сондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді.  Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.

Ұлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.

Жағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

 

2.2 Валюта бағамын реттеу құралдары

 

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :

- валютаның еркін айналымдағы бағамы ;

- тағайындалатын валюта бағамы.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :

- түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.

- табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.

- бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты  болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы  арзан тауарларын  түлынуға  тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.

- салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.

- алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында :

1 Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;

2 Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар ;

3 Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.

Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.

Еркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:

- белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

- сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.

- түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді.

 

 

Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске

қарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:

- резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.

- сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.

- валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.

- ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

Сонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.

Валюталық шектеулер - бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.

Девальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.

Ревальвация - ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.

 

 

2.3  Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау

 

              Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде  қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік мөлшер мен есептік ставканы  өзгерту болып саналады.

Резервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына  қақысы  жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей отырып  монетарлық биліктер  елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.

Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік  мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы  бөлігіндегі  резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен  кезде  ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта бағамы төмендейді.

Есептік ставканы өзгерту тетігі де соған ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие алуға деген коммерциялық банктердің ықыласын төмендетіп, яғни  елдегі ақша ұсынысын азайтады, сондықтан  төмендеу оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.

Валюта нарығының және бағалы қағаздар нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп және бұл процес үлкен шығынды талап ету жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда, сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда, батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде және шетел мемлекеттерінің валюталық девиздерін тарту бойынша операцияларда проблемалар туындайды.

Алайда резервтік активтерді қолданған кезде шешім қабылдаудың шекараларын анықтайтын бірқатар факторларды есепке алу қажет. Ондай факторларға мыналар жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері, өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша шектеу, резервтік қаржының құрылымына мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.

Қазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру  теңгенің, валюта бағамының  ауытқуын  шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге  асырылады.

Алтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану  мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.

Еркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.

Республиканың төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі  қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде  алтын-валюта авуарларының өзгерісінің жағдайын көрсетеді.  Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге  резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін,  өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.

Информация о работе Халықаралық валюта жүйесі