Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:41, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы
1
1.1
1.2
2
2.1
2.2
2.3
3
Кіріспе
Халықаралық валюта жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Халықаралық валюталық қор
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамын реттеу құралдары
Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау
Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Сондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.
Валюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.
Мемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.
Валюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.
Валюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары.
Абсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.
Валюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық келісімдермен рәсімделеді.
Валюталық саясатты жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.
Қазақстаннң Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілер үшін жағымды бәсекелестік ортасын сақтауға бағытталған саясатын жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы отырысында теңгенің айырбастау бағамы ауытқуларының дəлізін жою жəне 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өту туралы шешім қабылданды.
«Басқарылатын өзгерудің пайдасына валюталық дəлізден бас тарту теңгенің, қажет болған жағдайда, теңбе-тең, экономика үшін «қолайлы» деңгейде нығаюына, алтынвалюта активтерін ұлғайтуға жəне валюта нарығындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды», - деп өз шешімдерін өткен отырыстың мүшелері басым бөлігі негіздеді.
Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға жəне халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде
енгізілген валюталық дəліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған əлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы жəне төлем балансының жай-күйі себепші болды.
Соңғы бір жарым жылда мұнай, металдар жəне астықтың əлемдік бағаларының өсу үрдісі байқалып отыр. Нəтижесінде ішкі валюта нарығындағы шетел валютасы ұсынысының ұлғаюы теңгенің нығаю жағына қарай айырбастау бағамына қысым көрсетіп отырды. Қазақстан
ұсынысын қысқарта отырып жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайта отырып, ішкі нарықта айтарлықтай көлемде шетел валютасын сатып алуда.
Мəселен, егер 2010 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нығаюын алдын алу мақсатында нарықта 2,0 млрд. АҚШ долларын сатып алса, тек ағымдағы жылдың қаңтарында жəне ақпанында ғана 4,5 млрд. АҚШ долларына жуық сатып алды, бұл өткен жылдың жылдық көлемінен екі еседен астам көп.
Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке түлғалар үшін);
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке түлғалар - шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент жэне резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уэкілетті органы берген КҮЖЖ коды берілгенін растайтын құжат (Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген заңды түлғалар үшін), егер осы құжат бұрын үсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде түрмағаны туралы қүжаты, егер осы қүжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;
- валюта шарты;
- Ережедегі көзделген жағдайлардағы лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлігі;
- мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);
- міндеттемелердің орындалғанын растайтын немесе, не соның негізінде орындалуы қажет қүжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша).
Мәміленің жағдайларын нақтылау және оның. қатысушыларын жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай қүжаттарын ұсынады.
Резидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін қүжаттарды және мэліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Ереженің 7-тармағының екінші абзацында, 8 және 10 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді.
Резидент лицензия жэне (немесе) тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай қүжаттардың түпнүсқасын жэне көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Ереженің 69-тармағында көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына нотариалды куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін үсынуға рұқсат етіледі.
Резидентте хабарлама туралы куэлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бүл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша жүргізілген операциялар туралы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.
Тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны. резиденттің банктік шотына ол тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді.
Қорытынды
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.
Жалпы, курстық жүмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Халықаралық валюта жүйесінің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен бірге Халықаралық валюта қордың ақша - несие саясатының түрлері қарастырылды.
Осы бөлімде Халықаралық валюта қордың қажеттілігінің мәні, мазмүны ашылды. Халықаралық валюта қордың жэне Қазақстан Республикасының арасындағы келісімдер қарастырылып, бұл келісімдердің шарттары анықталды..
Екінші бөлімде, валюта бағамына, оның көлеміне әсер ететін факторлар және осы факторлардың валюта бағамына әсер ету көлемі маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар әр фактор жекелей талқыланып, талдалды деген қорытындыға келуге болады. Талдау нәтижесінде осы осы факторлардың, атап айтқанда инфляция екпіні, елдің төлем балансы, үлттық табысы, жағдаятты факторлар, валюта бағамына тікелей немесе жанама және қандай көлемде әсер тигізетіні анықталды деп ойлаймын.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің қызмет етуін қамтамасыз ететін шаралар анықталып, талқыланды. Статистикалық мәліметтер көрсетілген.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіне тоқталдық. Оның пайда болуының алғышарттары, жүргізелетін саясатының негізігі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді. Сонымен қатар валюта жүйесін реттеу жолдары қарастырылды.
Курстық жүмыстың жазылу барысында жэне тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
1 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы / Ә.Әбдіманапов. бас. Алматы. Евразия, 2005. 230 б.
2 Байгужаева Ж.Н. Сборник методических рекомендаций по применению международных стандартов финансовой отчетности / Алматы: 2006 ж 132 б.
3 Бакирова І. Ізденіс / Алматы, 2000 ж189 б.
4 Бухгалтерлік бюллитені, № 22, 2005 ж 16 б.
5 Ғабдуллин Т.Ғ. Бухгалтерлік есептің салалық ерекшелігі / Т.Ғ.Ғабдуллин бас. Алматы:Ғылым 2004 ж 556 б.
6 Ғабдулин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп / Өңделіп және толықтырылып -ші басылым. Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002 656б.
7 Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова бас. Алматы: Жеті жарғы, 2003 240 б.
8 Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж 4 б.
9 К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж 564 б.
10 Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.
12 Тактамысова Д. А. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту. – М.: Экзамен, 2006 ж. – 58 б.
13 Хамитов Н. Н. «Банк ісі» «Экономика», Алматы – 2006 ж. – 49-55 б.
14 Шамрай И. Н. Ақша, несие, банктер : Оқу құралы / И. Н. Шамрай,
29