Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:27, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2010 жылы айтқандай: «Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
2.3 Қазақстандағы инфляцияның
тигізген әлеуметтік-
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді. /6, 133б./
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді. 1 кестеде Қазақстан Республикасындағы 2009-2010 жылдард айлардағы инфляция қарқыны көрсетілген.
1-кесте. Қазақстан Республикасындағы
2009-2010 жылдар айлардағы инфляция
2010 жылдың қазанына |
2010 жылдың қантар -қазанына 2009 жылдың қаңтар-қазанына | |||
2010 ж қыркүйегіне |
2009ж желтоқсанына |
2009 ж қазанына | ||
Бралық тауарлар мен қызметтер |
4,4 |
13,4 |
15,3 |
9,2 |
Азық түлік тауарлары |
6,5 |
18,6 |
21,2 |
9,5 |
Азық түлік емес тауарлар |
2,5 |
7,3 |
8,4 |
7,3 |
Ақылы қызметтер |
4,2 |
11,9 |
13,3 |
11,0 |
Ескерту – Кесте Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметтері негізінде құрылған |
2-кесте- 2010 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/.
Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті [12, 3б].
Төмендегі кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2008 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2009 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды. Қазақстанның халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген.
2-кесте. Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері, млн. АҚШ долл.
Жылдар | ||||||||
Көрсеткіштер |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Резервтік активтер |
2007 |
2096 |
2508 |
3141 |
4962 |
9280 |
7070 |
19113 |
Жалпы сыртқы қарыз |
12081 |
12685 |
15157 |
18251 |
22920 |
32946 |
43539 |
73455 |
Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, % |
17 |
17 |
17 |
17 |
22 |
28 |
16 |
26 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз |
1805 |
1021 |
1366 |
2360 |
3771 |
3941 |
8020 |
7253 |
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер үлесі, % |
111 |
205 |
184 |
133 |
132 |
235 |
88 |
264 |
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, % |
-1.41 |
2.00 |
-6.28 |
-4.16 |
-0.88 |
1.34 |
-0.97 |
-2,3 |
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % |
175 |
123 |
148 |
157 |
153 |
145 |
142 |
177 |
Ескерту – Кесте Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметтері негізінде құрылған |
1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа дейін осы көрсеткіш
Қазақстанға қарағанда елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының
үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.
Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2004 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.
Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі ұлғайтады [13, 5б].
Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.
Долларға қарағандағы теңге бағамының
төмендеуі бағаның инфляциялық өсуінің белсенді
факторы болды, өйткені импорттық тауарлар
Қазақстан тұтыну нарығының жартысын құрады.
Импортталатын инфляцияның
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 2003-14,3%, 2004-9,8%,20056,4% құрайды. 2006 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2007 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады [14, 4б].
Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында көрініс табатын теңге бағамын білдіреді, ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Екінші деңгейлі банктер жүргізген белсенді
несие саясаты ақша көлемінің өсімін және
соған сәйкес айналымдағы қолма-қол ақшаның,
ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін туындатты.
2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға өсті. Еңбекақының өсуі елдегі экономикалық
Белсенділіктің артуымен айқындалады. Экономиканың бюджеттік
секторындағы еңбекақы
өсуінің артынша басқа
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің өсуі 2010 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (3 кесте).
3 кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.
Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат
көздеріне әлемдік бағаның жоғары болуымен
байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының
3-кесте. ҚР-ның кезең
Жылдар | ||||||||
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Қаржылық база (резервтік ақшалар) |
126749 |
134416 |
174959 |
208171 |
316962 |
577841 |
662971 |
1501500 |
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % |
55,7 |
6,0 |
30,2 |
19,0 |
52,3 |
82,3 |
14,7 |
26,5 |
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) |
103486 |
106428 |
131175 |
161701 |
238730 |
379273 |
411813 |
600800 |
М1 |
162115 |
195442 |
224234 |
287293 |
411646 |
680632 |
799401 |
874502 |
М2 |
237260 |
290643 |
337980 |
498071 |
692844 |
1175491 |
1515962 |
1754861 |
М3 (ақша жиыны) |
273880 |
397015 |
576023 |
764954 |
971213 |
1650115 |
2065340 |
3716000 |
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы |
84,4 |
45,0 |
45,1 |
32,8 |
27,0 |
69,9 |
25,2 |
79,9 |
Ескерту – Кесте
Қазақстан Республикасының |
Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді.. Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды. Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары 4 кестеде көрсетілген.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл аяғында (2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылы 8,4%-ды (2009 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады.
4-кесте. Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары
Жылдар |
ЖІӨ іс жүзіндегі бағада, млрд теңге |
Жыл аяғындағы МЗ, млрд тенге |
ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, % |
1995 |
1014,2 |
115,7 |
11,4 |
1996 |
1415,8 |
135,0 |
9,5 |
1997 |
1672,1 |
173,0 |
10,3 |
1998 |
1733,3 |
148,5 |
8,6 |
2003 |
2016,5 |
273,9 |
13,6 |
2004 |
2600,0 |
397,0 |
15,3 |
2005 |
3250,6 |
376,0 |
17,7 |
2006 |
3747,2 |
764,9 |
20,4 |
2007 |
4449,8 |
969,9 |
21,8 |
2008 |
5542,5 |
1650,1 |
29,8 |
2009 |
6867,0 |
1881,3 |
27,4 |
2010 |
9738,8 |
3716,0 |
38,2 |
Ескерту – Кесте Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметтері негізінде құрылған |
Информация о работе Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары