Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:18, курсовая работа
Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.
Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Кіріспе..................................................................................................................3
I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 “Ислам Даму банк” жүйесінің тарихы..........................................................5
1.2 “Ислам Даму банкінің” Басқармасы.............................................................6
1.3 “Ислам Даму банкінің” Қазақстанда пайда болуы......................................7
II. “ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері...............................................................8
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің негізгі типтері.....................................12
2.3 “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау........................................16
2.4 Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері..............21
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер....................................................................25
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы..............................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................29
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 “Ислам Даму банк” жүйесінің
тарихы........................
1.2 “Ислам Даму банкінің” Басқармасы....................
1.3 “Ислам Даму банкінің” Қазақстанда
пайда болуы.........................
II. “ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері....................
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің
негізгі типтері.......................
2.3 “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын
талдау........................
2.4 Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері..............21
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер.......................
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.
Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр, экономикалық алпауыт елдердің де нарығына етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық несиелер арқылы дамитын банктер өздері қызмет етіп жатқан қаржы секторында жаңа жүйенің белсенді түрде нық қадам басып келе жатқанын аңғарды.
Исламдық банк жүйесі
жоқ елдерде тұратын
Әлемдік банк жүйесі бөлген барлық займның ¾ бөлігіне жуығы ХДРБ – не беріліп, шамамен жылына 15 млрд. доллар құрайды. Осы іс шара үшін қаржы нарығының мөлшері деңгейінде процент алынады ХДРБ –ның несиесінің көзін: халықаралық қаржы нарығынаан қарыз алу және банктің өз капиталы, сондай – ақ оның табысы құрайды: [2,95б]
- аса дамыған елдер Әлемдік даму ассоциациясы тарапынан жылына 5 млрд. доллардай процентсіз займдар алуға міндетті;
- халықаралық қаржы
корпорациясы жеке сектор
- жан – жақты
инвестиция кепілдігі
Курстық жұмыстың мақсаты - “Ислам Даму банк” АҚ қаржылық жағдайын, жұжыс істеу принцепін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- “Ислам Даму
банк” туралы жалпы
- “Ислам Даму банкінің” қызметтерін
талдау;
- “Ислам Даму
банк” қаржылық жағдайын
-“Ислам Даму банк” жүйесінін принцептерін талдау;
-Қазіргі кездегі ислами
- ''Сукук'' ислами құнды қағаздары (облигация) туралы анықтама беру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1.“Ислам Даму банк” жүйесінің тарихы
Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды.Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.
Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 жылы Египетте жергілікті экономист Ахмад әл-Наджардың бастамасымен құрылады. Оның пайда табуының 3 көзі болды: 1) Зекетті басқару, 2) мемлекеттік сақтандыруды басқару, 3) мемлекеттік қарызды басқару. Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды. 1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, жабылып қалады. Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің сенімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.
Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясындағы Джидде қаласында орналасқан. Аймақтық кеңселері үшеу, олар - Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Банктің құрылтайшылары Ислам конференциясынын ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мын акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны халықаралық валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы -16,6%, Ливия - 6,7%, Кувейт - 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Мальдик Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.
1.2.“Ислам Даму банкінің” Басқармасы
Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылғы керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкі ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған %-ы сайланады.
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды.
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жанадан сайлауға түседі.
Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорлардың Басқармасынын шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.
Ресми банк тілі - араб тілі, ал қарым-қатынас үшін ағылшын және француз тілдері болып табылады.
Шариғат принциптеріне сәйкес, ИДБ-не мүше емес елдердегі мұсылман қауымдары мен мүше -елдердің экономикалық дамуы мен әлеуметтік прогресіне қолдау көрсету болып табылады.Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған.
Ислам Даму Банкі (ИДБ) аймақтық қаржы ұйымы, халықаралық дамуды қаржыландыратын және Ислам Мемлекеттері Министрлерінің 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) өткен Бірінші Конференциясында жарияланған және Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған Ниет туралы Декларацияға сәйкес бекітілген болып табылады. [16,40б]
ИДБ қызметін 1975 жылғы 20 қазанда бастады.
ИДБ мақсаты Шариғаттың
қағидаттарына сәйкес ИДБ мүше елдерінің
және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық
дамуына және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету болып табылады. Мүшелерінің
құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің
ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан
1.3.“Ислам Даму банкінің” Қазақстанда пайда болуы
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда Джидда қаласында қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады.
1997 жылғы тамызда Алматы қаласында ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймағында орналасқан ИДБ мүше елдері және мұсылман қоғамдастықтары үшін аймақтық офисі ашылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды.
1999 жылы мамырда Ислам
Даму Банкінің Вице-
1999 жылғы 12-14 қазанда
Алматы қаласында Қазақстан
1995 жылдан Қазақстанда ИДБ жұмыс істеп келеді.
Банк 2000 - 2003 жылдары Астана қаласында өз кеңсесін ашу, Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б. жобаларды қаржыландырған.
Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды. 1999 жылы мамырда Ислам Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға сапары болды. 1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына кіретін жобалардың тізбесін қабылдау болып табылады.
2012 жылдың 23 және 26 сәуірі
аралығында ҚРҰБ Ислам Даму
Банкі тобына кіретін Ислам
тренинг және зерттеулер
2012 жылдың қыркүйек
айында ҚРҰБ Ислам Даму Банкі
мен Халықаралық валюта
II. “ИСЛАМ ДАМУ
БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері
Шариғат заңдарын орындау – Исламдық банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. Исламдық банктердің негізгі шариғаттық прициптеріне тоқталамыз.