Ислам банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:18, курсовая работа

Описание

Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.
Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3


I. “ИСЛАМ ДАМУ БАНК” ЖҮЙЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 “Ислам Даму банк” жүйесінің тарихы..........................................................5
1.2 “Ислам Даму банкінің” Басқармасы.............................................................6
1.3 “Ислам Даму банкінің” Қазақстанда пайда болуы......................................7

II. “ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ” ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Ислами банк жүйесінің прициптері...............................................................8
2.2 “Ислам Даму банктік” өнімдерінің негізгі типтері.....................................12
2.3 “Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау........................................16
2.4 Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері..............21

III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ИСЛАМИ БАНКТЕР
3.1 Қазіргі кездегі ислами банктер....................................................................25
3.2 Ислам Әріптестік Ұйымы..............................................................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................29

Работа состоит из  1 файл

ислам даму банк by me.doc

— 245.50 Кб (Скачать документ)

· Шариғат ережелері  мен ұстанымдарына сәйкес келу;

· Банк депозиттің негізгі  сомасы мен Мұдараба пайдасына кепілдік бермейді;

· Шотта, инвестициялық  пулды қоса алғанда, кіріс (банк оған кепілдік бермейді) немесе шығыс пайда болуы мүмкін;

· Депозит белгілі  бір мерзімне салынады. Депозиттер кем дегенде 12 айлық мерзімге салынуы  мүмкін;

· Депозиттің ең төмен  сомасы 5 000 АҚШ доллары немесе оның басқа валютадағы баламасы;

· Депозитті ашу үшін Клиенттің ағымдағы шоты болуы тиіс.

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленті       (мың теңге)

 

 

2010

 

2011

Абсолюттік шама өзгерістері

өсу қарқыны (%)

Кассадағы ақша қаражаттар

 

886391

 

1152928

 

266537

 

30,1

ҚРҰБ шотындағы ақша қаражаттар қалдығы

 

752755

 

2055269

 

1302514

 

173,0

Басқа банктерге «овернайт» орналастыру және корреспонденттікшоттар.

Ел ішінде

1717

18352

16635

968,8

Шек сыртында

341097

534766

193669

56,8

Ақша қаражаттары және олардың эквивалентінің қортындысы

 

1981960

 

3761315

 

1779355

 

89,8


 

Ақша қаражаттары –  бұл ақшаға жеңіл айналатын, банк ақшаларының қолма-қол және қолма-қолсыз нышанындағы шоғырландырылған, банктің  төлем қаблеттілік көрсеткіші. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленті  өсімі толығымен 89% құрады. әсіресе  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шотындағы ақша қаражатының қалдығы баб бойынша өсу 752755 мың теңгеден 2055269 мың теңгеге дейін байқалады.

Банк кірісінің өсуі есебінен кассадағы ақша қаражаттар 30%-ға өсті.

Банктік жүйе және қолма-қолсыз төлемнің дамуына, және де банк клиенттерінің көбеюіне байланысты ел ішінде корреспонденттік шот сомасы 2010 жылы 1717 млн. теңгеден, 2011 жылы 18352 млн. теңгеге дейін өсті, яғни 968,8%.[23,75б]

                                                                                3 кесте

Басқа да активтер         (мың теңге)

 

 

2010

 

2011

Абсолюттік шама өзгерістері

өсу қарқыны (%)

Алдын-ала төлеу және қызмет негізі бойынша дебиторлық қарыз.

 

544644

 

711484

 

166840

 

30,6

Материалдық емес активтер

 

80435

 

59681

 

-20754

 

-25,8

 

53799

56662

2863

5,3

Пластикалық карточка бойынша  дебиторлық қарыз

 

21596

 

12891

 

-8705

 

-40,3

Бағалы металдар

704

822

118

16,8

басқалар

40987

38864

-2123

-5,2

Құнсызданудан резервті есептеп шығару

 

(4071)

 

0

 

4071

 

-100,0

Басқа активтер қортындысы

 

738094

 

885343

 

147249

 

19,9


 

Алдын-ала төлем және негізгі қызметтер бойынша саудалық дебиторлық қарыз құрамына бас банктің  кеңселік ғимаратын 125,727 мың теңге  мөлшерінде болашақта сатып алуға  алдын-ала төлем сомасы қосылған, және осы дебиторлық қарызға кепілдік мүлікті өткізуге саналатын 280,000 мың теңге сомасы қосылған.

2011 жылы 31 желтоқсан айында басқа активтердің бағалау құны 285,343 мың теңгені құрады (2010 жылы 738,094 мың теңге). [24,84б]

Негізгі қаражаттар –  ұзақ мерзімді аммортизацияға иеленетін, біршама цикл мерзімде өндіріске қатысатын, ұзақ мерзім қолданатын өндіріс қаражаты. Негізгі қаражаттар көлеміне өзінің құны түрінде, ақшалай көріністе аударылады.

Негізгі қаражаттардың  келіп түсуі және кетуі келесі пункттер бойынша талданады: ғимараттар, кеңселік және компьютерлік құрылғылар, транспорттық қаражаттар .

Қаражаттың көпшілігі  компьютерлік құрылғыларға және кеңселік құрылғыларға 71768 мың теңге бөлінген, кетуі 7113 мың теңге.

Жаңа филиалға ғимараттар алуға 35744 мың теңге жұмсалған. Транспорттық қаражатқа 2011 жылы 17895 мың теңге бөлінген, кетуі 10135 мың теңгені құрады. Негізгі қаражат құнының қалдығы 2011 жылы 31 желтоқсанда 688588 мың теңге құрады.

Сонымен табыс пен  шығындарға көшейік:

Шығын – банк активтер жиынтығының азаюы.

Табыс – банктің жалпы активтік сомасының өсуі.

Пайыздық табыс және шығын талдауы – банктің тиімді жұмыс істеуін көрсетеді. Бұл  банктік ресурстарды тиімді басқыруы, және де Қазақстан Республикасының  экономикасының толығымен дамуы. Банкаралық қызметтің төмендеуінің беталысы бар – бұл банктың қаржы ресурсын қайта бөлу нәтижесі. 2011 жылы басқа банктер қаражаты 43,3% төмендеді, ал корреспонденттік шоттары 72,1%. Бұл басқа баланс бабтарының өсуіне әкеледі. [25,66б]

 

2.4 Ислам банктерін  құрудың және оның қызметінің  ерекшеліктері

52-1-бап. Ислам банкінің  қызметіне қойылатын талаптар

Ислам банкінің процент  түрінде сыйақы алуға, инвестициялық  депозитті қайтаруға немесе ол бойынша  табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік  өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.

Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.

 

52-2-бап. Исламдық қаржыландыру  принциптері жөніндегі  кеңестің  қызметі

1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржылан­дыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.

2. Исламдық қаржыландыру  принциптері жө­ніндегі кеңес  директорлар кеңесінің ұсынысы  бойын­ша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.

3. Ислам банкінің операцияларын  жүргізудің жалпы талаптары туралы  ережені, Ислам банкінің ішкі  кредиттік саясаты туралы ережені  исламдық қаржы­ландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.

4. Егер осы Заңда,  ислам банкінің жарғысында немесе  ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кре­диттік комитетінің  ислам банкінің ішкі кредиттік  саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру прин­цип­тері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.

 

52-4-бап. Ислам банкінің  жарғысына қойылатын қосымша  талаптар

Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:

1) ислам банкі қызметінің  мақсаттарын;

2) ислам банкінің тұрақты  жұмыс істейтін органы - исламдық  қаржыландыру принциптері жөніндегі  кеңестің міндеттерін, функцияларын  және өкілеттік­терін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.

 

52-5-бап. Ислам банкінің  банк операциялары және өзге  де операциялары

1. Мына операциялар:

1) жеке және заңды  тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

2) жеке және заңды  тұлғалардың инвестициялық депозиттерін  қабылдау;

3) банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

4) кәсіпкерлік қызметті  мынадай түрде қаржы­ландыру:

коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде  сауда қызметін қаржыландыру;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;

5) лизинг (жалдау) талаптары  бойынша инвестициялық қызмет;

6) ислам банкінің банк  операцияларын жүргізу кезіндегі  агенттік қызмет ислам банкінің  банк опера­цияларына жатады.

2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақша­ла­рын­да көзделген  банк операцияларын ислам банкі  меншікті ақша­сы және (немесе) инвестициялық  депозиттерге тартылған ақша  есебінен жүзеге асырады. Бұл  ретте, ислам банкі және (немесе) инвестициялық депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік құқығын алады, ал ислам банкі ортақ үлестік меншіктің қаты­сушы­сы және (немесе) ортақ үлестік меншікке жата­тын мүлікті басқаруды жүзеге асыратын сенім­герлікпен басқарушы болады. Ислам банкі сенім­герлікпен басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жылжы­майтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтардың мемлекеттік тіркелуін, көлік құралдары­ның және өзге де жылжымалы мүліктің тіркелуін қамтамасыз етуге құқылы. Ислам банкі сатып алынған мүлікке ортақ үлестік меншік қатысушыларының есебін жүргізеді.

3. Ислам банкі, егер  жарғыда осындай көзделсе, мына  операцияларды:

1) факторингтік операцияларды:  төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушыдан төлемді талап ету құқықтарын сатып алуды;

2) форфейтингтік операцияларды  (форфейтинг­теуді): тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алушының  борыштық міндеттемесін сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу жолымен төлеуді қос­пағанда, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талап­тарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабында көздел­ген банк операцияларын және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес  осы Заңның 30-бабында көзделген  банк опера­ция­ларының және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген  талаптарға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.

 

52-6-бап. Ислам банкінің депозиттері

1. Талап етуге дейінгі  процентсіз депозит шарты бойынша  ислам банкі клиенттің ақшасын  процент түрінде сыйақы төлеуді  немесе төлеуге кепілдік беруді  көздемейтін талап етуге дейінгі  банктік салымға қабылдауға және  клиент талаптарының түсуі бойынша депозитті немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттенеді. Ислам банкінің процентсіз депозит туралы шартына ол бойынша сыйақы төлеу туралы талаптарды қоспағанда, банктік салым туралы шарттың ережелері қолданылады.

2. Инвестициялық депозит  туралы шарт бойынша ислам банкі клиенттің ақшасын оларды номиналды түрде қайтару кепілдігінсіз белгілі бір мерзімге қабылдауға, олар бойынша табысты инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны пайдалану нәтижесіне байланысты төлеуге міндеттенеді. Ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шартына ақшаны пайдалану және қайтару тәртібі, клиенттің және ислам банкінің құқықтары мен міндеттері, сенімгерлікпен басқарушының - ислам банкінің сыйақыны айқындау және есептеп шығару тәртібі бойынша осы бапта көзделген ерекшеліктері бар мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарттың ережелері қолданылады.

Инвестициялық депозит  туралы шартты жасасу кезінде ағымдағы банк шоты ашылуы мүмкін.

3. Инвестициялық депозит  туралы шарттың талаптарында  сенімгерлікпен басқарушының - клиенттің сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының ақшасын басқарғаны үшін сыйақысының мөлшері, ақшаны қайтару мерзімі мен тәртібі, ақшаны пайдаланудан келген залалдар тәуекелдері және өзге де талаптар айқындалуға тиіс.

4. Ислам банкінің сыйақысы инвестициялық де­по­зит бойынша ақшаны пайдаланудан түскен табыс есе­бі­нен ғана сыйақы төленуі мүмкін болатын талап бойынша инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдалану­дан алынған табыс бөлігі түрінде айқында­лады. Ислам банкі инвестициялық депозиттің шығын­ды болуы кезінде (инвестициялық депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану нәтижесінде табыс болмаған кезде) сыйақы алу құқығынан айырылады. Инвестициялық депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық депозит бойынша табыстың немесе ислам банкі сыйақысының кепілдік берілген мөлшерін көздей алмайды.

Информация о работе Ислам банкі