Экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 18:00, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда «нарықтың көрінбес қолы» экономикалық өмірді ұтымды ұйымдастыру үшін жеткіліксіз екендігі айқын сезіле бастады. Шаруашылық жүргізуде этикалық бастауларға қайта оралу қажеттігі жөніндегі мәселе жиі көтерілуде. Бұл орайда экономика негізі капитал екендігіне ешкім дау айтпайды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні 4
2 Кәсіпорынның этика кодесі 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Бизнес.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                                                                    3

1   Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні                        4

2   Кәсіпорынның этика кодесі                                                                                                                8

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                                            12

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

 

Бүгінгі таңда «нарықтың көрінбес қолы» экономикалық өмірді ұтымды ұйымдастыру үшін жеткіліксіз екендігі айқын сезіле бастады. Шаруашылық жүргізуде этикалық бастауларға қайта оралу қажеттігі жөніндегі мәселе жиі көтерілуде. Бұл орайда экономика негізі капитал екендігіне ешкім дау айтпайды. Сондықтан да, капитал типі экономика түрін айқындамақ.  Экономикалық дамудың бүкіл тарихы әрбір тарихи кезең үшін капиталдың айырықша типі тән екендігін көрсетіп отыр, ал тарихи кезең өз кезегінде қандай да болсын мәдени-діни дәстүрмен тікелей байланыста болады. Мәселен, сауданы дамытуға  қаржы операцияларының қажет болуы себепті және ақша пайдаланғаны үшін өзге дін өкілдерінен пайыз алуға рұқсат берген иудей этикасы нәтижесінде иудей пайыздық этикасын өмірге келді.

Индустриалдық дәуір капиталдың жаңа типін талап етті. Ал, протестанттық этика болса осы типке белгілі бір діни негіздемелер берді. Нәтижесінде, өнеркәсіптік протестанттық капитал пайда болды. Бұл орайда капиталдың жаңа түрі алдыңғы капиталды үзілді-кесілді теріске шығармай, оны жетілдіріп, банк институтының көмегімен индустриялық экономиканың көшіне қоса білді.

Бүгінде біз постиндустриализмнің жаңа капиталының пайда болуына куә болып отырмыз, ол индустриялық капиталдан формасы бойынша да, мазмұны бойынша да өзгеше болуға тиіс. Бұл жерде «жаңа капиталдың өзегін не құрауы тиіс?» деген сауал көлденең тартылады. Яғни, ол мәдени-діни дәстүр бола ма немесе коммунизм құрылысшысы этикасын ұсынған коммунизм сияқты идеология болып шыға ма? Батыста өркендеп отырған этикалық экономика жақтастары экономикаға христиан этикасы, атап айтқанда, протестантизм  этикасы қайта оралуы тиіс деп санайды. Ал, ислам өкілдері болса капиталды пайдаланудың жаңа тәсілдерінің негізіне исламның діни қағидалары алынуы тиіс деген пікірде.

Жұмыстың мақсаты: бизнес  этикасының негіздерімен танысу

Міндеті: бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін зерттеу

 

 

 

 

 


1 Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні

 

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі көп қырлы аспектілер арқылы көрінеді. Олардың арасында бес бағыттағы жұмысқа тоқталуға болады:

-  Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету

-  Қызметкерлерді және жергілікті еңбекке қабілетті тұрғындарды кәсіби тұрғыда дамыту;

-  Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда әкімшіліктермен бірлескен жұмыс;

-  Қазақстандық бизнес және жұмыс орындарын ашу үшін мүмкіндіктерді дамыту;

-  Кәсіпорын қызметкерлерінің жергілікті тұрғындарға көмекке бағытталған бастамасын қолдау.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз етудегі басым міндеттердің бірі-қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – құқықтық жауапкершілікпен салыстырғанда ұйым тарапынан әлеуметтік мәселелерге ерікті жауап беруді білдіреді.  Әлеуметтік жауапты іс-әрекетке мыналар жатады: қайырымдылық; жергілікті қауымдастықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды корпорациялардың дамытуы; компания өнімі туралы қызығушылық тудырған тұлғаларды қосымша ақпараттандыру; тұтынушы үшін қауіпті болатын болса, өз өнімін өз еркімен алып тастау.

Коммерциялық компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) тұжырымдамасына айрықша көңіл бөлуінің маңызды факторы болып қоғамның бизнеске этикалық тұрғыдан бақылау жасау деңгейінің артуы табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа белсене араласуда және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік анықтамасы мен түсінігі біртіндеп әлемдік стандартқа жақындай түсуде.

Негізінен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қоғамның бизнестен этикалық, коммерциялық немесе көпшілік тұрғыдан күткендеріне сай болу немесе одан асып түсу ретінде анықталады және қандай да болмасын шешім қабылдау барысында барлық мүдделі тараптардың (кәсіпорын қызметкерлерінің, өнімді тұтынушылардың, жеткізушілердің, жергілікті қауымдастық пен жергілікті билік өкілдерінің) пікірлерін ескереді. Осыған қарамастан, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке бизнестің барлық ішкі процесстері тартылған, ал бұл аталмыш жүйе бизнес стратегиясының бір бөлігі және корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болуы тиістігін білдіреді.

Кәсіпорында инсталляциялауға ұйғарылған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесі түптеп келгенде бизнесті капитализациялауды арттыруға бағытталады және өз кезегінде оның бағасын негіздеуге мүмкіндік беретін бизнестің мөлдірлігін арттыратын тұрақты әлеуметтік есептер дайындаудан тұрады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде арнайы ережелерге сәйкес диалог құру жолымен мүдделі тараптардың тілектері мен пікірлерінің есебі арқасында беделді басқару мүмкіндігі туындайды. Жақсы атақ пен бедел клиенттік базаны сақтап қалуды, компанияның даму жылдамдығын, оның табысын арттыруды қамтамасыз етеді. Клиенттердің адалдығы мен ықыласына кәсіпорынның тұтынушылар арасындағы жақсы имиджі мен қызметтер сапасының жоғарылығы арқасында қол жеткізіледі. Осы міндетті жүзеге асырудағы негізгі құралдардың бірі болып аймақтық нарықта фирманың серіктестер мен тұтынушылар мүдделерін ескере отырып мамандандырылған көлік қызметтерін көрсету, жол құрылысын жүргізу, мұнай өнімдерін тасымалдау мен жанар-жағар май жеткізу секілді нарықтың барлық сегменттерінде ұзақ уақыт бойы болу басымдығынан бастау алатын тұрақты саясатын жүзеге асыру саналады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесін енгізу, сонымен қатар, зияткерлік капиталдың сақталуы мен дамуына, мүдделі тараптармен диалог құру арқылы орын алған мәселелерді уақытылы анықтау мен шешу жолымен тәуекелді басқаруға да әсер етеді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстану – бизнес-ортаны жақсартудың және ұйым ішінде, сонымен қатар, фирманың сыртқы серіктестермен қарым-қатынасында әлеуметтік келісімге әсер етуінің барынша тиімді тәсілі.

Аталмыш қызметтің негізгі аспектілерінің бірі болып аймақтық нарықта әрекет етуші басқа компаниялармен бәсекелестік қағидасы және мүдделі тараптардың шынайы технологиялық мүмкіндіктері негізінде серіктестік қарым-қатынастар орнату табылады.

Фирманың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қызметін келесі негізгі бағыттарға жұмылдыру қажет:

- персоналды дамыту;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау;

- экология мен ресурс қорғау сұрақтары;

- сыртқы әлеуметтік қызмет.

Сонымен қатар, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын қолданудың нәтижелерін жақын арада емес, орта және ұзақ мерзімді болашақта көру мүмкін болатындығын да объективті түрде атап өткен жөн.

Қазақстанның корпоративтік азаматы Компанияның барлық деңгейіндегі әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі қызметкерлердің еңбек жағдайларын үздіксіз жақсарту, мемлекеттік заңдарды орындау және халықаралық нормалар мен ережелерді сақтау болып табылады. Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласында компанияның саясаты бекітілген. Бұл саясат компания алдында өндірістік міндеттерді қоюға негіз болады, осы міндеттердің орындалуы айтылған саясаттың дұрыстығын және менеджмент жүйесінің қызметі ойдағыдай атқарылып жатқанын көрсетеді.

Қазіргі кезде корпоративті офисте және мұнай базаларында қауіпті бағалау, экологиялық аспектілерінің реестрі мен денсаулықты қорғау және қауіпсіздік бойынша қауіпті бағалау кестелері жасалды.

Сонымен қатар жұмыс орындарында қызметкерлер оқытылып, қазір объектілердің ішкі аудиті басталды.

Жобаларды жоспарлау кезінде экологиялық қауіпсіздік аспектілеріне ерекше көңіл бөлінеді. Компания Орхус конвенциясы бойынша барлық міндеттерді орындайды. Бұл конвенцияның талабтары бойынша экологиялық мәліметтерге барлық қызығатын жақтар, әсіресе жергілікті тұрғындар, бөгетсіз қол жеткізе алады. Үлкен жобаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың және жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоршаған ортаға және халыққа әсер ету мәселесі бойынша жиындар өткізіледі. Жергілікті тұрғындар үшін қазақ және орыс тілідерінде пресс-релиздер басылып шығарылады

Әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ету жолында компанияда қызметкерлердің еңбегін қорғау мен қауіпсіздік бойынша көптеген шаралар орындалады.

Кен орындарды өңдеуден бастап, шикізатты шығарып, өнімді өңдеп, сатуға шығарғанға дейін өндірістік жұмыс орындарында зиянды өндірістік факторлар орын алатыны баршаға мәлім. Компания олардың қызметкерлер денсаулығына әсерін тигізбеу үшін бар күш жігерін салуда, яғни, осы қауіпті факторларды қадағалауға тырысады.

Біріншіден, кәсіпорындар жұмыс орындарында бес жылда бір рет аттестациялау өткіземіз. Аттестация – бұл мамандық аурулардың алдын алу үшін барлық факторларды есепке ала отырып қызметкерлердің еңбек ету жағдайларын бағалау. Аттестацияға жұмыс аумағының ауасындағы заттар мен газдар құрамын, шаңдануды, тербелуді, электрмагнитті сәуле шығаруды, жарықты және басқа да өндірістік факторларды өлшеу жатады.

Сонымен қатар аттестация барысында жұмыс процессінің қаншалықты ауыр екеніне баға беріледі. Бұл төңіректе белгілі бір еңбек іс-қимылдардың ауырлығы мен қайталануы қызметкерлердің денсаулығына қалай әсер ететіні зерттеледі. Мысалы, вентильдерді бұрау, баспалдақпен төмен түсіп көтерілу, компьютердегі ақпаратты оқу т.б.

Қазіргі таңда біз тек санаулы ғана жұмыс орындарын денсаулыққа зиянды деп қарастырамыз. Ол жерлердегі ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері нормадан асады. Алайда компаниялар олардың кері әсерін азайту мақсатында барлық шаралар орындап жатырмыз.

Заңнамаға сәйкес, өндірістік факторлардың кері әсерін азайту үшін компания мүмкіндігінше технологиялық процесске өзгерістер енгізуге тырысады. Қадағалаудың инженерлік әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік әдіс қолданылады: қызметкерлердің  ауа құрамындағы зиянды заттардың мөлшері нормадан асатын жерлерде өткізетін уақыттарын қысқарту, жыл сайынғы еңбек демалысының күндерін көбейту, санаторлық-курорттық ем қабылдау, өндірісте сүт беру, өндірісте қолданылатын жеке қорғану құралдарын беру.

Компания өндірістік факторлардың денсаулыққа зиянды әсерлерінің жоқтығында сенімді болу үшін жыл сайын қызметкерлер медициналық қараудан өтеді. Барлық медициналық қараулар компания есебінен өткізіледі, себебі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бұл оның міндеті болып табылады. Медициналық қарау барысында қызметкерлердің жұмысқа жарамдылығы мен кәсіби сырқаттың бар жоғы анықталады. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы бес жыл ішінде компанияда кәсіби сырқаттарға шалдығу бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Ал бұл өз кезегінде компанияның еңбекті қорғау саласында жүргізілетін жұмысының тиімділігін көрсетеді.

Медициналық қарау нәтижелері бойынша кәсіпорындар жергілікті санаторияларында тегін емделуді ұсынады.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бағдарламасын енгізудің мәні зор. Бұл сақтандыру өндірістік жарақат немесе кәсіби сырқаттарға шалдығу себебінен еңбек жарамдылығын жоғалту жағдайында қызметкерлердің емделуге жұмсалатын қаржы мен жоғалған еңбек ақысының есесін қайтаруға мүмкіндік береді. Компания өз қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапты және жарақат пен келеңсіз жағдайларсыз жұмыс жасауға көп көңіл бөледі

 Елбасы жыл сайынғы «Парыз» конкурсын биылғы жылдың қаңтарында Жез­­қазған қаласында өткен Бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі форумында тағайындаған болатын. 2010 ж конкурсқа қатысуға 296 кәсіп­орын ниет білдірген екен. Салтанатты рәсім басында жиналғандар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бизнес халықтың әлеуметтік мә­селелерін шешуге белсенді атсалысуы және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс екенін атап өтті. Онсыз жақсы еңбек көрсет­кіштеріне де, тұрақты дамитын өндіріс көлеміне де қол жеткізу мүмкін емес. Н.Назарбаев биыл­ғы жылы жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында шамамен 4 мың меморандум қабылданғанын мәлім етті. Ауылдық жерлерде негізінен жеке кә­сіп­кер­лердің бастамасымен қолға алынған көп­теген жобалар жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

 


2 Кәсіпорынның этика кодесі

 

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлерінің Кәсіби этика кодексі.

Қызмет атқару Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлерінің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Информация о работе Экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу жолдары