Экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 18:00, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңда «нарықтың көрінбес қолы» экономикалық өмірді ұтымды ұйымдастыру үшін жеткіліксіз екендігі айқын сезіле бастады. Шаруашылық жүргізуде этикалық бастауларға қайта оралу қажеттігі жөніндегі мәселе жиі көтерілуде. Бұл орайда экономика негізі капитал екендігіне ешкім дау айтпайды.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қоғам алдындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәні 4
2 Кәсіпорынның этика кодесі 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

Бизнес.doc

— 127.00 Кб (Скачать документ)

Қоғам Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлері өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, қоғамға адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.

Жалпы ереже

1.1. Осы Этика кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және "Мемлекеттiк қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс кодексiнің (бұдан әрi – ар-намыс кодексі), «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру және қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірілігн қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы» Заңдарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің негізгі қағидаттарына негізделген.

1.2. Осы Этика кодексі этикалық нормаларды, тәртіп стандарттарын және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қарым-қатынастарының негізгі қағидаттарын белгілейді және барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

1.3. Қызметкер міндеті - өз Отанының патриоты болу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге нормативтік құқықтық актілерін орындауда үлгілі қызмет ету, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу.

Қызметкер тәртібінің жалпы қағидаттары

2.1. Қызметкер:

жүктелген міндеттемелерге сәйкес қызметтік міндеттерді адал және сапалы орындауға;

Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін және бостандықтарын, құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, мемлекет институттарына азаматтардың сенімі, мемлекеттік биліктің беделіне мүмкіндік туғызуға;

қоғамның және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға жеке жауапкершілікті білу, мемлекеттік меншіктің сақталуына және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

өзіне талапты, принципшіл, объективті және бейтарапты, сондай-ақ  әрбір сыбайлас жемқорлықты және өзге құқық бұзушылықты дер кезінде хабарлауға;

өзінің қызметтік мiндеттерін атқару кезеңiнде киiм киюдің iскерлiк стилiн ұстануға;

басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың, лауазымдық тұлғалардың, олардың құзыреті шегінде шығарылған шешімдерді және нұсқауларды уақытылы және сапалы орындауға;

техникалық қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, өндірістік еңбекке арналған жұмыс уақытын тиімді пайдалану, денсаулыққа және жеке немесе жұмыс бойынша әріптесінің қауіпсіздігіне қауіпті қандай-да бір жағдай туралы хабарлауға;

кәсіби сапаларын жетілдіру, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби деңгейін сақтау және тұрақты жоғарылату, қызметтік міндеттерін орындауда шығармашылық білдіруге;

қызметтік міндеттерді орындау кезінде анық болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік құпияларды және өзге мәліметтерді сақтауға. Үшінші тұлғалар, олар республика азаматтарының мүдделеріне, мемлекетке зиян келтіруге мүмкін және (немесе) пайда көрумен ақпаратты таратпауға;

кәсіпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;

қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;

оны қызметкер және техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде сенімсіздендіру әрекетін жасамауға;

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің имиджін, іскери абыройын және тікелей немесе жанайы зиян келтіретін жанжал жағдайларды жібермеуге тиіс.    

Жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастар

3.1. Қызметкер:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде өнімге қойылатын талаптарға мемлекеттік бақылауды уақытылы және тиімді жүргізуге; 

азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;

шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату және мерзімдерін сақтауға;

әрбір жағдайда азаматтарға шыдамдылық және сыйлы қарым-қатынас көрсету;

мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;

шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайлар мотивтері бойынша  азаматтарды кемсітуге;

өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін азаматтардан қандай-да бір сыйлық талап етпеуге тиіс. 

Әріптестермен қарым-қатынастар

4.1. Қызметкер:

әріптестеріне сыпайылық және әдептiлік білдіру. Жалпы қабылданған қарым-қатынас нысандары: аты, әкесінің атын пайдалана, сыпайы түрде әріптестерімен сөйлесуге;

басшылардың және әріптестердің ескертулерін және сынын дұрыс және абзал қабылдау, сондай-ақ жіберген қателерін уақытылы мойындай білу;

егер штаттан тыс жағдайлар туындаған болса әріптестеріне кеңес көмегін көрсету немесе бұзушылықты жібермеуді алдын алу;

өзге қызметкерлер тарапынан қызметтік этика нормаларының бұзылған фактілерін жібермеу және алдын алу;

жұмыс бойынша әріптестерімен сөйлескен кезде бейпіл сөз пайдалану, сондай ақ агрессивті тәртіпсіздікті жібермеу;

басқаның идеяларын және бастамаларын меншіктенуден бас тарту;

басқа қызметкерлерге, олардың функционалдық міндеттерін орындауға кедергі жасау әрекеттерін жібермеу;

өз әріптестері туралы жеке басы және кәсібилігі туралы ақпарат таратуға;

қандай да бір жағдайларда әріптестеріне қысым көрсетуді жібермеуге тиісті.

Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын қызметшi тәртібінің қағидаттары

5.1. Бағынысты қызметкерлері бар қызметкер:

ұжымда жағымды моральдық-психологиялық жағдайды сақтау және қалыптасуны ықпал етуге;

азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;

бағыныстылардың жеке қасиеттерін құрметтеу, өз ойын айтқаны үшін соңына түсуді жібермеу, қызметкерлерге қатысты объективтілік білдіруге;

бағыныстыға жеке қатынасына қармастан (жек көру, көңіл жақындығы) функционалдық міндеттерді орындау және тиіссіз орындамағаны үшін бірдей талап қоюға;

бағыныстыларына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарды дұрыс қоюға, осы тапсырмаларды шешу үшін бағыныстыларды біріктіре білуге; техникалық нормалармен белгіленген өнімдерге қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жетілдіру үрдісіне барлық қызметкерлердің белсенді қатысуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге;

бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиiс;

жоғары тұрған басшылыққа бағыныстылар жасаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны туралы хабарлауға;

бағыныстыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінен шығатын тапсырмалар қоюға немесе негізсіз талаптар қоюға;

қабылданған шешімдер және қызметтік міндеттерді тиіссіз орындамағаны үшін өзінің жауапкершілігін қайта салмауға тиіс.

5.2. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың лауазымға тағайындалу күнінен бастап, егер бағыныстағылар сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған болса, жазбаша түрде Комитет басшысына баяндауға міндетті. Осы тармақта көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін аталған тұлғаларға заңда белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза салынады.

6. Қызметкер осы Этика кодексінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

7. Қызметкер, оның тәртібі ұжымда көпшілікпен талқылауға жататыны туралы білуі қажет.

8. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ұжымы мемлекеттік қызметшіні қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығы бар лауазымды тұлғаның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң осы Этика кoдексін сақтамау фактiсiн қарап, қараудың нәтижесi бойынша қоғамдық мiн таға алады.

 

 

 

 

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Айзенк Г. Дх. Узнай свой собственный коэффициент интеллекта. - Н. Новгород: СП "Ай-Кыо", 1994.

2 Вернер Зигерт, Люгия Ланг. Руководить без конфликтов. - М: Экономика, 1990.

3 Виханский О.С., Наумов А-И. Менеджмент. Человек, стратегия, организация, процесс. - М.: Издательство МГУ, 1995.

4 Волгин А.П., Матирко В.П., Модин А.А. Управление персоналом в условиях рыночной экономики: опыт ФРГ. -М.: Дело, 1992.

5 ВудкокМ., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер: для руководителя-практика. Пер. с англ. - М.: Дело, 1991.

6 Грачев М.В. Суперкадры: управление персоналом и международные корпорации. - М.: Дело, 1993.

7 Гончаров В.В. В поисках совершенства управления: руководство для высшего управленческого персонала. - М.: МНИИПУ 1996.

8 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. - М.: Политиздат, 1989.

9 Десслер Г. Управление персоналом. - М.: БИНОМ, 1997.

3



Информация о работе Экономикалық мемлекеттік қаржылық реттеу жолдары