Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 21:07, курсовая работа
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 5
1.3.Экономикалық өсудің типтері 8
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 9
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 10
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 13
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 13
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 14
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 15
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 17
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 17
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика жәнеқұқық» институты
«Экономика » кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері.
Орындаған:
Тексерген:
АҚТАУ – 2012ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 5
1.3.Экономикалық өсудің типтері 8
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 9
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 10
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 13
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 13
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 14
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 15
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 17
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 17
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу.
Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын мәселелер:
Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.
Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.
1-сурет. Экономикалық өсу
Графикалық
түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы
түрде өндіру мүмкіншілігі қисығының
оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс
экономиканың товар өндіру және қызмет
көрсету қабілетінің өсуін
Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе, яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс қисығында жұмыс істемейді.
Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс қисығында әрекет етуі керек, ол үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек. Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық өсу – бұл белгілі уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жетілдіру.
2-суретте
тиімді экономикалық өсудің
Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары |
өмір сүру мерзімін ұзарту; |
аурудың және жарақаттанудың төмендеуі; |
қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру; |
білім беру және мәдениет деңгейін көтеру; |
әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру; |
кедейлік пен өмір сүру
деңгейлерінің айырмашылығын |
толық жұмыспен қамтылу; |
2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары
Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).
Өндіріс факторлары |
еңбек |
жер |
капитал |
3-сурет. Өндірістің үш
Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.
Оларға жатады:
Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.
Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:
Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін факторлар бар:
2. Экстенсивті факторлар:
Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық өнім өндіру байланысты.
Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.
Факторлардың ең маңыздысы еңбек шығыны болып келеді. Бұл фактор негізінен мемлекеттің халық санымен анықталады. Халықтың бір бөлігі жұмыс қабілеті барлардың санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс таба алмайтындар бөлініп шығады.
Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын жағдайды көрсетпейді.
Еңбек шығынының
дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының
сомалық шығынын көрсете
Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға байланысты:
Сандық факторлармен қатар еңбек күшінің сапалығы өте маңызды рөл атқарады.
Экономикалық өсудің тағы да маңызды факторы болып капитал табылады. Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің қызметтерінен пайда көреді.
Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым капиталдың өсу жылдамдығы төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.
Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры, құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.
Ғылыми-техникалық – прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғауышы. ҒТП өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және формаларын, өндірісті ұйымдастыруды қосады.
Экономикалық өсуді өлшеу ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.
Информация о работе Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері