Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 21:07, курсовая работа

Описание

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 5
1.3.Экономикалық өсудің типтері 8
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 9
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 10
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 13
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 13
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 14
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 15
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 17
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 17
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Работа состоит из  1 файл

курс.docx

— 151.16 Кб (Скачать документ)

Өнеркәсіп өндірісінің  және жүк тасымалының өсуі көлік  инфра­құрылымына қосымша жүктеме түсіретін болады.

Сондықтан да, Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қа­зақстан темір жолы және тағы бас­қа көлiк компаниялары көлiк инфрақұрылымымен (көлiк желiсінiң мүмкiндiгi, вагондармен жарақтану, жүк ағыны,   өткiзу  қабiлетi және тағы басқалар) қамтамасыз етілу бөлiгiндегi мүмкiндiктерін бағалаулары қажет. Эконо­миканың өсуі электр энергиясын тұ­ты­­­нудың ұлғаюымен қа­тар жүретін болады.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі электр энергиясын өндіруді, сон­дай-ақ энергия тиімділігін ұл­ғайту мүмкіндігін ескере оты­рып, экономиканың электр энер­гиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қи­мыл жоспарын әзірлеуі тиіс.

Қазақстан экономикасының энергия тиімділігінің кешенді жоспары әзірленуі қажет. Бұл құжатты Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ағым­дағы жылдың соңына де­йін әзірлеу ұсынылады.

Бү­гінгі  күнде салалық және ау­мақтық  аспектілерде еңбек нарығының ағымдағы және перспективті қажеттілігінің жал­пы мониторингін жүр­гі­зуге мүмкіндік беретін ең­бек нарығындағы жағ­дайдың мониторнингі мен оны болжамдаудың нақ­ты жүйесі жоқ.

Экономикалық  даму және сауда министрлігі өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп атал­ған құжатты ағымдағы жыл­дың соңына дейін әзірлеуі қа­жет. Осыған байланысты қабылданған «Жұмыспен қамту — 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын және әзірленіп жатқан 2001-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ескере отырып орта мерзімді кезеңдегі сияқты ұзақ мерзімді кезеңде еңбек  ресурстарының ба­лан­сын жүйелі жоспарлаудың Бі­рың­ғай тетігін әзірлеуі керек.

Тұтастай  алғанда нысаналы көр­сеткіштер шегінде экономика салаларының дамуы сырт­қы және ішкі жағдайларға тәуелді болатынын бұған дейін атап көрсеткен болатынбыз.

Халықаралық ұйымдар кү­тетін орта мерзімді перспективада әлемдік экономиканың қалпына келуі және одан әрі өсуі Қазақстан экономикасының дамуына оң ық­па­лын тигізетін болады.

Сыртқы  конъюнктура нашарлаған жағдайда баламалы жоспар болуы шарт, қазір біз оны да әзірлеу үстіндеміз.

Ішкі жағдайларға  келетін бол­сақ, олар көбінесе сыртқы факторларға тәуелді болады.

Ал біз, сыртқы   факторларға ықпал ете алмайтын болсақ, онда экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпалын тигізетін экономиканың ішінде жағдайлар жасау қажет. Ағымдағы жыл инфляциялық үрдістердің үдейе түсуі тұрғысынан алып қарағанда әсіресе қауіпті болып көрінеді. Инфляцияның жыл басынан бергі серпіні осыны растап отыр. Жоспарланған параметрлерде қалу үшін және жыл соңына инфляция деңгейінің бір таңбалы саннан асып кетпеуі үшін негізінен азық-түлік нарығында және жанар-жағармай материалдары нарығындағы бағаларға назар аудару қажет.

Ауыл  шаруашылығы министрлігі, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тұтастай алғанда ағымдағы жыл соңына дейін  азық-түлік тауарларына бағаның 9,5-10 пайыздан асуына жол бермеуі  тиіс.

Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  мұнай өнімдері мен көмір бағаларына бақылау жасауды, ағымдағы жылдың соңына дейін олардың одан әрі жоғарылауына жол бермеуін қамтамасыз етуі қажет.

Экономикадағы жоғары инфляциялық аяны ескере отырып ағымдағы жылы инфляцияға реттелетін қызметтер тарифтерінің шекті үлесі 1,58 пайыздық тармақ деңгейінде анықталған.

Ақша-кредит саясаты бірінші кезекте бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сондықтан, 2011 жылдың бюджетін нақтылауды ағымдағы жылдың екінші жартысына қалдыру  ұсынылады.

Бюджет  және Ұлттық қор теңгерімділігін  қамтамасыз ету мақсатында осы фискалдық  ереже орта мерзімді кезеңге салық-бюджет саясатын қалыптастырғанда негізге  алынуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономикалық  өсу ұлттық экономика масштабында  өндірістегі товар және қызмет көлемінің  өсу түрінде көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге анализ жасауда тек қана  нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға  алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері  экономикалық өсу болып қарастырыла  алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шеше алатын өндіріс  өсуін қамтамасыз етеді.

Экономикалық  өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті  типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын  еңбекпен  қамтылу өседі. Бірақ  бұл уақытша құбылыс. Сондықтан  бұл тип тоқырау мінезді, бұнда  техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс  фондтары өнегелік және физикалық жағынан  да тозады. Біз жасайтын қорытынды: экстенсивті тип өзін тауысты, жаңа, әлі дамып келе жатқан экономикалық қатынастар шарттарында бұл тип  тек қана тұйықтамаға әкеліп, экономикалық қайта жаңғыруға ешқандай мүмкіндік  бермейді. Сондықтан да, объективті түрде бұл типті ауыстырып, халық  шаруашылығын интенсивті даму жолына көшіру қажет. Айта кететін жайт, экстенсивті  тип жаңа тип – интенсивті типтің пайда болуына негіз салды. Экономикалық қатынастардың дамуына негіз  салып, экстенсивті тип бүкіл  әлемнің ұлттық шаруашылық дамуына  үлес қосты. Осы таңда өнеркәсібі дамыған елдерде таза, жалғыз түрде  бірінші  немесе  екінші типтің белгілерін анықтауға болмайды, олар бір-бірімен  белгілі қатынаста үйлеседі. Бірақ, ХХғ. ортасынан құлаш жайған ҒТР  шарттарында батыстың өнеркәсіпті  елдерінде, оның ішінде біздің елімізде де экономикалық өсудің интенсивті түрі басым.

Экономикалық  өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология.

Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұдайы  өсуіне қолданылатын шаралар әрбір  мемлекетке әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін қажет. Қоғамдық  қажеттерді (денсаулық  сақтау, білім беру, т.б.) мемлекеттік тұтқалар және ұйымдарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсуде дұрыс иілімді бюджеттік-салықтық, қаржы-кредиттік, бағалық және инвестициялық  саясатты жүргізілсе, маңызды роль атқара алады.

Кейнсиандық теория макроэкономикалық тепе-теңдік теориясын қайта өңдеу және даму  нәтижесінде пайда болды. Кейнсиандық  адамдардың ойынша, экономикалық  өсуді  анықтайтын ең басты фактор – инвестициялар.

«Нөлдік өсу» концепциясын жақтаушылар техникалық прогресс және экономикалық өсу қазіргі  өмірдің бірқатар  теріс факторлары: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға және қалалардың келбетінің бұзылуына  әкеліп соқтыратынын айтады. Және экономикалық өсу әрқашан халық үшін қолайлы  жағдайлар туғызы алмайтындығын  айтады.

Салааралық  баланстың «шығын-шығару» әдісі  әр түрлі салалар арасындағы байланысты анықтауға  ғана  емес,  сонымен  қатар  мемлекеттің  экономикалық дамуын болжай алады.

Үшінші  бөлімде жасалған сараптама –  еліміздің экономикасы тез қарқынмен  дамып келе жатқандығының айғағы. Әлемнің алып елдері Қазақстанды  дамып келе жатқан нарықты экономикалы  ел деп таныды. Табиғи ресурстардың байлығы, инфрақұрылыстың динамикалық  дамуы, әлеуметтік және саяси жағдайдың  тұрақтылығы, әлемдік сақынадағы бағдардың  тұрақтануы экономикалық өсудің жоғары қарқынмен дамуына және жақын  болашақта республикадағы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуге  ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

 

  1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.
  2. Ломакин В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.
  3. Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000
  4. В фазе устойчивого экономического роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября.
  5. Курс экономической теории: Учебник./ Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.
  6. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.
  7. Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.
  8. Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000.
  9. Қазақша-орысша  сөздік. Алматы: Аруна, 2002.

1Р. Харрод . К теории экономической динамики. М., 1959. С. 37.

 


Информация о работе Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері