Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:39, курсовая работа
Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Кіріспе.................................................................................................................3
Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5
1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11
ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................23
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33
Қорытынды......................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................40
Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.[11,77]
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
[1- кесте]
Мемлекеттік бюджет 1-ші қарашаға 2012 жылдың
Өлшем бірлігі: млн. теңге
Атауы |
Кассалық атқарылуы | |
I. КІРІСТЕР |
4 881 530,4 | |
САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР |
3 207 002,2 | |
Салықтық түсімдер |
3 207 002,2 | |
САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР |
261 857,4 | |
Салықтық емес түсiмдер |
261 857,4 | |
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР |
32 670,9 | |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
32 670,9 | |
ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ |
1 380 000,0 | |
Трансферттердің түсімдері |
1 380 000,0 | |
II. ШЫҒЫНДАР |
4 904 473,9 | |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
240 745,9 | |
Қорғаныс |
254 023,9 | |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
422 749,4 | |
Бiлiм беру |
983 064,7 | |
Денсаулық сақтау |
571 002,6 | |
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру |
1 036 926,6 | |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
324 737,1 | |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
175 587,0 | |
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану |
90 462,7 | |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
222 581,1 | |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
19 759,8 | |
Көлiк және коммуникация |
356 560,0 | |
Басқалар |
102 433,2 | |
Борышқа қызмет көрсету |
103 839,8 | |
III. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ |
94 655,6 | |
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР |
119 430,1 | |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2 362,5 | |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
87 421,0 | |
Басқалар |
29 646,5 | |
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІ ӨТЕУ |
24 774,5 | |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
24 774,5 | |
IV. ҚАРЖЫЛЫҚ
АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН |
390 579,3 | |
ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ |
391 461,3 | |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
1 087,2 | |
Денсаулық сақтау |
389,5 | |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
17 241,6 | |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
8 389,3 | |
Көлiк және коммуникация |
29 072,8 | |
Басқалар |
335 280,9 | |
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕР |
882,0 | |
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
882,0 | |
V. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) |
-508 178,4 | |
VI. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ) |
508 178,4 | |
ҚАРЫЗДАР ТҮСІМІ |
882 311,3 | |
Қарыздар түсімі |
882 311,3 | |
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ |
232 704,0 | |
Қарыздарды өтеу |
232 704,0 | |
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАРЫ |
-141 428,9 | |
Ескертпе: http://www.minfin.kz сайтынан алынды. |
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістерісалықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері — бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.[12,95]
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 94,4 %-ға атқарылды, жоспардағы 5 169,5 млрд. теңгенің орнына кірістердің түсімі 4 881,5 млрд. теңгені құрады.
[2-кесте]
2010 жылғы мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуы
Ескертпе. http://www.minfin.kz сайтынан алынды. |
Бюджеттің шығындары—қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3) мемлекеттік тапсырысқа
арналған шығындар—мемлекеттік
саясатты іске асыру мақсатында
(мемлекеттік органдардың
4) жеке тұлғаларға
ақшалай төлемдер—
5) заңи тұлғаларға
субсидиялар—мемлекеттік
6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.[8,54]
Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің,
республикалық маңызы бар
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының өкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.[12,85]
[2-сурет]
2010 жылғы салық және
бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша
Ескертпе:http://www.minfin.kz сайтынан алынды. |
Бюджеттің шығыстары— бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету:Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру:білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау:жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендергетөлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу:стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау. [16,5]
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат
2010 жыл елімізде әлемді
шарпыған экономикалық
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бюджеттің орындалуына қатысты өткен жылдың қорытындыларына қарағанда, ІЖӨ-нің ішкі мазмұнындағы тауар өндірісі 5 пайызға, қызмет көрсету 6 пайызға өсті. Әрине, ІЖӨ-нің өсуіне өнеркәсіп саласындағы жойқын өсім айтарлықтай әсер етті. Өткен жылы асқан белсенділік байқатқан өнеркәсіп, сауда-саттық және көлік қызметтері сияқты салалар ІЖӨ өсімінің 70 пайызын қамтамасыз етіпті. [26,2]
Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару