Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:39, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5
1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5
1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11
ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет.................................................23
III. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33
3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33
Қорытынды......................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................40

Работа состоит из  1 файл

курсавой мемлекеттик.doc

— 604.00 Кб (Скачать документ)

Экономиканы әртараптандыру тұрғысынан алғанда да, ішкі жалпы  өнім құрылымында оң өзгерістер баршылық. Мұнда өңдеу өнеркәсібінің үлесі жыл қорытындысы бойынша 11,5 пайызды құраған. Көтерме және бөлшек сауданың үлесі де айтарлықтай өсіп отыр. Ауыз толтырып айта алатын тағы бір нәтиже - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, байланыс сияқты алты негізгі сала бойынша есептелетін қысқа мерзімдік экономикалық индикатор өткен жылы 2009 жылмен салыстырғанда 107,1 пайызға көтерілген. 

Әрине, барлық елде экономиканың өсіміне ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар болады. Жалпы, өткен жылы әлемдік экономиканың бойына қан жүгіре бастады, сыртқы сұраныс та қалпына келіп, әлемдік нарықтарда қуат көздері мен металдардың бағалары тұрақталды. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауар экспортының өсімін қамтамасыз етті. 2010 жылдың басы мен соңына дейін Қазақстанның Ресей және Белоруссиямен арадағы тауар экспорты өзара сауда-саттықты қосқанда 59,2 миллиард долларды құрап, 2009 жылмен салыстырғанда тіпті 37,1 пайызға көтерілді. Экономикамызға оң әсер еткен тағы бір сыртқы фактор - Қазақстанмен сауда-саттық саласындағы серіктес елдерде де белсенділіктің артқаны. Осының арқасында отандық экспортқа сұраныс күшейді. Халықаралық валюта қорының бағалауынша, 2010 жылы АҚШ ішкі жалпы өнімінің өсімі 2,8 пайызды құрады. Ал 2009 жылы бұл елдегі ІЖӨ өсімі 2,6 пайызға төмендеген болатын. Еуроодақ елдерінің экономикасы 1,8 пайызға өссе, Қытайда 10,3, Ресейде 4 пайыздық өсім байқалды. Ал ішкі факторлардың арасында бірінші кезекте ішкі нарықтағы сұраныстың қалпына келуі аталуда. Ішкі сұраныс экономика өсімінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге септігін тигізді. Ішкі сұраныстың жандануына тұтынушылардың көбейгені әсер етті. Тұтыну көлемі 2010 жылдың тоғыз айында 7,1 пайызға өскен, оның ішінде тұрмыстық тұтыну 8,5 пайызға, мемлекеттік басқару органдарының тұтыну көлемі 2,4 пайызға көтерілген. Осы фактордың экономиканың дамуына әсер етуі 2010 жылдың соңғы тоқсанында да жалғасты. 
2010 жылы еліміздің Ресей мен Белоруссияны қосқандағы тауар импорты 29 760 миллион долларға жетті. Бұл - 2009 жылмен салыс-тырғанда 4,8 пайызға артық. Сонымен бірге тұтынушылық тауарлар импортының да өскені байқалады. Мәселен, өткен жылы ет импорты 2009 жылмен салыстырғанда 54,6 пайызға өскен. Шай 22,3 пайызға, қант импорты 37,3 пайызға өсіпті. Алайда, тұтынушылық сұраныстың өскені, ішкі сауда-саттық көлемдері мен тұтынушылық импорттың артуы халықтың ақшалай табысының айтарлықтай көбейгенімен байланысты. Сонымен бірге еңбек нарығындағы жағдайдың да түзеліп келе жатқанын айтуға болады. Мәселен, 2010 жылы халықтың орташа номиналдық ақшалай табысы 2009 жылмен салыстырғанда 13,9 пайызға өсті. Еңбек нарығындағы жағдайға келсек, 2010 жылдың желтоқсанында экономика саласында жұмыс істейтін азаматтар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға өсіп, 8,1 миллион адамды құраған. Ал елдегі жұмыссыздар саны сол кездегі деректерге сәйкес, 477,7 мың адамды құрапты. Бірақ жұмыссыздар саны 2009 жылмен салыстырғанда 55,2 мың адамға азайған. Жалпы, елдегі жұмыссыздың деңгейі 2010 жылдың желтоқсанында 6,3 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендепті.

Ал мемлекеттік тұтынуға келсек, әлеуметтік саладағы, білім  беру, мәдениет және тағы бірқатар салалардағы мемлекеттік шығындарды арттыру жөніндегі елде жүргізіліп отырған саясатқа байланысты тауар мен қызмет түрлеріне деген сұраныс аясы кеңейді. Сонымен қатар ішкі нарыққа бағытталған экономика секторларын, ең алдымен агроөнеркәсіп секторын, тұрғын үй-коммуналдық және көлік-коммуникация салаларын қалпына келтіру мен ары қарай дамыту жөніндегі жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың есебінен де ішкі сұраныс қамтамасыз етіліп отырды. Тағы бір айта кетерлігі, 2010 жылы мемлекеттік бюджеттің шығындары алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға көбейген. Бұл шығындардың басым бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік салаларына бөлінген қаржының көбеюі есебінен болып отыр.[17,54]

Басты мақсат - бағаларды ырықтандыру

Айтпақшы, антидағдарыстық  сипаттағы тиімді шаралар ішкі нарықтағы бағалардың күрт көтерілуіне жол бермеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,8 пайыз деңгейінде қалыптасты. (2009 жылы - 6,2%). Инфляцияны жоспарлы дәліз ішінде сақтап тұру үшін мемлекеттік органдар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет әлеуметтік маңызы бар 18 түрлі тауарлар тобының тізімін бекітті. Бұл тауарлардың өндірісі, тұтынылуы және бағасының қалыптасуына байланысты арнайы мониторинг жүргізу жергілікті атқарушы органдарға жүктелген болатын. Негізгі экспорттаушы елдерде майлы және дәнді дақылдар терімінің төмендеуіне байланысты шикізаттың сыртқа кетуі мен ішкі нарықтағы дефициттің алдын алу үшін әрі дайын өнім бағасының қымбаттап кетуі қаупіне байланысты Үкімет бірқатар майлы және дәнді дақылдардың экспортына жарты жылдық мерзімдегі тыйым енгізді. Жергілікті әкімдіктер тарапынан өндірушілердің өнімін тікелей сататын әрі арендалық ақы төленбейтін коммуналдық азық-түлік базарларының саны көбейтілді. «ҚазАгро» АҚ тарапынан қаржыландырылатын жобалардың ішінде тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймалары мен жылыжай құрылысын көздейтін инвестициялық жобаларға басымдық берілді. Ұн мен нан, макарон өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қосымша астық сатып алып, оны тиісті өңірлерге бекітілген бағамен жеткізіп отырды.[18,42]

Экономиканың нақты секторы

Отандық экономикаға жайлы әсер еткен сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономика салаларында да оң өзгерістер байқалды. Жыл ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 пайызға өсті. Бұған елдегі индустрияландыру картасына енген жаңа өндіріс орындарының ашылуы да әсер етті. 2010 жылы көмір өндірісі 9,9 пайызға өсіп, 110,8 миллион тоннаны құраса, темір рудасының өндірісі - 7 пайызға (50,4 миллион тонна), мыс рудасының өндірісі 3,6 пайызға (31,7 миллион тонна) өсті. 
Республикадағы мұнай өндіруші компаниялар 2010 жылдың 12 айында 79517,7 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірген. Қазақстан үшін ең маңызды жобалар қатарына жұмыс істеп тұрған екі ірі жоба - Теңіз және Қарашығанақ кеніштері кіреді. Мұнай мен газ экспортының көлемі 2010 жылы 71,2 миллион тоннаны құрады. Соңғы деректерге сәйкес, отандық мұнай өңдеу зауыттары 2010 жыл қорытындысы бойынша 13,7 миллион тонна мұнай өңдеген.

Сонымен қатар өнеркәсіп  салаларын дамыту бағытында да бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Көмір өндірісі саласында 2010 жыл бойы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы шахталар мен карьерлер қорын модернизациялау, көмір өндіру техникасы мен технологиясын жетілдіру бағытындағы шаралар жүзеге асырылды. Ал мұнай саласында Қашаған кенішін игеру жұмыстары жалғасын тапты. Құрманғазы, Түп-Қараған, Аташ, Жамбай, Южный-Южное, Забурунье, Жемчужины теңіз жобаларында барлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қазақстан - Қытай, Каспий Құбыр Консорциумы, Қазақстандық Каспий Тасымал Жүйесі, Ескене - Құрық мұнай құбырлары арқылы сыртқа мұнай тасымалдау маршруттары әртараптандырылуда. Көгілдір отын саласында да көңіл көншітетін істер қолға алынды. 2010 жылдың 21 желтоқсанында Индустрияландыру картасына енген 80 индустриялық жобаның таныстырылымы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырының құрылысы басталып, «Бозой» компрессорлық стансасының іргетасы қаланды. Ал 2010 жылдың қазан айында «Қазақстан - Қытай» газ құбырының бірінші бөлігінің құрылысы аяқталды. Ақтөбе облысындағы «Тамды - Павловка - Қайнар» газ құбыры мен Қостанай облысындағы «Перелески - Денисовка» магистральдық газ құбыры жобасын жүзеге асырудың арқасында екі облыста 17 мың адам тұратын үш елді мекенге газ тартылды.[21,5] 
Құрылыс индустриясы саласы мен құрылыс материалдарының өндірісін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2010 жылы металл емес минералдық өнімдер өндірісі 49,7 пайызға өсті, резинка және пластмасса өнімдері - 48,4%. Өткен жылы бұл салада жалпы құны 86,1 миллиард теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылған.  
Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде, 2010 жылдың 12 айында химия өнімдерінің өндірісі 102,4 миллиард теңгеге өсіп, 2009 жылмен салыстырғанда 37,1 пайызға көтерілді. Қазақстанның 2010 - 2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасының аясында тау-кен - металлургия саласындағы 43 жобаның ішінен жалпы құны 305,6 миллиард теңгені құрайтын 23 жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бұл металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемін бірден 10,2 пайызға арттырды. 2010 жылдың желтоқсан айында Павлодардағы «Каустик» АҚ кәсіпорнында жүргізілген модернизацияның арқасында хлор-сілті өнімдерін шығаратын зауыт ашылды.  
Машина құрастыруда 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 342,5 миллиард теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 58,6 пайызға өсті. Индустрияландыру картасының аясында 2010 жылы жалпы құны 53,2 миллиард теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылды. Жеңіл өнеркәсіптің шығарған өнім көлемі 30,4 миллиард теңгеге жеткен. Қазір Индустрияландыру картасының аясында жеңіл өнеркәсіп саласындағы 4 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар өткен  жылы Қазақстан Республикасының  электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Ал 2010 - 2014 жылдарға арналған үдемелі

индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру аясында осы электр энергетикасы саласы бойынша жалпы құны 753 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырыла бастады.[21,12]

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, жоғарыда баяндалған мәселелелерді қорыта келе, мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды деп айта аламыз.

Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттің қаржылық жүйедегі қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі мақсаты: қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау, ал міндеттеріне қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған  мақсат – міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.

Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.

Қаржылық жоспарлау  мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды  әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс табады.

Қаржылық жоспарлау  обьектісі ақшалай қор болып  табылды. Ал ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын  құрайды.

Бірсыпыра   шет  ел  мамандарының  пікірінше   Қазақстанда  жеңіл  өнеркәсіп  және  туризмді  дамытуда  инфляция  салдарын  баяулатуға  болады.Сондықтан  бұл  салалардың   дамуына  айырықша  көңіл  бөлінуі  керек. Сыртқы  сауда  мен  айналысатын  кәсіпорындарды  толық   өзін - өзі   валюталық  ақтауға  кешіру, ұлттық  ақша  теңгені  ендіру  толық  қажет .Сонымен  инфляцияның  халықтың  әл – ауқатының  деңгейіне  теріс  әсер  ететін  нәтижелерін  азайту  керек.

         ″  Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  банкі  туралы" Заңға   енгізілген  және  1 қаңтардан   басатп  күшіне  енген  соңғы   өзгерістерге  сәйкес, Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. Сондықтан  қазіргі  уақытта  Ұлттық  банк  инфляция  бойынша  бағдарларды  белгілейді.Тиісінше,Ұлттық  банк  теңгенің  айырбас  бағамы  бойынша  бағдарларды  белгілемейді  және  ішкі  валюта  рыногында  теңгенің  айырбас  бағамының  алыпсатарлық  секірістерінің  алдын  алу  қажет  болғанда  ғана  барынша  аз  қатысатыны  болмаса, оны  қалыптастыруға  араласпайды.

Адам өмірі  өне  бойы  қозғалыста  болғандықтан, ондағы  қоғамдық  қатынастар  өзгеріп, жаңарып  отырады.

      Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен  салыстырғанда  құнының  төмендеп  кетуімен  туады  да, товарлар  бағасының  көтерілуіне  әкеп  соғады.Экономика  ілімінің  дүниеге   келуі  адамзат  қоғамының  аяқтан  тұруымен  қатар жүрді.

      Республикада  осы  өтпелі  кезеңде  ауыр  да  қарама-қайшы  процестер   болып  отыр.Соның  бірі  инфляция  болып  отыр.

      Бүгінде   адамзат  өмірі  қай  жағынан   алып  қарасаңыз  да  әр  түрлі   мәселелермен  бетпе – бет  келіп  отыр,оның  бірі  экономиикалық  жағдайлар.Қазірде  жер  бетінде  сол  сауалдар  мен  жағдайлар  көп  ескерілуде.

      Шынын   айтсақ, ұлттық  валюта  енгізілгеннен   кейін  алғашқы  екі  жыл   біздің  еліміз  үшін  өте   қиын  жылдар  болды. Жалпы  экономикалық  сипаттағы  объективті  қиындықтар  ( бағларды  ырықтандыруға  және  өндірістің  құлдырауына  байланысты  инфляцияның  жоғарғы  деңгейі, импорт  тауарларының  қанағаттандырмайтын  сұраныстың  едәуір )  шет  ел  валютасына  сұраныстың  өсуіне, ал  ізінше, бағамның  өсуіне  әкеп  соқты.Теңгені  енгізуге  қатысты  есеп  айырысу  жүргізген  кезде  ұлттық  валютаның  тұрақтылығына  ықпал  ете  алатын  барлық  негізгі  факторлар  есепке  алынған. Алғашқы  кезде  теңге  бағамы  төмендейді деп  күтілген  болатын.Алайда ,мысалы  1994  жылы  кәсіпорындардың  сәтсіз  жүргізілген  өзара  шаруашылық  есеп  беруі  сияқты  өтінішті   экономикалық  жаңсақтықтар   алғашқы  айларда   теңге  айналысының  жағдайын   біршама  қиындатты. Енгізіген кезден  бастап  алғашқы жеті  айда  8  есе құнсызданды.

Информация о работе Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару