Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:27, доклад
Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады. </h4
<h4>ІІІ Бөлім. Коммерциялық банктер
3.1 Коммерциялық банктер
Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.
Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктармен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады. </h4>
Бірінші
бөлімде аталып кеткендей,
Қазақстанда банктер меншіктің қандай да болсын түрінде құрыла алады – жеке және:
Банктер жарғылық капиталын
қалыптастыру әдісі бойынша
Егер несиелік жүйені реформалаудың бастапқы кезеңінде коммерциялық банктер негізінен пайлық негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді акционерлік банктер формасы етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік қоғамда капиталдың иемденушісі қоғамның өзі, яғни банк болып табылады. Ал пайлық коммерциялық банктерде капиталдың иегерлері бола алмайды, себебі әрбір пай иегері өзінің капитал үлесіне ғана иемденуге құқығы бар болады. Па йлық коммерциялық банктер жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық негізінде құрылған, яғни әрбір пай иегерінің жауапкершілігі оның банктің ортақ капиталына салымына тәуелді. Жарғылық капиталды кеңейту банк қатысушыларының қосымша салымдары, сонымен қатар, банктің құрамына жаңа қатысушылардың еңгізілуі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа қатысушылардың еңуі туралы мәселе банктің қатысушыларының жиынында шешіледі.
Ал акционерлік қоғам ретінде жұмыс атқаратын банктерде жарғылық капитал бірдей номиналды құны бар анықталған акциялар (заңды және жеке тұлғалар арасына) санына орналастырылған. Акционерлер банктен осы салымды қайтаруға міндет ете алмайды. Осы жағдай банктің тұрақтылығын, беріктігін қамтамасыз етеді және оның ликвидтілігін басқаруға негіз құрады. Акционерлік банктер ашық және жабық түрлі болады. Жабық банктердің акциялары басым акционерлердің келісімімен ғана бір-біріне беріле алады. Ал ашық түрлі банктердің акциялары басқа кционерлердің келісімінсіз ауыстырыла алады.
3.2 Болашақтағы банк жүйесін реформалау
1995 ж. Қазақстан банк жүйесін
реформалау бағдарламасы
Жалпы алғанда, оның міндеттері және мақсаттары тәжірибе жүзінде 1995 жылғы реформадағыдай болып қалды. Бірақ, Ұлттық банктің Қазақстанның орталық банкі ретінде осы кезге дейін жинаған тәжірибесі оған мынадай мақсат пайда болуына алып келді. Ендігі уақытта нарықтық экономикаға тән ақша-несиелік саясаттың құралдарын пайдаланудан дамыған елдердің қолданып жүрген жүйесіне өтуге мүмкндік пайда болды.
Екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүйесінің болашақтағы дамуы және жұмысы мынаған негізделген:
1. Ақша несиелік бағдарлауды кеңейту. Осы мақсатты орындау үшін ақша – несиелік құралдарының классикалық үлгісін – банкпен берілетін қайтадан қаржыландыруға арналған несиелердің көлемін бағдарлау, қайтадан қаржыландырудың ресми ставкасын анықтау, міндетті ақша резервтерін болуын бекіту, мемлекеттің және Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операциялар және валюта нарығында интервенциялар жүргізу қолдану керек
Еліміз өз өмірінен өткізген нұсқаулық несиелерді берудің теріс тәжірибесі осындай несиелер операцияларынан болашақта сақтандыратындығына сенеміз. Осы несиелердің қайтарымы 24% ғана құраған еді. Осыған байланысты орталықтанған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді ликвидті қажеттіліктерін қамтамасыздандыруға несиелік ресурстардың аукциондарынан берілетін болады.
Ақша нарығының дамуымен қатар аукционды несиелердің рөлі азая бастайды, кейін ол банкаралық нарықпен ығыстырылады.
Өзінің ежелгі экономикалық мәніне сай ломбардтік несие беру көлемі өте аз болады. Былайша айтқанда, айыппұл несиесі – банктер оған тек өте қажет болған жағдайда жүгінеді. Ломбард несиесінің үлес салмағы тек 5-8% құрауы мүмкін.
Ұлттық банк қаржы Министрлігімен жаңа қарым-қатынастар құруға бет алады. Ол бюджетті тікелей несиелендіруін азайтуға мүмкіндік алады. Қаржы министрлігінде бюджет дефицитін қаржыландырудың жаңа көзі пайда болады.
Қайтадан қаржыландыру ставкасы Ұлттық банкімен тұрақты мөлшерде (инфляция деңгейінен жоғары) ұсталады. Ұлттық банкі аукциондарының азаюы және банкаралық несие нарығының дамуымен қатар ондағы ставка сілтемелік (индикативті) болып ауысады.
Ақша массасын шектеу, қажетті деңгейде банктер ликвидтігін қамтамасыздандыру мақсатымен басқа банктердің Ұлттық банкіде міндетті түрде депозиттердің бір бөлігін сақтау тәжірибесі жалғасын табады. Ақша-несие саясатының осы құралы тек ақшаның массасы және банктер ликвидтігін сақтап қана қоймай, шетел валютасында сақталатын депозиттердің өсуін қамтамасыздандырады. Банктер пассивтерінің долларлануының өсуі сақталса, Ұлттық банк депозиттерді шет және ұлттық валютада сақтау нормаларын дифференциациалау арқылы ситуацияның өзгеруіне әсерін тигізе алады.
Ішкі валюта нарығында жүргізілетін Ұлттық банк интервенциялары, ішкі валюта нарығындағы қысқа мерзімді өзгерістерге байланысты пайда болған тенге алмастыру курсының толқындарын реттеуге арналған. Нәтижесінде Ұлттық банктің белгілі бір мерзімде ішкі активтері өсуі мүмкін, олар ақша-несие қатынастарының басқа да құралдары арқылы реттелетін болады.
Ұлттық банк мемлекеттің бағалы қағаздарының нарығын дамытуда әлемдік жолды, әдісті қолданады. Алғашқы нарықтың дамуымен қатар, Ұлттық банк ашық нарықтағы операцияларын өсіре бастайды және өзінің ақша-несие саясатының негізгі ауыртпалықтарын осыған аударуға бастайды.
Банк жүйесін реформалау
нәтижесінде эмиссионды-
Эмиссионды жұмыс та салт ақша айналымы ырықтандыруын есептей отырып қайтадан құрылады. Екінші деңгейлі банктерді салт ақшамен қамтамасыздандыру қажет болған жағдайда аудандық (аймақтық) бөлімшелер арқылы жүзеге асырылады. Енді эмиссионды рұқсаттар болмайды.
Салт ақшаны тиімді пайдалану концепциясын қолдана отырып, Ұлттық банк өзінің қазынасында банкнотаның керекті мөлшерін және оған сәйкес тиындардың номиналдарын құруды белгіленген.
Салт ақшаны инкассациалау функциясының бір бөлігі екінші деңгейлі банктерге беріледі.
2. Валюталық реттеу жұмысын
дамыту, алтынвалюталық резервтерді
басқару. Шетелдік тәжірибені
және еліміздің ұлттық
Көп уақытта жиналған ликидті валюталық нарықты құрудың оң тәжірибесін ескере отырып, Ұлттық банк мекемелердің өз өнімдерін экспорттау нәтижесінде келген шетел валютасын міндетті түрде сату мәселесінде иілгіш саясат қолданатын болады.
Банкаралық валюталық нарықта жедел операцияларды (своп, форвард, опцион) ішкі нарыққа кірістіруге жағдай жасалады, ішкі нарықта жүргізілетін дилингтік операцияларды реттеуге арналған нормативті база құрастырылады, РЕПО, бағалы металлдар свопы, ломбардтік валюталық несиелер секілді операцияларды еңгізу үшін арнайы шарттар орындалады.
Енді құрастырылған алтынвалюталық резервтерді басқару концепциялары негізінде жартылай жедел перспективамен оларды диверсификациаланған басқару түріне өту жоспарланған. Ол екі портфель құрылатындығын білдіреді: стратегиялық инвестиция портфелі және ликвидті тактикалық портфель.
Сонда ликвидті тактикалық
портфель валюта курсы саясатын жүргізуге
және қысқа мерзімді міндеттерді
орындауға қажетті болады. Осы
портфель табысы ЛИБИД ставкасы арқылы
орналастыру мерзіміне
Стратегиялық портфель
құрамы орта мерзімді (3-тен 5 жылға дейін)
және ұзақ мерзімді (5-тен 10 жылға дейін)
Ұлттық банк міндеттерімен анықталады.
Осы портфельдің негізгі
3.Банктік бақылау жүйесін
және бакн жұмысын реттеу
Ұлттық банктің банктерге қойылатын құру және лизензиялау талаптарының қатаюына байланысты нарыққа тек қаржылық жағынан тұрақтанған, бәсекелесе алатын несие-қаржылық институттар ғана өте алады.
Өзіндік капиталы жетіспейтін банктер Ұлттық банкке қайтадан капиталдану бағдарламасын және басқа да шаралар ұсынады да оларды орындағаннан соң Ұлттық банкіге толық есеп береді. Белгіленген капитал деңгейіне жете алмаған банктер жойылуға немесе банктік емес қаржы мекемелері етіп қайта құрылуға тиісті
Сонымен қатар, Ұлттық банктің қаржылық жағдайы шамалы банктермен қарым-қатынасы банктің маңыздылығына (алынған депозиттердің үлес салмағы, берілген кредит саны) байланысты. Осы аталаған критерилерге байланысты мынадай банк топтарын ерекшелеуге болады:
1. Ірі, жарияланған қоры 1,2 млрд тенгеден астам;
2. Аса ірі емес және орта;
3. шағын.
Тек ірі, яғни жойылуы экономика дамуына кері әсерін тигізетін банктерге ғана Ұлтық банк несие беруші ретінде қаржылық көмек көрсетеді.
Осындай несиені бергенде Ұлттық банк осы банкке өзінің бақылаушыларын жібереді. Олар ағымдағы банктің қаржылық жағдайын бақылап отырады.
4. Бухгалтерлік есеп, банк жүйесінде
статистика жүргізу реформасын
аяқтау. Орта мерзімді кезеңде
1995 жылы басталған банк жүйесінің
Бағдарлама жұмысы барысында Ұлттық банктің және екінші деңгейлі банктері есеп жүргізудің жаңа жоспарын толығымен еңгізу белгіленді. Осының нәтижесінде құрылған жаңа ақпарат қаржы нарығын, төлем балансын, ұлттық есепшоттардың салық-бюджетін статистикалауға мүмкіндік береді. Кейін, статистика мәліметтері ақша-несиелік саясаттың жүргізілуі, нормативті жайттардың орындалуы жайында ақпарат береді, қаржы құралдарынан қажеттісін таңдауға көмектеседі. Аталаған жұмыс сәйкес нормативті базаны құру, жұмысшыларды мамандандыру және қайтадан мамандандыру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, банк жұмысында бухгалтерлік есеп жүргізудің жаңа әдісін қолдана отырып, ішкі және сыртқы аудит жүргізіледі.
5. Ұлттық банктің аудандық, (аймақтық)
бөлімдерінің міндеттері. Орта мерзімді
кезеңде банктің аудандық (аймақтық)
бөліміне аса үлкен назар
Аймақтық бөлімдер Ұлттық банктің ақша-несие саясатының облыс территорисында бекітіліп, жоспарланған шаралар арқылы жүргізілуін, орталықтанған несиелерді қарыз – алушы банктерге жеткізілуін, ол қаржыны мақсатына қарай қолдануын бақылауды қамтамасыздандырады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалғасып дами береді. Нарықтың аудандарда толығымен жұмыс атқаруы осы Ұлттық банктің аймақтық бөлімшелеріне жүктеледі.
Жоғарыда аталғаннан қиын түспейтін,
мол жауапкершілкті қажет ететін
төлем жүйесін жетілдіру