Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:30, статья

Описание

«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған, міне осыдан «коммерциялық банк» деген атуға пайда болды. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

Содержание

Кіріспе
Коммерциялық банк туралы түсінік
Негізгі бөлім
Коммерциялық банктердің операциялары
Банктердің пассивтік операциялары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Әл.docx

— 26.63 Кб (Скачать документ)

     Депозиттік емес тартылған қаражаттар  – бұл банктің қарыз түрінде  немесе меншікті қаражаттарын  сату жолымен тарататын қаражаттары.

     Депозиттік емес банктің ресурс  көздері мен депозиттер өзара  ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық  емес, яғни банктің нақты клиентінің  атынан тартылмайды; екіншіден,  мұндай қаражаттарды тарту инициативасы  банктің өзінен туындайды.

     Депозиттік емес тартылған ресурстармен  көбіне ірі коммерциялық банктер  айналысады. Өйткені, депозиттік  емес қаражаттар ірі сомада  сатып алынатындықтан да, оларды  көтерме сауда операциялар сипатына  жатқызуға болады.

     Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың,  депозиттердің және депозиттік  емес ресурстардың шоттарының  әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің  жоғарғы бәсекелестік нарықта  банк қызметтерінедеген клиенттер  топтарының сұранысын қанағаттандыруға  және олардың қаражаттары мен  уақытша бос қаражаттарын банктік  шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай  жасайды.

    Экономикалық  мазмұнына қарай депозиттерді  мынадай топтарға бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдар;
  • бағалы қағаздар.

     Талап етуіне дейінгі депозиттер  – бұл салым иелерінің бастапқы  талап етуіне байланысты әр  түрлі құжаттар арқылы қолма-қол  ақшаларын алатын әр түрлі  шоттардағы қаражаттар.

     Отандық банктік тәжірибеде талап  етуіне дейінгі депозиттерге  мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

      Талап етуге дейінгі депозиттік  шоттардың артықшылығы олардың  иелері үшін жоғарғы өтімдіоігіне  байланысты сипатталады. Талап  етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар -дың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

      Мерзімдік салым депозиті –  белгілі мерзімі бар және тұрақты  пайыз төленетін, сол сияқты  алдын ала алуға шек қойылатын  салым.

      Салым иесі келісілген мерзімнен  бұрын алған жағдайда банк  айып-пұл ретінде оған тқленетін  пайызды төлемей қалуға толық  құқылы.

      Мерзімді салымдар мен мерзімді  депозиттердің ерекшеліктері болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

      Тағы біркеңінен таралған салымның  түрі – жинақ салымдары. Олардың  белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты  алуда ескертуін талап етпейді,  салымның жоғары шегі шектелген,  ақшаны салу және алу кезінде  жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

       Отандық  банктік тәжірибеде  жеке тұлғаларға ашылатын жинақ  салымдары салым операцияларының  мерзіміне және мазмұнына қарай  мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағындық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

     Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты  мерзімі белгіленетін және сол  мерзім өткенше алуға мүмкінемес  салымдар жатады. Мерзімді жинақ  салымдарына басқа жинақ салымдарға  қарағанда жоғары мөлшерде пайыз  төленеді.

     Мерзімді депозиттер және жинақ  салымдары депозиттік ресурстардың  біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

       Ағымдық жинақ салымдар, негізінен,  жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді  төлеу үшін жинақталатын және  пайдаланылатын өаражаттарды білдіреді.  Мұндай салымдар бойынша өте  төменгі пайыз төленеді.

      Мерзімді депозиттер мен жинақ  салымдарының бір түріне депозиттік  және жинақ сертификаттарын жатқызуға  болады.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  – бұл салым иесіне белгілі  мерзім өткен соң, тиісті қаражатты  және оған есептелетін пайызды  алуға құқық беретін және оның  шотындағы ақшалай қаражатының  барлығын куәландыратын эмитент  банктің жазбаша куәлігі.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  иемденуіне қарай екі түрлі  болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мәлімдеуші сертификаттар.

     Атаулы депозиттік және жинақ  сертификаттары бұл салым иелерінің  атына толтырылып беріледі. Ал  мәлімдеуші сертификаттарда салым  иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

      Әлемдік тәжірибеде депозиттік  сертификаттардың мынадай екі  түрі бар:

  1. Аударылатын;
  2. Аударылмайтын.

     Аударылмайтын депозиттік сертификаттар  ссалым иелерінің қолдарында  болып, уақыты жеткен соң банкке  ұсынылады.

     Аударылатын депозиттік сертификаттар  басқа бір тұлғаларға екінші  нарықты сатып алу-сату арқылы  өтеді.

     Банкаралық несие – бұл коммерциялық  банктердің бір-біріне беретін  несиелері. Банкаралық несие бұл  басқа ресурстармен салыстырғанда  өте қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне  Ұлттық банктің коммерциялық  банктерге қысқа мерзімді өтімділігін  қолдап отыру мақсатында беріліп  отырған мынадай несиелерін жатқызуға  болады: овернайт бір түндік және  күндізгі заемдар.

     Овернайт – банктердің Ұлттық  банктегі корреспонденттік шотында  дебеттік қалдықтың пайда болуына  байланысты бір түнге берілетін  несие.

Мысалға, оны  бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей  жағдайда бұл несиені алу жұмыс  аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның  бірінші күні қайтарылуы тиіс.

     Күндізгі заем – банктік жұмыс  күні ішінде банктердің Ұлттық  банкте ашқан корреспондентік  шотында уақытша қаражат жоқтығын  немесе жетіспеуіне байланысты  ақшалай аударымдар мен төлемдер  жасау мақсатында берілетін несие.

     Бұл аталған несиелер несиелер  қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші  деңгейіндегі банктер бүгінгі  күні орта және ұзақ мерзімде  несиелерді бермейді.

       Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2004
  2. Айқын газеті 26.09.2006 [1]
  3. Хамитов Н.Н. «Банк ісі», Алматы, 2006
  4. Мәуленова А.«Экономикалық теория»,Алматы, 2004
  5. Шөлейбай Б. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент», Алматы, 2005
  6. Сахариев Б. «экономикалық теория негіздері», Алматы, 2004
  7. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы, 2005
  8. Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.С. «Қаржы есебі», Алматы, 1998
  9. Алдаберген Ә. «Банк жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың  кепілі»  Егемен Қазақстан, 2004 ж  11- қараша.
  10. М.Т. Жоламанова  «Ақша.Несие.Банк»
  11. http://kk.wikipedia.org/wiki/Коммерциялық_банктер

 


Информация о работе Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары