Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:53, реферат

Описание

Бұл рефераттың тақырыбы «Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар» деп аталады.
Валюталық операциялар – валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер. Олар ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі.
Экономикалық процестерге тигізетін әсерлеріне қарай валюталық операциялар осындай екі негізгі түрге сараланған. Бұған қоса, өткізілу тәртібіне орай олар қолма-қол және шұғыл валюталық операцияларға жіктеледі. Қолма-қол валюталық операциялар кезінде валюталар мәміле жасалған сәтте не одан бір жұмыс күні өткен соң айырбасталады.
Iс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлiнедi.

Содержание

КІРІСПЕ
Валюталық операциялар жөнінде түсінік

Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар

Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы



ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Ком.банктердегі валюталық операциялар.doc

— 134.00 Кб (Скачать документ)

     - Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:

     - Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.

     Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.

     Валюталық бақылаудың негізгі жолдары мынадай:

     1. Өткізілген валюталық операциялардың  заңға сәйкестігін анықтау және  қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.

     2. Мемлекет алдындағы шетел валютасында  резиденттердің міндеттемелерін  өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.

     3. Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру.

     4. Валюталық операциялар бойынша  есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру.

     Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:

     1. Шетел валютасы мен шетел валютасындағы  бағалы қағаздардың Қазақстанда  айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.

     2. Резиденттер мен резиденттер  емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.

     3. Валюталық операциялардың барлық  түрін орындайды.

     4. Шетел валютасы мен бағалы  қағаздармен орындайтын операцияларға  резиденттер мен резидент емес  тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.

     5. Банктерге және басқа да несиелік  мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.

     6. Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.

     7. Басқа да қызметтерді орындайды. 

     Банктерде жүзеге асырылатын валюталық  операциялар 

     Iс  жүзінде валюталық операциялар  ағымдық  операциялар және капитал қозғалысымен байланысты  болып бөлiнедi.

  1. Ағымдық операцияларға жататындар:

     тауарлар  жұмыстар және қызметтер  үшiн төлемнiң  не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен  аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған  аударымдар;

     180 күнен аспайтын несиелер беру  жәе алу;

     салымдар (депозиттер),  инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де  табыстарды алу және аудару;

     осы заңмен капитал  қозғалысына  байланысты операцияларға жатпайтын   барлық өзге де валюталық операциялар.

     2. Капитал қозғалысына байланысты   операцияларға жататындар:

     инвестицияларды жүзеге асыру;

     интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;

     мүлiктiк  құқыққа және өзге де жыложымайтын  мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;

     тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң  не аванс төлемiнiң  мерзiмiн 180 күннен асатын  мерзiмге ұзартуды көздейтiн  экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

     180 күннен асатын несиелер беру  жәе алу;

     өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары  бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;

     зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер  бойынша халықаралық  аударымдар,

     жинақтау  сипатындағы сақтандыру жәе қайта  сақтандыру шарттары бойынша  халықаралық аударымдар.

     Валюталық операцияларды бiздiң елiмiзде  шетел валютасымен банктiк операциялар  жүргiзуде ҚР  Ұлттық банкiнен алған  лицензиясы бар өкiлеттi банктер  ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР ұлттық банк валюталық реттеудi  және валюталық бақылауды жүргiзедi.

     Банктрдiң  жүзеге асыратын валюталық  операциялардың өзiндiк белгiлерiне байланысты  жiктеледi:

  1. Клиенттердiң шоттарын ашу және жүргiзуге байланысты:

     заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер  мен бейрезиденттерге)  валюталық  шот ашу;

     шоттардағы  қалдық бойынша пайыз төлеу;

     операция  жасауларына қарай шоттың көшiрмелерiн  беру;

     кез келген аралық уақытта шот архивтерiн  рәсiмдеу;

     клиенттердiң  тапсырмалары бойынша операияларды орындау (клиенттер есебiне шетел  валютасын сатып ал және сату);

       экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.

  1. Сауда емес операциялар ( клиенттерге тауарлар мен қызметтер экспортты мен импортты  және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсету үшiн есеп айырысуға байланыссыз операциялар) сипатына қарай:

     қолма–қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын  сату және сатып алу;

     шетел валютасын жәе шетел валютасындағы  төлем құжаттарын инкассациялау;

     шетел банктерiнiң жол чектерiн сатып  алу ( төлеу);

     ақшалай аккредитивтердi төлеу.

  1. Шетел банктерiмен корреспонденттiк қатынас орнатуға қарай:

     НОСТРО  шотын (бiздiң шотымыз сiзде) ашу және оны жүргiзу, яғни корреспоненттiк банкке коммерциялық банктiң атына ағымдық шот ашумн байланысты операциялар;

     ЛОРО  шоты (сiздiң шотыңыз бiзде) коммерциялық банкте корреспондент- банктiң атына ағымық шот ашу және оны жүргiзу операциялары.

  1. Конверсиондық операциялар сипатына қарай:

     СПОТ  мәмiлесi – бiр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәмiлелер жасалған күннен кейiнгi банктiң екiншi күнiндегi валюталау күнi жүргiзiлген операциялар.

     ФОРВАРД (мерзiмдi, аутрайт) мәмiлесi бр валютаға қарсы екiншi валютаны сатып алуға және сатуға байланысты мәмiле жасалған күннен кейiнгi 2 банктiк жұмыс күнiндегi  валюталар күнi жүргiзiлген операциялар. Форвард операциясы (мерзiмдi мәмiле) – келiсiлген бағам бойынша  белгiленген күнi бiр валютаны  сатып алуға байланысты  басқа валютаға  айырбастау үшiн жасалған контакт.  

     Валюталық операциялардың негізгі  түрлері және жіктелу  барысы 

     Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, “валюта деп мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның  iшiнде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түрiндегi қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай- ақ  шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттарды бiлдiредi”.

     Кассалық  келісімдер немесе дереу орындалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолданылады.

     Спот  валюталық операциясының мәні келісім  жасалған сәттегі курсы бойынша  валютаны сату, сатып алу және оны  контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.

     Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.

     Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне  келетін болсақ, олар мынадай:

     Форвардтық  келісімдер рыногы;

     Фьючерстер  рыногы;

     Опциондар рыногы.

     Форвардтық  келісімдер мерзімдік контрактылардың  ең алғашқы қолданыла бастаған түріне жатады және олар бағалардың едәуір шайқалуларына  қарсы жауап ретінде қалыптасады. Қазіргі кезде форвард операциялары ең алдымен шетелдік валютамен саудада қолданылады. Форвардтық контракт дегеніміз мүдделі екі жақтың биржаның қатынасынсыз келісімге көрсетілген затты алдағы белгіленген уақытта бір-біріне жеткізіп беруді міндеттейтін келісім шарт.

     Форвардтық  келісім-шарт тек қана валюта төңірегінде емес, сондай-ақ басқа да активтермен, айталық, тауарлар акциялар, облигациялармен де жасала береді. 

     Валютаны  сату, сатып алу жөніндегі форвардтық келісім мынадай ережелерге сүйенеді:

     Келісім-шарт жасаған мезеттегі валютаның  курсы белгіленіп, бекітіледі;

     Валютаны  екінші жаққа тапсыру тұрақты  кезеңдер ішінде, ең көп тараған  кезеңдерде 1,2,3,6 ай мерзімдері жатады. келісім шарт жасалған мезетте ешқандай ақша сомалары ешкімге де аударылмайды.

     Мерзiмдiк  операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты – биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.

     Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.

     Фьючерстік  келісімдердің негізінде нақты  пайыздық ставка мен валюталық бағамдардан  құралған қаржылық шаралар жатыр. Алғашқы  қаржылық фьючерстер биржасы 1972 жылы АҚШ-тың  Чикаго қаласында жұмыс істей  бастады. Сондан бері қаржылық фьючертер саудасының өсу қарқыны тұрақты сипат алып келеді. Соңғы 10 жылдықтың өзінде келісімнен 276 млн фьючертік келісім-шартқа дейін артып олтыр. Аталған уақыт ішінде фьючерстік келісімдер арқылы саудаланылатын тауарлар түрлері едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұдан 25-30 жыл бұрын сауда негізін ауыл шаруашылығы өнімдері құрап келген болса, қазіргі кезде көлемінің жартысынан артығы акциялардың, облигациялардың және шетелдік валюта үлесіне тиіп отыр.

Информация о работе Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар