Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:51, курсовая работа

Описание

Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.

Содержание

Курстық жұмысқа берілген тапсырма
Кіріспе 3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы 4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін
қаржыландырудың көздері
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары. 9
2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары
1
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар 1
2.3 Кооперативтер 1
Қорытынды 2
Әдебиеттер тізімі 2

Работа состоит из  1 файл

Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары.doc

— 215.50 Кб (Скачать документ)

    Меншiк иесiне аударуға жататын таза табыстын үлесi уәкiлдi органның Қаржы министрлiгiмен келiсiлген пайданы бөлудiң жыл сайын анықталатын таза табысты бөлу нормативiнде белгiленедi.

    Мемлекеттiк кәсіпорындардың мүлкiн негiзгi құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрестiлген құндылықтар құрайды. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiктiң, өз қызметi нәтижесiнде сатып алған мүлiктi (ақшалай табыстарды қоса), заңдармен тыйым салынбағая өзге де көздер есебiнен қалыптасады.

    Шаруашылық жүргiзу құкығындағы мемлекеттіх кәсіпорын қызметтiң сан алуан сферасында құрылып, iс-әрікет етуi мүмкiн.

    Кесiпорын өндiретiн тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрестiлетiн қызметтердiң) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық өтеуге, оның қызметiн шығынсыз етуге және оз кiрiс есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.

    Мемлекеттiк тапсырысты орындау есебiне кәсіпорын өндiретін және өткiзетiн тауарлардын (жұмыстардың, қызметтердiң) бағаларын уәкiлдi органның келiсуi бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгiлейдi.

    Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардын, қызметтердiң) бағасын өзi дербес белгiлейдi.

    Кәсіпорын өз қызметiнен алған меншiктi табыстар есебiнен ұсталады. мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртiппен берiледi.

    Кәсіпорын иесiне аударылуға тиiс табыстың (пайданың) үлесi жыл сайын уәкiлдi орган Қаржы министрлiгiнiң (тиiсiнше — оның жергiлiктi органдарымен) келiсiмi бойынша белгiленетiн пайданы бөлудiң нормативiнде көрсетiледi және тиістi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады.

    Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мүлiкке не кәсіпорын қазыналық болып табылады.

    Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгiленген тәртiппен:

    1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

    2) заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртiбi белгiленген мемлекеттiк автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектiлерiнiн жүйесiн ұстау мен дамыту;

    3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желiсiн пайдалану саласындағы қызмет;

    4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;

    5) деңсаулық сақтау, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрыла алады. Қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағаларын уәкiлді орган белгiлейдi. Қазыналық кәсiпорындардын қызметi уәкiлді орган бекiтетiн смета бойынша өз табысының есебiнен қаржыландырылады. Кәсiпорынның меншiктi табыстары оның шығындарын жабуға жеткiлiксiз болған жағдайда қажеттi жетпеген қаражаттар тиiстi бюджеттен бөлiнедi.

    Қазыналық кәсіпорының сметадан тыс алған табыстары тиiстi бюджетке аударылуға жатады.

    Еншілес кәсіпорын — өз мүлкiнiң есебiнен басқа мемлекеттік кәсiпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құкығын шаруашылық жұгiзу құкығындағы кәсiпорындар ғана пайдалана алады.

    Еншiлес  кәсiпорындар негiзгi кәсiпорынды, сонын iшiнде монополияға қарсы заң талабы күшiндегi кәсіпорынды ықшамдау, негiзгi кәсіпорынның филиалдарын дербес заңи тұлға етiп қайта құру, негiзгi өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қосымша және мамандандырылған өндiрiс құру, негiзгi өндiрiстi оған тән емес қызмет пен функция түрлерiнен босату мақсатында құрылады.

    Кәсіпкерлiк  қызметті жүргiзудiң тиiмдi ұйымдық-құкықтық нысандарының бiрi шетелдiк фирмалар қатысқан бiрлескен кәсiпорындар болып табылады. Бiрлескен кәсіпорындардын мүлкi шартта анықталған мөлшерде қатысушылардын салымдары (жарналары) есебiнен құрылады. Бiрлескен кәсіпорындар заңнамамен белгiленген салыктарды төлейдi, бiрлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтiк капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдiк фирмалар қатысқан бiрлескен кәсіпорындарды құрудын және олардың iс-әрікет етуiнiң тәртiбi заңнамамен белгiленген. Кәсiпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әрiптестерге қажетті кепілдiктер, соның iшiңде олардың салықтарды төлегеннен кейiн қалған табысының (пайдасының) бiр бөлiгiн валюта түрiнде шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндiрiске жұмсалымға салу мүмкiндiгiне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардын меншiгiн құкықтық қорғауға кепілдiктер берiледi. 
 

    2.3 Кооперативтер 

    Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.

    Қазiргi кезде кооперация жүйесiнде кооперативтердiк екi негiзгi тұрпаты — өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерi жұмыс iстейдi.

    «Өндірістік кооператив туралы» заңда өндiрiстiк кооператив азаматтардың бiрлескен кәсіпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк салымдарын (үлестерiн) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi делiнген. Өндірiстiк кооперативтер тауарлар, өнiмдер өндiрiп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргiзушi субьектiлерге және халыққа қызмет көрестедi.

    Өндiрiстiк кооператив коммерциялы ұйым және заңи тұлға болып табылады. Ол жеке кәсiпкерлiк үшiн заңнамалық актiлермен тиым салынбаған кәсіпкерлiк қызметтің кез келген түрiн жүзеге асыруға құқығы бар.

    Өндiрiстiк кооператив мүлкiн жарғы салымдары, оның қызметiнен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.

    Кооператив  жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебiнен резервтiк капитал құра алады, ол кооперативтiң несие берушiлер алдындағы мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

    Өндiрiстiк кооперативтiн пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төленгеннен кейiн қалған пайда кооперативтiң толық қарамағында қалады және оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы мен кооперативтiн құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлiнедi.

    Тұтыну кооператтивтi сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көресту арқылы өзiнiң мүшелерiн және басқа азаматтардын қажеттілiктерiн қанағаттандырып отырады.

    Қазақстан Республиқасыныы заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативi мүшелiк негiзде оның мүшелерiнiң (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктік (үлестiк) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардын ерiктi бiрлестiгi деп танылады.

    Заңи  тұлға да селолық тұтыну кооперативiне мүше бола алады.

    Селолық тұтыну кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәріжеде ғана айналыса алады.

    Селолық тұтыну кооперативтерi сауда, дайындау, өткiзу, өндеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметiн және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де қыэметтi жүзеге асыру үшiн мүлiктiк (үлестiк) жарналар есебiнен құрылады.

    Пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативтерi — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиiс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектілер  сыныптамасы. 

Қызметтің сфералары бойынша
Материалдық Материалдық емес

(өндірістік  емес)

Өндірістің  түрлері бойынша
Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
Қызметтің сипаты бойынша
Коммерциялық
Коммерциялық  емес
Меншіктің нысандары бойынша
Мемлекеттік меншік
Жеке  меншік
Қоғамдық  ұйымдардың меншігі
Шетелдік  субъектілердің меншігі
Аралас
Ұйымдық-құқықтық түрлер бойынша
Шаруашылық  серіктестіктері Мемлекеттік Коопе-ратив-тік Қоғамдық ұйымдар Өндіріс-

тік емес сфера-

ның ұйымда-

ры мен  мекеме-лері

шаруашылық  жүргізу құқығындағы жедел басқару  құқығындағы
Толық серіктестік Жауапкешілігі шектеулі серіктестік Акционерлік қоғам Қосымша жаупкершілігі  бар серіктестіктер Сенім серіктестігі Басты Еншілес Қазыналық Өндірістік Тұтыну Қоғамдық бірлестіктер Қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары Қоғамдық  қорлар Мемлекеттік Коммерциялық
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Әндiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын үй—коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.

    Кiрiс  түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

    Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.

    Коммерциялық емес ұйымдар қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай топтастыруға болады:

  • бюджет қаражаттары;
  • мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
  • жағдай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткiзуден түскен түсiм-ақша;
  • түрлi коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келiсiмшарпарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткенi үшін түскен қаражат түсімдерi;
  • мүлiктi жалға беруден түскен түсiм-ақша;
  • халықтың қаражаттары;
  • кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, бiлiктiлiктi артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.

    Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдiске қарай анықталады.

    Коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдар мен мекемелер өздерiнiң қаржы жоспарларын өздерi жасайды. Мұның үстiне тек бюджет қаражаттары есебiнен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметалар жасайды, онда мекеме қызметiнің сипатты көрескiштерi және қаражаттарды сыныптаманың бөлiмшелерi бойынша бөлу қамтып көрестiледi, ал өздерiнiң қажеттiктерiн бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерiмен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.

Информация о работе Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары