Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:51, курсовая работа

Описание

Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.

Содержание

Курстық жұмысқа берілген тапсырма
Кіріспе 3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы 4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін
қаржыландырудың көздері
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары. 9
2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары
1
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар 1
2.3 Кооперативтер 1
Қорытынды 2
Әдебиеттер тізімі 2

Работа состоит из  1 файл

Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары.doc

— 215.50 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республиқасы Президентiнiң «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» заң күшi бар жарлығына сәйкес шаруашылық серiктестiгi — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:

    1) толық серiктестiк;

    2) сенiм серiктестiгi;

    3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;

    4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;

    5) акционерлiк қоғам.

    Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:

    1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;

    2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.

    Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.

    Пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативтерi — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиiс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Әдебиеттер  тізімі 

      1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы  оқулық» - Алматы, 2005 ж.

      2. Толық-экономикалық орысша-қазақша  сөздік – Алматы, 1999 ж.

      3. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы»  - Алматы, 2001 ж.

Информация о работе Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары