Автор работы: V*************@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 19:50, курсовая работа
Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінен басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қырқүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін "Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы деп атауын өзгертті. (Аталған заңға ҚР-ның 1997 жылғы 19 маусымдағы №133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы №285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы №375-1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------4
1.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы------------------------4
1.2 Сайлау құқығы принциптері--------------------------------------------------------5
1.3 Сайлау жүйелері ұғымы--------------------------------------------------------------7
1.4 Қазақстан Республикасындағы сайлау органдары жүйесі---------------------9
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЙЛАУШЫЛАР МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ-----------------------------------------------------------------------------12
2.1 Сайлаушылар дауыс беру үрдісі---------------------------------------------------12
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс----------------------------------------------------------------------------------------------------17
2.3 Сайлаудағы тиімді бағыт теориясы----------------------------------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------
Елбасының қоғамдағы әйелдердің рөлін көтеру туралы бастамасына қарамастан, қалыптасып қалған дәстүрлі менталитет мқны әлі де болса мойындағысы келмей отыр.
Сайлаушылардың мінез-құлқына ықпал ететін келесі фактор — кәсібі немесе қандай салада қызмет атқаратындығы. Социологиялық зерттеу нәтижесі белсенді топты зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет саласындағы (дәрігерлер, оқытушылар) құрайтынын көрсетіп отыр (кесте-3).
Сонымен
сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық
зерттеулер негізінде қандай қорытынды
жасауымызға болады? Сайлауда жас мөлшері
бойынша жастардан гөрі орта жастағы және
зейнеткерлер, жынысы бойынша әйелдерден
гері ер адамдар, білім деңгейі бойынша
жоғары білімді адамдар, кәсібі бойынша
мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет
саласында қызмет етушілер, тұратын аймағы
бойынша Солтүстік және Шығыс аймақтарының
тұрғындары, ал ұлты бойынша Қазақстан
халыктарының арасында орыстар көбірек
белсенділік танытады.
2.2 Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі әлеуметтік-психологиялық әдіс
Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі әдіс — әлеуметтік-психологиялық модель. Бұл бағыт өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің жеке партияларға сенімділігін, өздерін олармен саяси ұқсатуын көрсететін құралы. Осы бағыт негізін қалаушылар Мичиган мектебі зерттеушілерінің пікірінше, сайлаушылар таңдауы өзара байланысты себептер жиынтығына негізделеді. Себептердің ең негізін әлеуметтік-саяси қарама-қайшылықтарды туындататын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар құрайды. Себептердің келесі деңгейі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әлеуметтік-топтық шыдамдылығы мен құндылық бағытына ықпалы.
Сайлаушылардың мінез-құлкын зерттеудің осы жолын, яғни әлеуметтік-психологиялық әдісті басшылыққа ала отырып, қазақстандық сайлаушылар өз таңдауларын қандай негізде жасайды? — деген сұраққа жауап іздеп керелік. Әлеуметтік-психологиялық әдіс өкілдерінің пікірінше, дауыс беру сайлаушылардың өздерінің партиялық идентификациялауын көрсету құралы.
Демократиялық жүйе жағдайындағы электоралдық мінез-құлық сипатының маңызды анықтаушысы қатарында бірінші кезекте партиялық идентификация айтылады. Сайлаушының өзін-өзі белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы әр-түрлі формада көрінеді. Бірақ, барлық елдерде жағ-дай бірдей емес екенін айтуымыз керек. АҚШ-та партиялық идентификация саяси әлеуметтендірудің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Егер американдық зерттеушілер еңбегіне сүйенсек, белгілі бір партияны қолдау сезімі американдық балаларда жас кезінен қалыптастырылады.
Еуропада партиялық идентификация тұрақтылығы кай әлеуметтік топқа жататынына байланысты. Партиялық бағытты таңдауда әлеуметтік топтық сана мен топтық ынтымақтастық сезімі себепкер болады.
Қазақстанда партиялық қатысу жүйесі әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ. Сондықтан сайлаушылардың өздерін белгілі бір саяси партиямен идентификациялауы туралы айту қиын. Себебі, сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулер нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. "Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?"- деген сұракка сауалнамаға қатысқан респонденттердің тек 32% "Ия" - деп жауап берген.
Жалпы Қазақстан азаматтарында нақты бір саяси партиямен өзін идентификациялау әлі де болса қалыптаспаған. Мұның бірден-бір себебі, біздің ойымызша, партиялық жүйенің дамуындағы ерекшеліктермен бай-ланысты. Қазақстан азаматтарының арасында жаңа партиялық құрылысты мойындамаушылық пен түсінбеушілік басым. Егер тарихымыз ортақ Ресей-мен салыстыратын болсақ, онда ресейлік сайлаушылардың (барлық жастағы топтарда) өздерінің партиялық идентификациялауын бірнеше рет өзгерткенін айтуымызға болады. Тіптен барлық партиялардан бас тартушьшық та бар. Бірақ Ресей Коммунистік партиясы басқа париялармен салыстырғанда өз сайлаушыларының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мұны 2003 ж. сайлаудан кейін жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижесі де дәлелдеп отыр. Мысалыға, респонденттердің" басым көпшілігі қай партияға дауыс беретінін сайлау науқанынан әлде кайда ерте анықтаған: 35% — "Единая Россия", 77% -"КПРФ", 50% - "ЛДПР", 14% - "Родина", 53% - "Яблоко", 39% - "СПС". Ал өз тандауларын сайлау күні тек респонденттердің 2-3 пайызы ғана анықтаған.
Қазіргі заманғы өзгерістер сайлаушьшар мінез-қүлқына ықпал етуші факторлар қатарын көбейтіп отыр. Сайлаушылар таңдауына ықпал етуші факторлар қатарында партиялық идентификациямен қатар тақырыптық бағдарды, үміткерге бағдарды және әкімгершілік күшті анықтауымызға болады.
Қазақстандық сайлаушылар арасында да мәселе мәнін түсінуде қиындықтар туындап отыр. Себебі, қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жағдайында қазіргі заманның мемлекеттік басқару жүйесін бағалау үшін арнайы білім, ақпаратты ой елегінен өткізу қабілеті, саяси өмір оқиғаларын әркезде назарда ұстап, оны оңтайлы процедуралар негізінде талдай алу керек. Бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдай қазақстандық сайлаушылардан шыдамдылықты, интеллектуалдық ізденісті талап етеді. Өкінішке орай, қазақстандық сайлаушылардың басым көпшілігіне бұл қасиеттер тән емес. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық, шетелдік қаржыландыру, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару реформасы, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі сияқты және т.б. мәселелер сайлаушылар үшін түсініксіз болып қалып отыр. Бірақ саяси мақсатта (спекуляция) кеңінен қолданылуда. Сайлаушы мінез-құлқы құрылымын қалыптастырушы факторлар қатарында үміткерге бағдар ұстауды айтуымызға болады. Бұл факторды екіжақты қарастыруымызға болады. Бір жағынан, адамның саясаткердің істеген ісіне немесе болашақта істейтін ісіне қарап дауыс беруі. Екінші жағынан, саясаткерді құндылық тұрғысынан қабылдау. Мінеки, дәл осы бөлік саясаткердің жеке харизмасы ретінде анықталады. Харизма саясаткердің өмірбаянына, оның отбасылық өміріне, біліміне, ғылыми немесе спорттағы жетістіктеріне, сонымен бірге оның жеке сүйкімділігіне - келбеті, өзін-өзі ұстай алу, сөйлей алу қабілетіне байланысты.
Сайлаушы мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде қазақстандық тәжірибеге тән тағы бір бөлік — әкімгершілік күшті анықтауымызға бола-ды. Әкімгершілік ықпал әкімгершілік ресурс деп айқындалып жүр. Әкімгершілік ресурс — бұл сайлаушының өзінің саяси таңдауын жергілікті билік қолына беруге дайындығы, яғни сайлаушы таңдауын қалыптастыру. 4
Патерналистік бағыттағы азаматтар — дәл осы әкімгершілік ресурс кезі, негізі. Әрине бүл үрдіс екі жақтың өзара іс-әрекеті болуы керек. Сайлаушыларға әкімгершілік ықпал келесі жолдармен жүзеге асырылады:
1) Нақты кандидатқа дауыс беруге сендіру;
2) Сайлау науқаны кезінде жауапкершілікті кәсіпорын немесе жоғары оқу орындарының жетекшілеріне жүктеу;
3) Кімге дауыс беру қажеттігін айту арқылы көмектесу;
4)
Дауыс беру нәтижелеріне
Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Конституциялық заңының 50-бабының 1 тармағына сәйкес: I. Тұлға:
1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;
2)
дауыс беруге кедергі
3) кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірген;
4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты міндеттерді орындауға кедергі келтірген;
5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзінің лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;
7)
дауыстарды көрінеу қате
8)
сайлау нәтижелерін керінеу
9) дауыс беру құпиясын бұзған;
10) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркін жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергі кел-тірген жағдайда, заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады".
Бірақ бұл заң бабы іс-жүзінде бұзылып, сақталмай отыр. Әкімгершілік ресурсты пайдалану Қазақстандық тәжірибе үшін жаңалық емес. Бұл мәселеде біз отаңцық зерттеуші М.С. Машанның "Сайлауды ұйымдастырудың, 1995 ж. саяси жүйедегі өзгерістерге байланысты, үшінші кезеңі басталды. Бұл сайлауды мемлекеттік аппаратқа сүйене отырып өткізу. Бұл кезеңнің ерекшелігі басқа технологиялармен салыстырғанда әкімгершілік ресурсты басымырақ пайдалануында"— деген пікірімен толығымен келісеміз. Тіптен бұл кеңестік дәуірдегі тәжірибені басқа фор-мада қалпына келтіру дер едік. Бүгінгі күні сайлау науқанында әкімгершілік ресурсты пайдалану тәжірибесі заң бабына қарамастан, одан әрі қарай кеңеюде. Мысалыға, 2004 ж. Парламент Мәжілісіне сайлаудағы саяси әкімгершілікті бағалау мақсатында жүргізілген сауалнамаға қатысқан респонценттердің 75,8% нақты бір партия немесе кандидат үшін дауыс бергізу мақсатында өздеріне жұмыс орындарында, оқу орындары мен түрғылықты жерлерінде қысымшылық жасалғанын көрсеткен [8]. Студенттерге, мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласының қызметкерлеріне басқа сала өкілдерімен салыстырғанда кебірек қысым көрсетілген. Сонымен бірге, сайлаушыларға қысымшылық көрсету келесі қалаларда Қызылордада - 43,5%, Оралда - 38,7%, Семейде -30,8% жоғары болған. Ал қысым көрсету тәсілдеріне келетін болсақ, олардың қатарында өтініш, әңгімелесу, келеңсіз салдарлары болу мүмкіндігін ескерту, жазалаумен қорқыту (жұмыстан шығару, жоғары оқу орнынан шығару) көрсетілген. Тіптен әкімгершілік күш пен сайлаушы арасындағы байланыста өзіндік лексика қалыптасты. "Егер оқудан шығып қалғың келмесе", "Қызмет орнын сақтағыңыз келсе", "Нақты бір кандидатты қолдау керек, себебі оны жоғарыдағылар қолдап отыр" деген сияқты талқылауға жатпайтын, қарсылықты қабылдамайтын, жауапты күтпейтін монолог.
Әрине сайлау науқанында әкімгершілік күшті кеңінен қолдану тек Қазақстанға ғана емес, басқа ТМД елдеріне де тән. Әлемдік тәжірибе де "күштеп дауыс беруге қатыстыру" әлі де болса Италия, Греция, Бельгия, Венесуэла сияқты елдерде сақталып отыр. Осы мақсатта негізінен әртүрлі моральдық және материалдық күштеу шаралары қолданылады. Мысалға, Италияда сайлауға себепсіз қатыспаушылық 5 жыл бойы сот органдарында тіркеледі, ал коммуна мэрлері себепсіз сайлауда дауыс беруден бас тартқандар тізімін көпшілік жерге іліп қояды. Бұл елдерде саяси қатысу көрсеткіштері өте жоғары. XX ғ. 1980 жж. сайлауда дауыс беру Грецияда — 87%, Бельгияда - 87%, Италияда - 93% құрады.
Бірақ,
біздің ойымызша, сайлау науқанында
әкімгершілік күштеуді қолдану кеңестік
тәжірибені қайта қалпына келтіруі әбден
мүмкін. Сондықтан мұндай қысым керсетушілерге
заңда көрсетілген жазалау шаралары нақты
қолданулары қажет. Біз тек сонда ғана
занды сыйлау, оны орындауға қол жеткіземіз.
Бұл өз кезегінде құқықтык мемлекеттің
негіздерін қалайды.
2.3
Сайлаудағы тиімді
бағыт теориясы
Келесі бағыт — тиімді таңдау теориясы. Тиімді таңдау теориясы — американдық саясаттану мектебінің танымал бағыттарының бірі. Бұл тео-рияға сәйкес — саясат саласында барлық адамдар балама мақсаттар мәнін есепке ала отырып, әрі өз мақсатына қол жеткізу үшін тиімді әрекеттер негізінде өз мүдделерін жүзеге асыруға саналы түрде ұмтылады. Жалпы бұл теория шеңберінде жеке таңдау үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік-психологиялық және социологиялық әдістермен салыстырар болсақ бұл әдістің ерекшелігі индивидке әсер ететін сыртқы факторлардан гөрі, оның ішкі әлеміне көп мән беруінде.
Сонымен, тиімді таңдау теориясының өкілдері саяси белсенділік мәселесінде шешуші рөлді жеке тұлғаның тиімді мүддесі атқарады деп есептейді. Осы мектепті" танымал өкілі "нарықтық демократия" тұжырымының авторы А. Даунс пікірінше: "Кез-келген тиімді адам басқа шешімдерді қалай қабылдаса дауыс беруге қатысты шешімді де солай қабылдайды: егер кіріс-шығыстан жоғары болса, онда ол дауыс береді; ал олай болмаған жағдайда — ол қалыс қалады". Әрине, зерттеушілердің басым көпшілігі мүндай зерттеулер дөрекі, әрі сайлаудың тұрақты дәстүрі қалыптасқан кішігірім территорияларда ғана шамамен нәтиже береді деп есептейді. Дегенмен, кезіндегі патша үкіметінің тұсында да Қазақстан жерінде ұйымдастырылған болыстық сайлауларда дауысты сатып алу, пара берудің тән болғаны белгілі. Кезінде Ш. Уәлиханов бұл жәйінде "...бізде билер өзінің ықыласты мамандықтарымен айналысады, әрі өзінің билігін сақтап қалуға тырысудың да себебі бар. Сайланған чиновник болғаннан кейін жұрттың бәрінен пара алып, өзі де бәріне пара беретін біздің болыстардан одан айырмашылығы болмайды", — деп көрсеткен.
Ал Абай болса "болыс пен биді құрметтейін десең құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болы-стық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ" , — деп ашына жазған.
Бүгінгі қазақстандық тәжірибеге сүйенер болсақ сайлау алдында сыйлықтар жасау, тегін ойын-сауықтық шаралар ұйымдастыратынын біз жоққа шығара алмаймыз. Сонымен бірге, сайлау науқаны кезіндегі кандидаттар бағдарламасының басым бөлігі сайлаушыларға материалдық жағдайды жақсартуға бағытталған уәделерден тұрады. Мысалыға, 2004 ж. Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау науқанында АИСТ сайлау блогы сайлаушыларға жалақы кемінде 30 000 теңге, зейнетақы кемінде 15 000 теңге болады деп уәде етті. Ал, мүғалімдер мен дәрігерлер жалақысын, зейнетақыны көтеруге уәде етпеген кандидат жоқтың қасы.
Сайлаушылар мінез-құлқын зерттеудегі келесі бағыт бұл экологиялық немесе географиялық фактор ықпалын анықтау.
Кестеден сайлаушылардың тұратын аймағына байланысты белсенді аймақты анықтауымызға болады. Бірінші орында — Солтүстік аймақ, екінші орында — Шығыс, үшінші орында Орталық — аймақ тұр (4-кесте).
Егер солтүстік және шығыс, орталық аймақтарында негізінен орыс ұлтының қоныстанғанын ескерсек, қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқы-на ықпал ететін келесі фактор — ұлты болып табылады. Кестеден "Сіз 2004 ж. сайлауға қатыстыңыз ба?" деген сұраққа "ИЯ" деп жауап берген респон-денттерді 77,4 орыс ұлтының өкілдері {5-кесте).
Осы географиялық фактор қатарына қазақ жүздерінің орналасуы да ыкдал ететінін айтуымыз керек. Себебі, сайлауда дауыс беру барысында сай-лаушылар таңдауына, әсіресе ауылдық-селолық түрғындар арасында, ықпал еткен факторлардың бірі үміткердің шыққан руы. Бұл Оңтүстік аймақ тұрғындарына көбірек тән болып келеді.
Сонымен, Қазақстан азаматтары демократиялық институттардың басты элементі ретінде сайлауда дауыс беруге қатысу арқылы еліміздің дамуына барлық жағынан әсер етуде. Себебі, сайлау барысы мен нэтижелері мемлекет дамуының сипатын анықтайтыны сөзсіз.
Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында өткен сайлау науқандары мен сайлаулар азаматтық қоғамның, құқықтық мемлекеттің қалыптасуында ма-ңызды кезең болды. Біз олардан демократиялық даму жолындағы елдің жетістіктерін де, кемшіліктерін де көреміз.
Біз өз зерттеуімізде қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын социологиялық әлеуметтік-психологиялық, тиімді таңдау теориясы мен гео-графиялық фактор сияқты әдістерді пайдалана отырып зерттеу негізінде келесі қорытындыға келдік: қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқына, олардың таңдауларына білімі, кәсібі, жасы, жынысы сияқты әлеуметтік-демографиялық факторлармен қатар, географиялық және экономикалық факторларда ықпал етеді. Тиімді таңдау теориясы тұрғысынан қарастырғанда қазақ коғамында емір сүрген кейбір келеңсіздіктер қайта оралмас үшін, елдің экономикалык хал-ахуалын көтеру қажет.