Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 12:39, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.</h4>
Кіріспе 3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы 5
1.1.Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері 5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері 10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны 15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері 19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау 23
2.1. Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау 23
2.2. Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау 32
3. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру 39
Қорытынды 43
Қолданылған әдібиеттер тізімі 44
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.
Кәсіпорынның өтімділігін талдау меншікті айналым капиталы көлемінің 6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.
Кәсіпорын
қаражаттарының тәуелсіздік (
Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.
Қарыздық
және меншікті капитал
Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жаағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді.
<h4>3. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Тәуекелділік
жағдайында шешімдер қабылдау
кезінде қолданылатын нақты
Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады. </h4>
Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.
Тәуекелді
басқару жүйесінің қызметін
Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.
Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.
Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.
Тәуекелді
басқару бойынша шараларды
Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.
Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- қаржылық тәуекелмен
байланысты мүмкін
- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.
Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.
Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.
Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.
Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.
Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу.
Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.
<h4>Қорытынды
Берілген курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайына талдау, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Жұмыстың теориялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.</h4>
Жұмыстың талдау бөлімінде «
Жұмыстың соңғы бөлімінде қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде кәсіпорында тәуекелдерді басқару бөлімшесін құру, оның құрылымында мамандар тізімі берілген.
Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
<h4>Қолданылған әдібиеттер тізімі
Қосымша
«Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы бухгалтерлік балансы.
Бап атауы |
01.01.2004ж. |
01.01.2005ж. |
Активтер |
||
1 |
2 |
3 |
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР: Материалды емес активтер Негізгі құралдар: Жер Құрылыстар мен ғимараттар Машиналар мен жабдықтар Көлік құралдары Басқа негізгі құралдар Негізгі құралдар амортизациясы Аяқталмаған құрылыс Дебиторлық қарыз Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарызы Басқа дебиторлық қарыз |
51 3147215 8792 1040634 1978982 83743 35064 1490461 442476 3894 3894 |
100 3838334 8421 1172572 2498416 105332 53593 1724930 163498 2895 2166 729 |
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР БАРЛЫҒЫ |
2103175 |
2279897 |
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР: Тауарлы-материалдық запастар Материалдар Тауарлар Дебиторлық қарыз Авансталған төлемдер Болашақтағы шығындар Алуға тиісті шоттар Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарызы Басқа дебиторлық қарыз Ақша қаражаттары |
115835 112353 3482 151381 9403 611 138051 1639 1677 9841 |
79898 77245 2653 142034 4801 991 132342 2135 1765 1861 |
Ағымдағы активтер барлығы |
277057 |
223793 |
Баланс |
2380232 |
2503690 |
Меншік капитал және міндеттемелер |
||
Меншікті капитал: Жарғылық капитал Төленбеген капитал бөліндеген табыс(шығыс), оның ішінде: Есеп беру жылына |
395059 286684 780369 |
395059 248897 955704 955704 |
Меншікті капитал барлығы |
1462112 |
1599660 |
Ағымдағы міндеттемелер: Қысқа мерзімді несиелер Несиелік қарыз Төленуге тиіс шоттар мен вексельдер Алынған аванстар Салықтар бойынша қарыз Негізгі және оның филиалдары арасындағы ішкі топтық қарыздар Басқа дебиторлық қарыздар Төленуге тиіс шығыстар Болашақтағы табыстар |
0 918120 15955 25901 13198 813262 13135 31897 4772 |
0 904030 11114 22519 10120 825736 5280 29261 |
АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР БАРЛЫҒЫ |
918120 |
904030 |
БАЛАНС |
2380232 |
2503690 |
Информация о работе Кәсіпорындағы тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері