Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:03, курсовая работа
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Кіріспе .....................................................................................................................3
I.Лизингтің пайда болуы......................................................................................5
1.1.Лизингтің экономикалық мәні.........................................................................5
1.2. Лизингтің түрлері.............................................................................................9
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......................11
2.1. Банктердің лизингтік операциялары………………………………..….… 11
2.2. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау................................16
III. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы...............................................................................................................22
3.1.Лизингтің Қазақстандағы дамуы...................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................26
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:
- лизинг беруші сатып
алушыдан лизинг бұйымын
- лизинг алушы келісімшартқа
сәйкес төленуге жататын
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг
– лизингтің бұл түрі, онда
сатушы осы бұйымды кері
- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;
- толық лизинг – лизингтің
бір түрі, онда лизинг беруші
ағымдағы жөндеу және оның
лизинг бұйымына техникалық
- таза лизинг – лизингтің
бір түрі, онда лизинг алушы
ағымдағы жөндеу және оның
лизинг бұйымына техникалық
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.
Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
2.1 Банктердің лизингтік операциялары
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
4 1
1) құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2) құрал-жабдық үшін төлем;
3) құрал-жабдықты жеткізу;
4) лизингтік төлемдер.
Лизинг сызбасы
Мұндағы лизингтік төлемдердің
жалпы сомасының есебі
ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС
мұндағы,
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы
амортизациялық аударымдар
НТ – лизинг берушінің
несиелік ресурсты
КТ - лизингтік келісім шарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің
көрсеткен қызметі үшін
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
БҚ х На
100
мұндағы,
БҚ - мүліктің баланстық құны;
На - амортизациялау нормасы, (%).
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НР х НС
100
мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
Қб - Қа
НР = ¾¾¾¾¾ ,
2
мұндағы,
Қб – мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
НР х Кс
100
мұндағы,
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ = Ші + Шқ + Шж + Шб,
мұндағы,
Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб - басқа да шығыстар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
Лизингтік контракт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш контракті жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл контрактінің соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнынының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік контракт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: “Қаржы лизингі туралы” ҚР заңының (5.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік төлемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
2.2 Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын
талдау
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.