Лизингтің пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:03, курсовая работа

Описание

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастарының жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

I.Лизингтің пайда болуы......................................................................................5
1.1.Лизингтің экономикалық мәні.........................................................................5
1.2. Лизингтің түрлері.............................................................................................9
II. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары ......................11
2.1. Банктердің лизингтік операциялары………………………………..….… 11
2.2. Коммерциялық банк лизингтік оперцияларын талдау................................16
III. Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы...............................................................................................................22
3.1.Лизингтің Қазақстандағы дамуы...................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................26

Работа состоит из  1 файл

kyrsovoy.docx

— 69.13 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында  лизингті дамыту негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Осы мәселені елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден - бір жолы болып табылады.

Лизингтің көмегімен жылжыйтын  және жылжымайтын мүліктерді қомақты  қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны көлік құралдарын және т.б. өз игілігіне пайдалануға  мүмкіншілік алады. Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды  іске асыра бастағанда пайда болған. Лизингілік операцияны іске асыратын коммерциялық банкілік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын-ала  сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі  шарттарға сәйкес пайдалануға берумен  айналысатын лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың жалпы көлемінде  лизинг үлесі АҚШ – та 50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады. Елімізде соңғы жылдары инвестициялық қызметтің бір түрі – қаржылық лизинг даму үстінде. Өкінішке қарай, экономикалық прогресс және нарықтың дамуы нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретін қаржы құралы – лизинг туралы жалпы көпшілік жақсы біле бермейді.

Қаржылық лизинг – бұл  өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі  төлемді қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтың амортизациясының толық құнын және оның құнының 90% құрайтын лизингілік төлемдер. Бұл  лизингтің түріне мынадай сипаттама  беріледі; келісімге қатысушылар  құрамына мәміленің объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді. Сонымен қатар бұл  мәміленің объектісін жалға алу  мерзімі оның қызмет көрсету мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің объектілері  өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің қалдық құны, лизингілікті өтеген жағдайда лизингілік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның бастапқы құнының 20% құрауы керек.

Қаржылық лизингі шұғыл  лизингтен ерекшелігі елеулі түрде  мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді, оның шарты көбіне ұзақ мерзімді банк несие алуда түзілетін келісім-шартқа ұқсас, өйткені құрал жабдықтың  құнын толық өтеуді, құрал жабдық құны мен қожайынның кірісі қосылатын  кезеңдік төлемді еңгізу; оның келісімді орындауға қабілетсіздігі жағдайында жалгерді банкрот деп жариялау құқығы, т.б.

Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәскелестік  қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапалы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта  қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар пайдалануда.

Қазақстанда кәсіпкерлік  саласында лизингтік қарым –  қатынастарды дамытуға сәйкес 2000 ж. 5 шілдесінде «Қаржылық лизинг туралы» Заң  қабылданды. Бұл заң негізінен  ҚР лизингті қаржыландыруды нақты дамытуға арналған басты нысан болып табылады.

Қаржылық лизинг - банктік  несиелеудің альтернативі болып  табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың  ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға  көп шығын жұмсамай – ақ қажетті  тауарларды алуға немесе өндірістік құрал – жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді.

Қаржылық лизингтік қызметтерді  тұтынушылардың ішінен экономикалық нақты  секторларын, соның ішінде шағын  және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп  қарастырудың маңыздылығы зор. Бәрімізге  белгілі шағын және орта кәсіпорындардың  өзіндік қаражаттары өндіріске  қажетті мүліктерді сатып алу  үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің  төмендігі банктік несиелерді алуда  кедергілер туғызады. Міне, осындай  жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын  кәсіпорындар үшін – лизинг құтқарушы  құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік  компаниялар құрылғыларды сатып  алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне алады. Шағын кәсіпкерлікті  жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін  қайта өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.

Сонымен бірге, қазіргі кезде  көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың  қажеттілігі кезек күттірмес  мәселелердің бірі болып табылады.

Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі  орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың  инвестициялық жобаларының болуы  экономиканың нақты секторын несиелеуге ақша қаражатынсыз жеткілікті деңгейде бөлінбей отыратындығын көрсетеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктер  несиелеудің қайтарылмай қалу тәуекелдерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен – күнге күшейтуде.

Жалпы лизингтік саланың  дамуы экономикалық дамуға бірнеше  бағыттар бойынша әсер етеді. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қомыша формасы болып табылатындықтан  күрделі салымдар көлемін ұлғайтады. Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын  тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәскелестік туғызады.

Міне, осындай мәселелерге  байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда  қаржылық лизингтік қызметті жедел  дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін  аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша кәсіпорындардың негізгі  қорларын жаңартуға 800 млрд. теңгеден кем  емес инвестиция талап етіледі, бұл  өткен жылдары банкілер берген несиенің көлемімен екі есе дерлік асады.

Жыл сайын республикада негізгі  өндірістік қорлардың тек 0,8-1,2 –  сі ғана жаңарады, ал бұл кезде дамыған  елдерде бұл көрсеткіш 6-8% - ті құрайды.

Банкілер олар құрған мамандандырылған еншілес компаниялар («БТА – лизинг», «Халық – лизинг», т.б.) арқылы тікелей  лизингтік операциялар жүзеге асады.

Бүгінгі таңда қаржылық лизинг көптеген әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік  береді.

Қаржылық лизинг жағдайында лизинг жөніндегі келісім – шарт кезінде шаруа қожалағы жалға  берушіге жалға берілетін мүліктің тұтас құнын қояды, нәтижесінде  ол мүлік иесі атанады.

Тағы бір айтатын жағдай экономиканың нақты секторларын  дамыту шеңберінде қаржылық лизингтің  кең түрде дамуын төмендегідей жағдайлар  мүмкіндік береді:

1. Өнеркәсіптік өнімдер  өндірісінің көлемін жоғарылату  арқылы оларға деген сұраныс  үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз  ету.

2. Экономиканың нақты  секторларынан яғни, өндіріске жаңа  техникалар мен технологияларды  ендіруді жеделдету. Елде бәсекелестік  өндірісті құру.

3. Өндірістік салалық  құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік  өндіріске дұрыс көңіл бөлген  жағдайда елдегі шикізат, қаржылық  ресурстарды тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді.

4. Дайын өнімдерді шетелдерден  әкелу көлемін азайту. Себебі, ұлттық  экономика шеңберінде де дайын  өнімдер өндірілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік  құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы  мүліктерді пайдалану шамасы бойынша  борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік  келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін

        Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты -  қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

        Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

        Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

        Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру  қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер   банктер

тарапынан  пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

        Жалпы лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қомыша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады. Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәскелестік туғызады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. 2010 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулық.
  2. 2009 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен  бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесі.
  3. 2011 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесі.
  4. “Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2009 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысы.
  5. Екінші деңгейдегі банктердің аудармалы және жай вексельдермен операцияларын жүргізу ережесі.  15.11.2010 ж. ҚҰБ Басқармасының N 397 қаулысымен бекітілген
  6. Ұлттық Банктің Басқармасының 2009 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен  бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесі.
  7. Мақыш С.Б., Ілияс  А.Ә. Банк ісі: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004
  8. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.
  9. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004
  10. Макыш. С.Б., Ильяс А.А. Банкосвое дело: учебное пособие Алматы. Қазақ университеті, 2006.
  11. Банковское дело: учебник / под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 2004.
  12. Банковское дело: учебник / под ред. О.И. Лаврушина // Москва “Финансы и стататистика” 2004.
  13. Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңы. //Егемен 2010.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Лизингтің пайда болуы