Мемлекеттің кірістері мен шығыстары құрамы мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 17:05, реферат

Описание

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Оларқұндықбөліністіңжекекөздерінбілдіреді. Категориялардыңекеуідебюджеттіңөзісияқтыобъективтіжәнеолардыңөзгешеқоғамдықарналымыболады:кірістермемлекеттіқажеттіақшақаражаттарыменқамтамасызетеді,шығыстарорталықтандырылғанресурстардыжалпымемлекеттікқажеттіліктергесәйкесбөледі.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының.doc

— 104.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының

құрамы мен құрылымы  

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы болып отырады. Оларқұндықбөліністіңжекекөздерінбілдіреді. Категориялардыңекеуідебюджеттіңөзісияқтыобъективтіжәнеолардыңөзгешеқоғамдықарналымыболады:кірістермемлекеттіқажеттіақшақаражаттарыменқамтамасызетеді,шығыстарорталықтандырылғанресурстардыжалпымемлекеттікқажеттіліктергесәйкесбөледі. Бюджеттіңтүсімдерікірістер, бюджеттіккредиттердіөтеу, мемлекеттіңқаржыактивтерінсатудантүсетінтүсімдер, сондай-ақмемлекеттікқарыздар, алоныңшығыстарышығындар, бюджеттіккредиттер, қаржыактивтерінсатыпалу, қарыздарбойыншанегізгіборыштыөтеуболыптабылады.

Кірістерменшығыстардыңқұрамыменқұрылымынақтыәлеуметтік-экономикалықжәнетарихижағдайлардажүзегеасырылатынмемлекеттікбюджетжәнесалықсаясатынжүргізудіңбағыттарынабайланыстыболады. Бұлкездемемлекетбелгілібіржағдайлардакірістердіқалыптастырудыңжәнешығыстардыжұмсаудыңқолайлынысандарыменәдістерінпайдаланады.

Нарықтық қатынастарға кешкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік  бюджетінің кірістері мемлекеттік  кәсіпорындардың ақша жинақтарына  негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

Дағдыдағыдай, кірістердің  қөзі салықтар немесе оларға бара-бар  төлемдер болып табылады. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістерісалықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері — бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.

Бюджеттің шығындары—қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1)  мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2)  тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік  тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік  саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің  тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға  ақшалай төлемдер—қызметкерлерге  еңбегі үшін ақшалай төлемдерден  басқа, Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінесәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңи тұлғаларға  субсидиялар—мемлекеттік мекемелер  және қоғамдық бірлестіктер болып  табылмайтын заңи тұлғаларды  өтеусіз және қайтарусыз негізде  қаржыландыру;

6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңи тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтеріқұрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

1) төтенше резервті;

2)  шұғыл шығындарға арналған резервті;

3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар,  астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)  бюджеттерінің кассалық алшақтығын  жабуға арналған резервті кіріктіреді.

Үкімет резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері  қөлемінің екі пайызынан аспауға  тиіс.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен  ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында  көзделген ақша толық көлемінде  пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған  немесе ішінара пайдаланылған  

жағдайда, бюджет бағдарламасының өкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін  пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді.

Операциялық сальдобюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Ағымдағы бюджеттік  бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің келемінен асып түспеуге тиіс.

Таза бюджеттік кредит берубюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:

1) қаржы активтерін  сатып алуды;

2) мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдерді кіріктіреді.

Қаржы активтерін сатып алу—заңи тұлғалардың, соның  ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік  меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.

Мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан түсетін түсімдер—  мемлекеттік меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік  мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтемемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджет тапшылығы (профициті)таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып  табылады.

Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері  әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—қарызалу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет  

қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі  борышты етеу сомасынан асып түсуі  ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді  жөне бюджет тапшылығының шамасына сай  келеді.

Бюджет профицитін пайдалану—қарыздарбойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді  және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді.

Қазақстан Республикасының  экономикасы басынан кешіріп  отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері  мен шығыстарына айтарлықтай  ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе  оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттің кірістері— бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

"Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке -түсетін кірістер мыналар болып табылады:

1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер:корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жекекуәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және 

көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер  бергені үшін алынатын мемлекеттік  баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2)  салықтық емес түсімдерреспубликалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санк-циялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);

Информация о работе Мемлекеттің кірістері мен шығыстары құрамы мен құрылымы