Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 17:05, реферат
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Оларқұндықбөліністіңжекекөздерінбілдіреді. Категориялардыңекеуідебюджеттіңөзісияқтыобъективтіжәнеолардыңөзгешеқоғамдықарналымыболады:кірістермемлекеттіқажеттіақшақаражаттарыменқамтамасызетеді,шығыстарорталықтандырылғанресурстардыжалпымемлекеттікқажеттіліктергесәйкесбөледі.
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер(республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері(облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.
Республикалық бюджет кірістерінің
көлемімен құрылымы.
Дерек көзі:Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары— бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету:Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру:білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау:жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекет
экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендергетөлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу:стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің
біліктілігін арттыруды қоса алғанда),
бюджеттік инвестициялық
Республикалық бюджет шығыстарының
көлемі мен құрылымы (2003ж.)
Дерек көзі:Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Нарықтық қатынастарға
кешу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы да айтарлықтай
өзгерістерге ұшырауда — ұлттық шаруашылықтың,
ең алдымен орталықтандырылған күрделі
жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары
шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік
кәсіпорындардың едәуір белігі акционерлік
қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті
қаражаттар мен ресурстар есебі
Алайда нарықтық
механизмдердің іс-әрекеті жағдайында
да жеке салалар мен аумақтарды,
мемлекеттік инвестициялық
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.
Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды.
Бюджет тапшылығы соз жоқ, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты «жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады.
Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына - тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс.
Жалпы
түсінікте кірістердің
БюджетТапшылыгыОнынСыныптамасы
Бюджет тапшылығы (профициті)
кірістер мен шығындар, таза бюджеттік
кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар
бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.
Теріс белгісімен алынған шама - бюджет
тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет
профициті болып табылады.
18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын
Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі
алынған қарыздар, бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары сомасының
қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу
сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні
оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының
шамасына сәйкес келеді.
2. Бюджет профицитін пайдалану қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет
профицитін, қарыздар қаражатын, бюджеттің
пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын
жұмсау жолымен жүзеге асырылады.
Бюджет профицитін пайдалану көлемі қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеу сомасының
алынған қарыздар және бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары сомасынан
асып түсуі ретінде айқындалады.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс
белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің
шамасына сәйкес келеді.
юджет
тапшылығы (профициті) таза бюджеттік
кредит беруді және қаржы активтерімен
жасалатын операциялар бойынша сальдоны
шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға
тең.
Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы,
оң белгімен алынған шама бюджет профициті
болып табылады.
Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті
мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың
орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет тапшылыгын қаржыландыру—қарыз
алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары
есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз
ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының,
бюджет
қаражаты
қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша
негізгі борышты етеу сомасынан
асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні
оң белгімен белгіленеді жөне бюджет тапшылығының
шамасына сай келеді.
Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар
бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет
профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет
қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның
көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу сомасының алынған қарыздар және
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.
Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс
белгімен белгіленеді және бюджет прфицитінің
шамасына сай келеді.
Информация о работе Мемлекеттің кірістері мен шығыстары құрамы мен құрылымы