Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:19, курсовая работа

Описание

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ..........................................................4
1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы салықтардың рөлі ................................8


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудағы салықтар және олардың түрлері ...........................................11
2.2 Салықтардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы мысалында) ...........................................19
2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері .........................26

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары Жамал ЮАЙБИ 2011-0.doc

— 328.00 Кб (Скачать документ)

    Бюджет қаражаттарының  әлеуметтік бағыттылығының зор  маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

    Қаржылық жоспарлау процесінде  бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.

    Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы салықтардың рөлі

 

Салықтар мемлекеттер  пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта  құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса  жүредi.

“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi төлем ретiнде қарастырылады. /3, 19 б/

Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:

  1. Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
  2. Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетедi.

Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сяртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса осы мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы дамытуға, ынталндаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады. /3, 25 б/

Осы салық салуға байланысты әр дәуiрде мемлекет қайраткерлерi. Экономистер, философтар, аңгерлер көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етiлген нысаны” ретiңде анықтаса, салық салу теориясының негiзiн салушылардың бiрi А.Смит “Салық төлеушiлер құлшылықтың белгiсi емес, бостандықтың белгiсi” деп тұжырымдаған.

“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемежәне белгiлi бiр уақытта  түсетiн мiндеттi төлем ретiнде  қарастырылады.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.

Сонымен, салықтардың  жалпы экономика дамуында атқаратын  келесiдей үш қызметтерi бар:

  1. Фискалдық;
  2. Рететушiлiк;
  3. Бақылаушылық.

Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. 

Баршаға белгілі 2011 жылы салық жүйесінде әділеттілікті, оның тұрақтылығы және анықтылығын, салық төлеушілердің барлық категориясына қатысты салық жүктемесініңбаланстылығын және салық жүйесінің экономикалық процестерге қатысты бейтараптылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжат – Салық Кодексі пайда болды.  /1/

Аталған заңнаманың негізінде  салықтар мен басқа да міндетті төлемдер санының қысқартылуы және салық салу механизмінің оңайлатылуы, салық салу қағидаттарының халықаралық стандарттарға көшірілуі, салық жүйесінің экономика талаптарына сәйкестендірілуі елдегі салық ауыртпалығының төмендеуіне, шаруашылық субъектілерінің қызметінің тұрақталуына және сәйкесінше мемлекеттік бюджетке түсімдердің жоғарлауына мүмкіндік жасады.

Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс  көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.

Салықтардың екiншi маңызды  қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қойиай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк  инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет. Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы, әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi 35-40 пайыздан аспауы қажет.  /4, 63 б/

Салық механизмiмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн  зерттеген ғалымдардың тұжырымдароы мынаны дәлелдейдi:

  • Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуыа әкелiп соқтырады. Себебi, рыноктағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай қалады.
  • Ешер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
  • Егер салық мөлшерi  салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.

Қазақстан Республикасында  корпорациялық табыс салығының  қазiргi кездегi ставкасы 20%, ауылшаруашылығындағы өндiрiс орындары үшiн ол шама 10% ғана болып отыр.  /5, 67 б/

Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi қызметiн көрсетедi.  Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып отыр.

Салықтардың экономикадағы  келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық қызметi, яғни салықтық бақылау.  Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады.

Салық жүйесiн мемлекет пен заңды  тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары  анықтайтын салықтар, салық механизмi яғни, салық салу әдiстерi мен тәсiлдерi, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесiмдердiң, салық қызметi органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесi мемлекет қаржы көздерiн жасаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына  және саяси әлеуметтiк шаралардың толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады. Елiмiздiң салық жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге бөлiп қарастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

 

2.1 Қазақстан  Республикасы мемлекеттік бюджет  түсімдерін қалыптастырудағы салықтар  және олардың түрлері

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1) кiрiстер: /1/

    • салықтық түсiмдер;
    • салықтық емес түсiмдер;
    • негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
    • ресми трансферттер түсiмдерi;

2) шығындар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттiк кредит беру:

    • бюджеттiк кредиттер;
    • бюджеттiк кредиттердi өтеу;

5) қаржы активтерiмен  жасалатын операциялар бойынша  сальдо:

    • қаржы активтерiн сатып алу;
    • мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

6) бюджет тапшылығы  (профицитi);

7) бюджет тапшылығын  қаржыландыру (профицитiн пайдалану):

    • қарыздар түсiмi;
    • қарыздарды өтеу;
    • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджет кiрiстерi салық  және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми  трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде  берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.

Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық  жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап, дамып және нығайып келедi. Бұл  орайда 2005 жылдың 1-шi қаңтарынан iске қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер мен жаңалықтар енгiзiлдi. /2/

2003 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2005 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.

Жаңа Салық Кодексi Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
  • әлеуметтiк салық;
  • жер салығы;
  • көлiк құралдары салығы;
  • мүлiк салығы. /2/

Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдарға:

  • заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
  • аукциондардан алынатын алым;
  • елтаңбалық алым;
  • жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
  • телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым. /2/

Информация о работе Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары