Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:19, курсовая работа

Описание

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай орталықтандырылған қаржылардың негізін мемлекеттік бюджет құрайды.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТАБЫСТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

1.1 Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі ..........................................................4
1.2 Бюджет табысын қалыптастырудағы салықтардың рөлі ................................8


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТАБЫСТАР

2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджет түсімдерін қалыптастырудағы салықтар және олардың түрлері ...........................................11
2.2 Салықтардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы мысалында) ...........................................19
2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері .........................26

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................36

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары Жамал ЮАЙБИ 2011-0.doc

— 328.00 Кб (Скачать документ)

 

2011ж. заңды түлғаларға салынатын мүлік салығы болжамдалған 1937693,0 мың теңгеден асып, нақтылай 2096556,0 мың теңгені қүрады немесе 108,2%-ке орындалды. 2010 жылмен салыстырғанда түсімдердің есімі 599258,0 мың теңге немесе 40% құрады.

Қаланың аудандары бойынша  жоспардың орындалуын қарастыратын болсақ:

1.       Алмалық  ауданы — 107,1%

2.       Әуезов  ауданы — 107,3%

3.       Бостандық  ауданы—110,2%

4.       Жетісу  ауданы — 104,5%

5.       Медеу  ауданы — 112,6%

6.       Түрксіб ауданы ---104,7%

Түсімдердің көбеюі келесі салық төлеушілердің негізгі  құралдар алуымен байланысты:

1.   "Алаш" 2011ж. - 21457,0 мың теңге, 2010ж -24758,0 өсім сомасы -3301,0 мыңтеңге;

2.  "Ақ Бірлік" 2011 ж. - 25,0 мың теңге, 2010ж. - 28754 мың теңге, өсім сомасы - 3754 мың теңге;

3.  "Цветмет" 2010 ж. - 19331,0 мың теңге, 2011ж. - 26789,0 мың тг, өсім сомасы 7458,0 мың тг;

Сонымен қатар Болжамның  артық орындалуы мынағанда байланысты:

1.   "Каспиан   прогрессив   технолоджи"- бұл   мекеме   жылдық   салық соммасын ағымдағы жылдың басында түгелдей төлеп тастаған — 8146,4 мың тг;

2. Афк Ардагер —  1277 мың тг;

3. ГКП Водоканал —  4758,2 мың тг;

4. ААҚ Казкоммерцбанк—  14311,1 мыңтг.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінде және жедел басқару құқығындағы қосымша мүлік объектілерін салық есебіне тіркеу нәтижесінде;

- бау-бақша  қауымдастықтарын және гараждық  кооперативтерін   салық салуға тартумен;

- өткен жылдардағы салык берешегін өндіріп алу нәтижесінде болды.

Әлеуметтік  салыққа тоқталатын болсақ:

Салық органдарының бакылауында 79477 кәсіпорын есепте түр, сонын ішінде 28218 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған.

2010ж 1826 кәсіпорында тексеріс жүргізілді, онын ішінде 594 кәсіпорынында бүзушылык табылған. Тексеріс нәтижесінде косымша 295723,8 мың тг есепке алынды. 172397,8 мың тг төленген.

Әлеуметтік салық  болжамдалған 21655301 мың теңгеден асып. нактылай түсімдер 22876505 мың теңгені  кұрады немесе 105,6%-ға орындалды. Өткен  жылмен салыстырғанда түсімдер 1395144 мың теңгеге немесе 6.5%-ға өсті. Бюджетке түсімінің артуы жаңа ірі салық төлеушілердің есепке тұруымен байланысты. Мысалы: ЖШС "ВІР8" - 10596,2 мың тг, Алматы қаласындағы филиалы "Казстройсервис" - 9429,8 мың тг;

ЖАҚ "ЭЙР" - 13217,6 мың  тг.

 ААҚ "Альянс банк" - 1 1 33 1 ,7 мың тг.

ЖАҚ Корпорация "КУАТ - 1 1 128 мың тг ;

Салық бойынша берешекті 206845.0 мыңтеңге өндіріп алу. Тек осы  жоғарыда аталған кәсіпорындар 2011 жылы 2010 жылға қарағанда қосымша 683346.0 мың теңге түсті. Салық органдарының есебін; 01.01.2010 ж 15287 жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер ретінде тіркелген. 14001 салықты төлеуге тартылған. 2011ж 471 салық төлеушілерле тексеріс жүргізілді, 238-де бұзушылық табылған.

 

 

7-кесте

Алматы қаласы бойынша 2010-2011 жылдарға ішкі өнім тауарларына акциздер түсімінің салыстырмалы кестесі (мың тг.)

Атауы

2010жыл

2011жыл

 

Болжам

Нақты

%

Болжам

Нақты

%

Арақ

17022

193768

110,1

190980

215134

112,6

Ликер арағы

2775

1942

70,0

3429

3091

90,1

Шарап

62832

72876

116,0

62536

65844

105,3

Коньяк

15720

22458

142,9

34436

34963

101,5

Шампан

11691

15508

132,6

26866

33029

122,9

Сыра

263751

345966

131,2

383151

382763

99,9

Күшті сусын

123643

151030

122,2

92644

96090

103,7

Зергерлік бұйым

6605

7058

106,9

6018

9517

158,1

Ойын бизнесі

34343

49737

144,8

65240

85705

131,4

Лотерея еткізу

2659

2633

99,0

42866

74549

173,9

Бензин

181422

184082

101,5

188024

190808

101,5

Жанаржағармай

24163

38903

161,0

30000

33532

111,8


Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2009-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

 

Қорытындылай келе, Алматы қаласының салық комитеті

2009 ж. бюджетке төленетін салық және басқа да міндеттердің барлық түрлері бойынша болжанған көрсеткіштерді орындауға қол жетті. Түсімдердің көлемі 2010 ж. салыстырғанда 10-45-ке өсті. Келесі салықтар, алымдар және төлемдер бойынша жоспар болжамдалған мөлшерден артық орындалды: табыс салығы, жеке және заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы, жеке және заңды түлғаларға салынатын көлік салығы, радио желілерін пайдаланғаны үшін төлем, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, базарларда тауар сату құқығы үшін алым т.б.

Сонымен бірге Алматы қаласы бойынша жалпы соңғы екі  жылдағы салықтық түсімдерді қарастыратын болсақ, оны келесі 8-кесте арқылы көрсетуге болады.

 

8-кесте

Алматы қаласы бойынша  салықтар мен басқа да төлемдердің  салыстырмалы түсімі (2010-2011 жж.)

млн теңге

Бюджет деңгейлері

2010 жыл

2011 жыл

өсімі

 

 

 

Абс. түрде

%-пен

Мемлекеттік бюджет

127072

148846

21774

17,1

Республикалық бюджет

71674

100739

29065

40,6

Жергілікті бюджет

44857

46288

3249

7,2


Көзі: Алматы каласы, Салық комитетінің 2010-2011 жж. материалдық базасы мәліметтері

 

Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің есепке алу және талдау басқармасының жалпы ережелерін атап өтейік:

  1. жалпы ережелер ұйымның біртұтастығын қамтамассыз етеді және «есепке алу және талдауң басқармасының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
  2. «Есепке алу және талдауң  басқармасы Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің және Қазақстан республикасының Қаржы министрлігінің  Салық комитетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
  3. Қызметін басқаруда бұл басқарма Қазақстан республикасының заңдары мен конституциялары, Президенттің және Үкіметтің нормативтік – құқықтық актілері, бұйрақтар, нұсқаулар, жарлықтар, ережелер арқылы және Салық комитетінің жалпы ережелері негізінде жұмысын жүргізеді.
  4. Бұл басқарма өзінің қызметін Салық комитетінің басқа құрылымдық бөлімдерімен бірге байланыса жұмыс жүргізеді.
  5. Есепке алу және талдау басқармасы үш негізгі бөлімдерден тұрады:
  6. Талдау және болжау бөлімі.
  7. Төлемдерді есепке алу.
  8. Ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімі.

Аталған ережелер Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің  «Есепке алу және талдауң басқармасының жалпы ережелері, яғни бұл басқарма үш бөлімнен тұрады: талдау және болжау, төлемдерді есепке алу, ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлімдері. Біз қарастыратын бөлім талдау және болжау бөлімі болғандықтан оған кейінірек толық тоқталамыз, қазір екі бөлімдерге қысқаша тоқталсақ.

 

 

2.3 Мемлекеттік бюджеттің табыстарын жетілдіру міндеттері

 

    Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

    Кірістер мен  шығыстардың құрамы мен құрылымы  нақты әлеуметтік-экономикалық және  тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын  мемлекеттік бюджет және салық  саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

    Нарықтық қатынастарға  көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік  бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

    Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

    Бюджет жүйесі  туралы заңға сәйкес бюджеттің  құрылымы мыналардан тұрады:

   1) түсімдерден:

   кірістерден;

   алынған ресми  трансферттерден (гранттардан);

   бұрын бюджеттен  берілген кредиттер бойынша негізгі  борышты өтеуден;

   2) шығыстардан  және кредит беруден:

   шығыстардан;

   кредит беруден;

   3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

   4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

Өз кезегінде кірістер:

салықтық түсімдер;

салыққа жатпайтын түсімдер;

капиталмен жасалатын  операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.

    Бюджеттік  түсімдердің бұл үш категориясы  алынған ресми трансферттер бөлігімен  (және бір уақытта санатымен)  яғни тауарларды немесе қызметтер  көрсетуді сатып алуға, кредиттер  беруге немесе өтелмеген борышты  төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады.

    Бюджеттен  берілген кредиттерді өтеу санаты  бюджеттік кредиттер бойынша  (қайтару негізінде берілген - бұрынғы  жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік  шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

    Бюджеттің  шығыстар бөлігі функционалдық  топтардың щығыстарын қаржыландыруға  жұмсалады.

    Мемлекеттік  борышқа қызмет ету жөніндегі  шығыстар "борышқа қызмет ету"  функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.

    Кейін бюджетке  өтеу түрінде қайтаруға жататын,  басқа экономикалық бірліктерді  несиелендіруге арналған қаражаттар  тиісті бөлікте - функционалдық  топ болып табылатын несиелендіруде  көрсетіледі.

    Бюджет тапшылығы  шығыстар мен бюджеттен қайтарымды  негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі  өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

Информация о работе Мемлекеттік бюджетке табыстардың жинақталу формалары