Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:49, курсовая работа
Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізеді.
Кіріспе………………………………………………………………………...........4
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік............................................................6
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.....................................................7
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі...........9
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу..........................................................................................................................25
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі................................................................27
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі......................................................30
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі.............36
Қорытынды......................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер…..........................................................................50
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
Қызмет көрсету мерзімі мен күйіне байланысты негізгі қорды бағалаудың келесі түрлері кездеседі:
Ұйымның операцияларында
оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер
тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген
топтарына мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер
учаскелері және ғимараттар; машиналар
мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері;
автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік
жабдықтың салынатын элементтері; және
кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының
ішінде қайта бағалау активтерді таңдап
қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне
шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы
болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне
енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде
жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау
қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса,
және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын
болса, активтер тобы сырғымалы кесте
бойынша қайта бағалануы мүмкін.
Егер активтің баланстық
құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын
болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған
өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде
көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада
немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда
танылған сол активті қайта бағалаудан
залалды реверстейтін дәрежеде танылуға
тиіс.
Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер
мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға
енгізілген, оны қайта бағалаудан болған
өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы
мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған
немесе істен шығып қалған кезде барлық
өсім толық көлемінде аудару мәні болуы
мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын
болса, қайта бағалаудан болған өсімнің
бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай
жағдайда аударылған өсім сомасы активтің
қайта бағаланған баланстық құны негізінде
есептелген амортизация сомасы мен оның
бастапқы құны негізінде есептелген амортизация
сомасының арасындағы айырманы құрайды.
Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға
өсімді аудару пайда немесе залал арқылы
жүргізілмейді.
Негізгі қордың толық
бастапқы құны тасымалдау мен монтажға
жасалған шығындарды қосқандағы әрбір
түрін сату немесе иемдену процесінде
төленген нақты сомамен анықталады. Оған
пайдалану процесінде еңбек құралдарының
кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді.
Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін
төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда
бастапқы құнға жабдықталуға төленетін
пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы
құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі
іс-әрекетінің балансына жатқызылады.
Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта
бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың
бұл түрі меншікке салынатын салықтың
шамасына және амортизациялық төлемдерді
анықтауға қолданылады.
Еңбек құралдарын жасауға және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша ескерілген негізгі қорды сатып алу бағасы инфляция кезінде уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.
Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.
Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.
Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.
Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде пайда болған тозудың сомасын алып тастағандағы толық бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің
24 «Бухгалтерлік қызметтің
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
Түгендеуді:
Негізгі құралдарды мүліктік
түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен
баланстарды жасау алдында,
Қорытынды
Сонымен қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.
Активті амортизациялау, ол пайдалану үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.
Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады
Еңбек заттары адам еңбек процесіеде
еңбек құралдарының көмегімен әсер
ететін заттар. Олар бір рет қана
қатысады, толығымен тұтынылады және
өзідернің құнын өнім құнына көшіредіБосалқы
бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету
әдетте босалқылар ретінде ескеріледі
және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына
қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер
және резервтік жабдық, егер ұйым оларды
бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды
ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен
жабдықтар ретінде сыныпталады. Осы Стандарт
тану бірлігін, яғни жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісі нені құрайтынына
ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты
ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану
өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды
талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген
шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді,
құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп,
осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға
болады. Осы тану принципіне сәйкес ұйым
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
бойынша өзінің барлық шығындарын оларды
шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісін сатып алуға немесе салуға
байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ
кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен
немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен
шеккен шығындарды қамтиды.
Бастапқы шығындар жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны
қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін.
Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен
жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісін пайдаланудан алынатын болашақ
экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей
байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі
басқа активтерді пайдаланудан алынатын
болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның
алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай
активтері активтер ретінде танылуы мүмкін,
өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған
болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс
тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық
пайдалар алуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
13. А. А. Ашимова., «Қаржылық есеп 1»: оқу құралы. – Алматы, 2007 жыл – 70 бет.