Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 09:35, доклад
Несие нарығының жағдайы оған қатысушыларға тікелей байланысты болады, бұл жағдайда қарыз алушының қарызды қайтаруы өте маңызды, сондай-ақ қарыз алушы мен қарыз берушінің өз міндеттері мен талаптарын дұрыс орындауы несие нарығының өз қызметін жүзеге асыруына оң әсер етеді.
НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Несие нарығының жағдайы
оған қатысушыларға тікелей байланысты
болады, бұл жағдайда қарыз алушының қарызды
қайтаруы өте маңызды, сондай-ақ қарыз
алушы мен қарыз берушінің өз міндеттері
мен талаптарын дұрыс орындауы несие нарығының
өз қызметін жүзеге асыруына оң әсер етеді.
Нарықтық экономикадағы несиенің рөлі
аса маңызы. Ақша капиталының жинақталу
ауқымының ұлғаюы — несие нарығының дамуына
себепкер болады. Ссудалық капитал қозғалысының
мәні төмендегідей: ақша қаражаттары түрінде
жинақталған капитал ссудалық капиталға
тікелей айналады. Несие нарығы экономикалык
санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін
қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты
әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.
Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен
қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара
қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен
қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге
асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие
нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда
ұдайы өндіріс процесіндегі экономика
салалары арасында қарыз капиталының
жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі
жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы
ссудалық капитал түрінде бағытталады,
содан соң несие берушіге (банктерге және
басқа да қаржы-несие институттарына)
қайтып оралады. Несие нарығының мәні
онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік
капиталдың немесе басқа біреудің капиталының
пайдаланғанына байланысты болмайды.
Дәлірек айтқанда, банкир өз ісін өзіндік
капиталдың көмегімен жүргізе ме немесе
өз банкісінде депозитке салынған капиталдың
көмегімен жүргізеді ме – мұның еш мәнісі
жоқ.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар
айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал
қозғалысы, капитал салымындағы жинақтың
трансформациялануы, ғылыми-техникалық
революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың
жаңғыртылуы жүзеге асырылады.
Оның қаржы нарығының құрастырушысы ретіндегі
маңызды рөлі ұсақ әрі бытыраңқы ақша
қаражатын біріктіріп, өндіріс пен капиталды
нарыққа шоғырландырып, орталықтандырылуына
мүмкіндік береді. Ақша капиталы негізінен
ақшалай ссудалық капитал түрінде жинақталады.
Осыған байланысты алатын болсақ, оқшау
процесс ретінде жинақтаудың ешқандай
маңызы жоқ, жинақтау ең алдымен өндірістің
барысына ықпалын тигізгенде ғана маңызды
болады. Ақша капиталын макроэкономикалық
тұрғыдан жинақтау — нақты жинақтаумен
өзара тығыз байланысты. Ақша капиталы
негізінен, халық жинағының есебінен қалыптасатыны
белгілі. Ал, олардың мөлшері елдің жалпы
ұлттық өнімдерінде капитал салымының
үлесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Несие нарығының мәні мен рөлі оның функциясын
анықтайды. Несие теориясында оның функциясының
мазмұны мен мөлшеріне қатысты бірыңғай
көзқарас жоқ. Алайда, өзінің барлық формасында
несие мәні қайта бөлу функциясында, айналымның
несие құралын жасаушы функциясында тұрақты
түрде пайда болып отырады. Кейбір ғалымдардың
теориялық тұжырымдарына сүйенсек, Қазақстанның
несие нарығына тән төрт функцияны бөліп
көрсетуге болады:
• несие арқылы тауар айналымына қызмет
ету;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ, шетелдік
клиенттердің жинақтарын тарту;
• ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда
шоғырландыру және оны өндіріс процесіне
қызмет көрсететін капитал салымы түрінде
пайдалану;
• мемлекеттік және тұтыну шығындарын
өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет
пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз
ету, сондай-ақ, аса қуатты қаржы-өнеркәсіп
топтарының қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығы — әр түрлі қорлардың несие
ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде
қалыптасқан және пайдаланылған құн қозғалысының
ақшалай формасымен органикалық байланыста
болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық
ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай
әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал
етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы,
мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының негізгі қатысушылары
– несие беруші және қарыз алушы. Несие
беруші (кредитор) несие мәмілесінің ссуда
беретін жағы (тарап). Тауарлық өндірістің
бұрынғы сатысында несие берушілердің
рөлін өсімқорлар орындаған. Оның дамуына
қарай ақшалай несиені берушілердің орнын
банк мекемелері басты. Ал, тауарларды
ссудаға беруде несие беруші ретінде тауар
өндірушілер алға шықты. Несие беруші
ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа
ие болуы керек. Бұл қаражаттың көздеріне
оның (несие берушінің) өз қаражаты, ресурстары,
өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің
басқа субъектілерінен қайтару негізінде
қарызға алынатын қаражат жатуы мүмкін.
Осы заманғы нарықтық қатынастар жағдайында
несие беруші банк ссуданы тек өз ресурстарының
есебінен ғана емес, сонымен бірге, өз
шотында сақтаулы жатқан тартылған ресурстардың
есебінен, сондай-ақ, жұмылдырылған бағалы
қағаздарды орналастыру арқылы беруі
мүмкін.
Несие мәні және қажеттігі
Несие — нарықтық
экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін
білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қат
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жердеақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен
қаржы категорияларын бір санайтындар
да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі
жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт
өткен соң кайтарылуын баяндаса, ал қаржы
- сол қаражаттың бір жақты қозғалысын
бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, суб
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.
Экономикалық категория
ретінде, несие — кәсіпорындар,
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.
Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несие нысандары, олардың жіктелуі
Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.
Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді. Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар
1. Қаржылық институттарга берілетін несиелер:
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.