Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:11, реферат
ПИҚ (пайлық инвестициялық қор) — дүниежүзіндегі ұжымдық инвестициялаудың аса танымал механизмі. Оның көмегімен инвесторлардың көпшілігі осы үшін арнайы құрылған қорда бірігіп, оларды арттыру мақсатында Басқарушы компания мамандарының сенімді басқармасына тапсырады. Ал олар, қор қаражатын қордың инвестициялық декларациясына сәйкес нарықтың түрлі сегменттеріне құйып, инвестор мүддесі бойынша басқарады. ПИҚ-ды басқарушы компания аталған қорға ақша жинап, пайшылар орнына қаржы құралдарының әр түріне инвестициялайды. Осылайша инвестициялық портфель жасақталады.
ПИҚ (пайлық инвестициялық қор) — дүниежүзіндегі ұжымдық инвестициялаудың аса танымал механизмі. Оның көмегімен инвесторлардың көпшілігі осы үшін арнайы құрылған қорда бірігіп, оларды арттыру мақсатында Басқарушы компания мамандарының сенімді басқармасына тапсырады. Ал олар, қор қаражатын қордың инвестициялық декларациясына сәйкес нарықтың түрлі сегменттеріне құйып, инвестор мүддесі бойынша басқарады. ПИҚ-ды басқарушы компания аталған қорға ақша жинап, пайшылар орнына қаржы құралдарының әр түріне инвестициялайды. Осылайша инвестициялық портфель жасақталады. Инвестор ретінде сіз осы портфельдің үлесін аласыз.
Мәселен, сізде және сізбен қоса тағы 200 адамда 1000 доллардан бар делік. Аталған қаражат жылжымалы мүлікке, банктік депозитке немесе өз ісіңізді ашуға аздық етеді. Ал егер сіз қосымша қаражаты бар тағы басқа адамдармен біріксеңіз, қолыңыздағы 200 000 доллар ақша белгілі бір бизнеске инвестиция салуға жол ашады. ПИҚ-тар осы принцип бойынша жұмыс жасайды, барлық қаражатты біріктіріп, аса кірісті бағытта салым салады. Сонымен қатар, үлкен көлемдегі ақшаны иемдене отырып олар «бір жұмыртқаны бір себетке» салмастан, қаражат шығыны тәуекелдігін азайта отырып, тиісті бағытта бөледі. Алдағы уақытта, қаражатыңыз салынған кәсіпорын кірісі көбеюі мүмкін. Соның нәтижесінде сіздің пайларыңыздың да құны артады. Мәселен, алғашқы кезде сіз 10 пайды 100 доллардан алсаңыз, келешекте олардың әрқайсысы 500 доллардын тұрады. Пайларыңызды сату арқылы, сіз пайда табасыз. Дегенмен, өз қаражатыңызды ойланбастан кез-келген жерге инвестициялауға болмайтындығын естен шығармаған жөн.
Басқарушы компаниялар. ПИҚ-тармен жұмыс жасау барысындағы басты буын Басқарушы компаниялар болып саналады. Ол ПИҚ құрылымын ұйымдастырады, тіркейді, оның инвестциялық пайларын шығарып, орналастырады, қордың бағалы қағаздары мен басқа да мүліктерін сату-сатып алу туралы шешім қабылдайды, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінде тіркелген ережелерге сәйкес ПИҚ активтерімен сенімді басқарма жүргізеді.
Бұдан басқа, басқарушы компаниялар пайшылар қаражатының қайтарылымына жауап береді, ал банк кастодиан қор активтерін есептеп, сақтайды, мүлік құнын бағалап, қор қаражатымен жасалынған операциялардың заңдылығын қадағалайды. Демек, қор нарығында кездесетін тәуекел түрлеріне қарамастан, сіздің алғашқы қаражатыңыз үнемі сақтаулы. Жоғарыда аталған ұйымдардың барлығында аталған қызмет түріне қатысты лицензия болуы қажет. Олар өз ісі үшін жауапкершілік алған.
Инвестициялық пайлар және олармен жүргізілетін операциялар
Инвестициялық пай — мүлікке қатысты меншік құқығы иесінің үлесін дәлелдейтін атаулы бағалы қағаз.
Бағалы
қағаздардың басқа түрлері
Пайлық қорлардан инвестор банктердегі секілді салымға қатысты пайыздық кіріс алмайды. Кіріс — инвестциялық пайдың өзгерген құны. Қолма қол кіріс табу үшін, өз пайыңызды қайта басқарушы компанияға сатқаныңыз жөн.
Егер пай құны қаражатыңызды ПИҚ-тарға салған кезде көтерілсе, пайда түседі. Ал, керісінше пай құны төмендесе, сіз шығынға ұшырайсыз.
ПИҚ артықшылықтары
ПИҚ-тар
үлкен көлемдегі алғашқы
Пайларды сатып алу арқылы сіз өз қаражатыңызды бағалы қағаздар нарығында тамаша жұмыс жасайтын кәсіби мамандар қолына тапсырасыз. Пайларды сатып алу арқылы сіз өз қаражатыңызды басқару мәселесінен құтыласыз. Ендігі жерде өзіңіз емес, керісінше басқарушы компания сіз үшін қаражатыңызды қайда және қай уақытта инвестициялау қажеттілігі жайлы шешім қабылдайды. Бұл уақытта сіз өз ақшаңыздың кәсіби мамандар қолында екендігіне, және олардың сіз үшін жоғарғы кіріс табу мақсатында инвестицияланып жатқандығына сенімді бола отырып, өз істеріңізбен айналыса аласыз.
ПИҚ-тардың жұмыс принциптері: бүгінде олар — жеке инвесторлар үшін инвестициялау тәуекелдігін азайтудың аса тиімді тәсілі.
Салымшыларға хабарламастан, депозитке тартылған қаражатты кез-келген активтерге, жобалар мен несиелерге салатын жабық құрылымды банктерге қарағанда ПИҚ-тар ашық құрылым болып саналады. Ондағы инвестициялау жүйесі қатаң түрде салымшыға таныс Қазақстан Республикасы қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Мұнымен қоса, ПИҚ-тар күн сайын пай құны мен таза активтер туралы пайшы және тексеруші органдар алдында есеп береді, үнемі инвестциялық қызмет қорытындысы мен активтер құрылымы жөнінде ақпарат таратады.
Басқарушы
компания құны төмендеген бағалы қағаз
орнын курсы жоғарлағаны
Салық төлеушінің жылдың кірісінен пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар арқылы алынған инвестициялық кірістері шығарылуға жататын жеңілдікті салық салымы бар.
Пайды
сатып алу үшін не қажет:
Міне, осы сәттен бастап сіз ПИҚ инвестициялық пайларының иесі атанасыз.
Қазақстан
Парламенті тарапынан мемлекеттік
аппарат қызметкерлерінің қор нарығында
пайда табуына мүмкіндік
Жалпы инвестициялау үшін адамның үлкен қаражаты болуы тиіс, ал инвестиция деген қиын да шиеленіскен процесс деген қате ой бар халық арасында. Сондықтан олардың көпшілігі бағалы қағаздарды алуға қорқады. Шын мәнінде бағалы қағаздарға инвестициялау деген ұзақ уақыт бойы, немесе дивидент арқылы пайда түсіру мақсатында қаражатты белгілі бір қаржы құралдарының түріне инвестициялау дегенді білдіреді. Бұл орайда тұрақты әрі орташа жалақысы бар адамдар қатарына жататын мемлекеттік қызметкерлер де өз қаражаттарын бағалы қағаздарға сала алады.
Сонымен,
бұған дейін тек педагогикалық,
ғылыми және басқа да шығармашылық
қызмет түрінен басқа ешқандай ақылы
қызмет түрімен айналысуға шектеу қойылған
мемлекеттік ұйымдар
Біріншіден,
түзетулер екі негізгі
Екіншіден,
Конституция нормаларының талаптарын
сақтау мақсатында Парламент депутаттары,
Үкімет мүшелері (Республиканың Премьер-
Өз
кезегінде қор нарығының
1) мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті: барлық лауазымды тұлғалар, барлық мемлекеттік қызметкерлер, саяси және әкімшілік;
2) мемлекеттік
қызметкерлерді атқаруға
Соңғы тұлғалар категориясы үшін сондай-ақ басқа ақылы қызмет түрімен (педагогикалық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет түрінен басқа), кәсіпкерлік қызметпен, шаруашылық субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес, оның лауазымды міндеттері қатарына кірмесе шаруашылық субъектіні басқаруға өздігінен қатысу.
Үшіншіден,
мемлекеттік құрылым
Акция дегеніміз акционерлік қоғам тарапынан шығарылатын, акционерлік қоғамды басқаруға және ол жойылған кезде қоғам мүлігінің бөлігін басқаруға қатысуға, сонымен қатар ол бойынша дивидент алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз түрі. Облигация дегеніміз облигацияны шығарған мекемеден облигация ұстанушыларына белгіленген мерзім ішінде облигацияның номиналдық құны мен осы номиналдық құнының пайызын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Пай дегеніміз пай иесінің пайлық инвестициялық қор мүлкіндегі үлесін куәландыратын бағалы қағаз түрі. Пай бір бағамен сатып алынып, ағымдағы бағамен сатылады. Пайды сатып алушылар пай құнының өсуіне үміттенеді.
Мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті тұлғалар қаражаттарын пайға инвестициялаған сәтте пайлық инвестициялық қорлар түрін таңдау жөніндегі заңнама талаптарын қатаң сақтауы қажет. Осылайша Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» Заңына сәйкес, пайлық инвестициялық қорлардың үш түрі бар: жабық, ашық және интервалдық. Тек ашық және интервалдық пайлық инвестициялық қорларға ғана салым салуға болады.
Ашық пайлық инвестициялық қорларда пай ұстанушыларына екі аптада бір рет инвестициялық қордың заңдары және ережелерімен бекітілген шарттар, талаптар бойынша басқарушы компаниядан пайларды сатып алуын талап ету құқығы ұсынылады. Ал интервалдық пайлық инвестициялық қорда пай ұстанушылары басқарушы компаниядан жаңағы шарттар бойынша, тек жылына бір рет пайды сатып алуын талап ету құқығына ие. Өз кезегінде осы пайлық инвестициялық қорлардың кез келген түрі заңды тұлға болып есептелмейді. Ол тек азаматтар мен заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы сенім басқармасына тапсыратын қаражаттарының жиынтығы.
Пайлық
инвестициялық қор сенім
Төртіншіден, мемлекеттік аппарат қызметкерлері акциялар мен облигацияларды тек ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, яғни қор нарығы арқылы сатып алып сата алады. Өз кезегінде, сатып алынатын жай акциялардың көлемі мекеменің дауыс беруші акцияларының жалпы мөлшерінің бес пайызынан аспауы керек. Облигациялар мен пайларға қатысты мұндай шектеулер жоқ. Бағалы қағаздарды қор нарығы арқылы сатып алу немесе сату дегеніміз осы қаржы құралдарын қор биржасы жүзеге асырады дегенді білдірмейді. Қор биржасы дегеніміз ол компаниялар мен адамдар брокерлер деп аталатын агенттер арқылы бағалы қағаздармен сауда жүргізетін орын. Брокер - ол бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие заңды тұлға. Мемлекеттік қызметкерлер басқа да клиенттер сияқты акциялар мен облигацияларды сатып алу және сату үшін брокермен брокерлік қызмет көрсету жөніндегі келісімшартты жасасады. Содан кейін оған жеке шот ашады, оған сатып алынған бағалы қағаздар тіркеледі.