Пайлық инвестициия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:11, реферат

Описание

ПИҚ (пайлық инвестициялық қор) — дүниежүзіндегі ұжымдық инвестициялаудың аса танымал механизмі. Оның көмегімен инвесторлардың көпшілігі осы үшін арнайы құрылған қорда бірігіп, оларды арттыру мақсатында Басқарушы компания мамандарының сенімді басқармасына тапсырады. Ал олар, қор қаражатын қордың инвестициялық декларациясына сәйкес нарықтың түрлі сегменттеріне құйып, инвестор мүддесі бойынша басқарады. ПИҚ-ды басқарушы компания аталған қорға ақша жинап, пайшылар орнына қаржы құралдарының әр түріне инвестициялайды. Осылайша инвестициялық портфель жасақталады.

Работа состоит из  1 файл

Пайлық инвестициялық қор.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

     Бесіншіден, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік  қызметтерді атқаруға өкілетті тұлғалардың өздері сатып алған акцияларды сенім басқармасына тапсыруына қатысты және келісімшарт он жұмыс күні ішінде нотариалды куәландырылғаннан кейін, бағалы қағаздарды сенімді басқару келісімшартының нотариалды куәландырылған көшірмесін жұмыс орындарындағы кадр бөліміне ұсынуы жөніндегі мемлекеттік қызметтерді атқару міндеттері заңнамамен бекітілген. Бұл шараның енгізілуінің себебі, акция ұстаушыларына акционерлердің жалпы жиынында дауыс беру арқылы акционерлік қоғамды басқару қызметіне қатысу құқығын береді. Осыған байланысты, коррупциялық заңбұзушылықты болдырмау мақсатында акцияларды сенімді басқармаға тапсыру қажетті шара болып табылады. 2000 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін сенімді басқармаға тапсыру тәртібі туралы № 99 Ережелеріне сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер мүлкінің сенімді басқармаға тапсырылуы жөніндегі ақпараттардың жайылмауы қажет, олар мемлекеттік органдардың қызметтік ақпараттарын құрайды.

     Бағалы қағаздарды сенім басқармасына тапсыру талаптары тек акцияларға ғана қатысты, яғни бұл талаптардың облигациялар мен пайлық инвестициялық қорлардағы ашық және интервалдық пайларға қатысы жоқ. Себебі, аталған қаржы құралдарына инвестициялаушы тұлға коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспайды. Сондықтан, аталған жағдай мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді белгілейтін мемлекеттік қызметтер мен нормалардың негізгі принциптеріне еш кедергі келтірмейді.

     Заңнамаға енгізілген түзетулер қор нарығына жеке инвесторларды тарту мен халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудағы қосымша стимул болып қана қоймай, сондай ақ, азаматтық-құқықтық мәмілелерді өз атынан емес, жалған атпен жасасу секілді коррупциялық заң бұзушылық фактілерінің азаюына мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер және web-сайттар  тізімі:

  1. http://www.fingramota.kz
  2. http://www.rfca.gov.kz

Информация о работе Пайлық инвестициия