Валюталық тәуекелдерді басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:32, реферат

Описание

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Содержание

1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
Тәуекелдің жалпы түсінігі
Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері
Валюталық тәуекелдерді басқару.
Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары
Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Валюталы.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

 

         Тәуекелді басқару іс-шараларының қаржыландырудың қайнар көздері таңдап алынған әдіске байланысты жіктеледі.

  • өнім құнының құрамында ескерілетін құралдар;
  • кәсіпорынның өз құралдары, соның ішінде түсімнен құралатын жарғылық фонд резервтер;
  • сыртқы қайнар көздер – несиелер, дотациялар, заимдар;
  • сақтандыру қорлары;
  • өзін-өзі сақтандыру қорлары.

Нақты бір жағдайларға  байланысты тәуекелді қаржыландыру үшін қорларды тарту үшін әртүрлі түрлері бар. Мәселен, сақтандыру сыйақыларын төлеу кәсіпорын табысынан немесе өз құнына байланысты заңмен белгіленген төлемдер арқылы төленуі мүмкін.

Банкті құру себебі әртүрлі  қызмет көрсету, соның ішінде валюта – несие операциясын жүзеге асыру болды. Банктің сауда қызметі сауда және жобаны қаржыландыру, жеке тұлғаларға несие карточкасымен және шетелдік валютасымен сауда операциясын қызметін ұсыну. Банктің негізгі бағыты салым қабылдау және шетел валюта немесе теңге түрінде несие беру.

Банк, сондай-ақ Қазақстанның валюта биржасында және құнды қағаздар нарығында негізгі рөл атқарады. Банктің мақсаты банк қызметімен валютамен қаржыландыру жөнінде алдыңғы орындарға шығу.

Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.

 

3-ші Кесте

Банктік тәжірибеде қолданылатын валюталық тәуекелдің түрлері:

1

айырбас бағамының өзгеру тәуекелі

2

конверсионды операциялар  тәуекелі

3

трансляциялық тәуекелдер

4

форфейтинг тәуекелі

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген


 

          Айырбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің акша бірлігіне катысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының кұны ұлттық валютамен бейнеленеді. Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел кұны валютамен бейнеленеді. Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары =117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге - 0,008 АҚШ доллары.

Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Валюталық мәмілелерді  іске асыруға байланысты бағамдарды «спот» және «форвард» деп бөледі.

«Спот» бағам – мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаның айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

«Форвардтық» бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады (2 сурет).

 

    Форвардтық контракт жасау                       Валютамен жабдықтау


 

 

                                                                                   


 

                                                                           Теңгемен жабдықтау

  А) мәміле жасау мерзімі                                 Ә) Валюталау күні

  Сурет 2-Валюталық форвардтық контркатімен операция жасау

 

 Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталық тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері қолданылады.

Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.

          Аударым тәуекелі - валюта бағамының кұлдырауына шетел валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын кайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнынын өзгеру кауіпі.

Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.

Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              2. Валюталық тәуекелдерді басқару

2.1. Валюталық тәуекелдерді  басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері

 

Бүгінгі күнде экономикасы  дамыған елдерде тәуекелдерді басқару жеке қызметтің бағыты ретінде қалыптасты. Осы мемлекеттердің экономикалық субъектілері маңызды тәуекелдердің идентификациясын, тәуекелдерді бағалаудың және оларға бақылау жүргізу қажеттігін түсінеді. Тәуекелдерді басқару, сонымен қатар акционерлік капитал құнының жоғарылауына өз септігін тигізуі мүмкін. Экономикасы дамып келе жатқан елдерде, оның ішінде ТМД елдер үшін де, тәуекелдерді басқару әлі де болса “жас” қызмет бағыты болып табылады.

Тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттарына келетін болсақ, олар төмендегідей;

  • Шаруашылық субъектілер алдында қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Белгісіздік деңгейін төмендету;
  • Ұйымға міндеттелген заңдарды, нормаларды және талаптарды орындау.

          Өз кезегінде тәуекелдерді басқару бойынша міндеттерді 2 топқа бөліп, қарастыруға болады:

          Біріншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуына дейінгі міндеттер: кәсіпорынның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету.

          Екіншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуынан кейінгі міндеттер: қаржылық қауіптердің болуы жағдайында жоғалтуларды минимизациялау; техникалық, информациялық қауіптердің болуы жағдайында кәсіпорын қызметінің жалғастыруын қамтамасыз ету.

 Валюталық тәуекелдер  банктерде әдетте әр түрлі  әдістермен басқарылады (4 кесте).

 

4-ші Кесте

Валюталық тәуекелдерді басқарудың әдістері:

1

Валюталық операцияларға  лимит қою

2

Хеджерлеу

3

«Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша  өзара сату/сатып алу тапсырысы

4

«Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту

5

Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген


 

Банктің ішкі құрылымындағы  валюталық тәуекелді басқарудың бірінші қадамы валюталық операцияларға лимит қою болып табылады. Лимиттердің келесі түрлері кең таралған (5 кесте):

 

5-ші Кесте

Лимиттердің түрлері:

1

шетелдердің лимиті (бір  күн ішінде клиенттермен және серіктестермен әрбір тиісті мемлекеттің сомасы бойынша максималды мүмкін болатын сома енгізіледі)

2

клиенттермен және серіктестермен жүргізілетін операцияларға лимит

3

құралдар лимиті (қолданылатын құралдарға және валютаға қойылатын  шектеу)

4

әр күнге және әрбір  дилерге қойылатын лимит

5

шығындар лимиті

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген


 

Лимиттерден басқа әлемдік  тәжірибеде валюталық тәуекелдерді төмендетудің келесі әдістері бар:

  • «мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сту/сатып алу тапсырысы, мұнда валюта ағымының көлемінен валютаның келіп түсуін шегеру көмегімен банк олардың мөлшеріне және өз тәуекеліне ықпал ету мүмкіндінен алады;
  • «неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту;
  • валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау;

Сонымен қатар валюталық тәуекелдерді тежеудің тағы бір әдісі ол хеджирлеу.

Хеджирлеудің негізгі  әдісінің мәні валюталық айырбас  операцияларын курста қолайсыз жағдайлар  болғанға дейін жүргізуге негізделеді  немесе осындай өзгерістерден болатын шығындарды жабу валютаға келісімімен қатарлас жүреді. Оның курсы қарама–қарсы бағытта өзгереді.

Банктің хеджирлеумен байланысы  екі образда жүргізіледі, бір  жағынан, банк кез келген коммерциялық компания сияқты валюталық тәуекелді  сақтандыруда жоғарыда көрсетілген  әдістерді өзіндік валюталық тәуекелді басқарудағы қаржылық қызметінің күнделікті практикасында қолданылуы мүмкін. Ал екінші жағынан хеджирлеу, ол көбінесе банктің өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері болып табылады. Бұл қызметтер ретінде кепілдік операциялар және валюталық келісімдер болуы мүмкін

 

2.2. Валюталық тәуекелдерді  басқарудың проблемалары

 

Шетелдің валютасымен  операция жүргізетін банк екі тәуекелмен кездеседі:

  1. Ашық орынға (позицияға) валюталық курстың немесе пайыздық қойылымдар қозғалымдарының жағымсыз әсері;
  2. Екінші жақтың банкроттығы.

          Жоғалтуларды қарастыру, бұл тәуекелдерді  екі топқа классификациялауға  болатынын көрсетеді, яғни:

  1. Толық ведомнан орындалған операциялар.
  2. Банк басқармасы жағының уәкілетінсіз дилерлер бөлімдерімен орындалған операциялар;

            Халықаралық нарықта банк жүргізе  алатын жалпы бизес көлемі  оның репутациясы мен жай-күйіне  тәуелді болғандықтан, нарықтың басқа қатысушылары үшің күдіктелген стандарттар операциялары неге негізделетінін белгілеу мүмкін емес.

 Салыстырмалы қысқа уақыт мезетінде, күмән тудырмай, үлкен спекулятивті позициялардың пайда болуы мүмкіндігінің баламалы түрі бойынша жеке операциялардың өлшемін дилингтік келісімшарттардың әдеттегі санының көрсеткіші ретінде қабылдау дұрыс емес болар еді.

Келісімшарттың екінші тарабына немесе банк-корреспондентке артықшылығы жоқ дилингтік операцияларда орын ала алатын дилингтің бұл аспектілері мынадай түрде танылуы мүмкін:

Дағдылы болып табылатын  берілген банкке немесе бөлімшеге қарағанда  сауда көлемін күрт арттыру, алайда егер бұл жоғарыда келісілген ірі банктер болса, бұл күмәнді ескерту болуы мүмкін;

Банктің банк-корреспонденттермен  клирингтік есептер бойынша айналымын  міндетті арттыру. Ал клирингтік есеп бойынша айналым екінші тараптан өздігінен күмән тудыра алмайтын келісімшарттардың кейбір саны бойынша жалпы соманы көрсетеді, ол өз кезегінде өте тиімді келісімшарт болуы мүмкін;

Дилингтік жүзеге асырудың қалыпты нысанын өзгерту. Ашық позициялар форвард бойынша валютаны жеткізу  кезінде қолданылуы керек, сонымен  қатар қысқа мерзім ішінде күннен күнге айырбасқа кететін спот бойынша валютаны сату/сатып алу кезінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай операциялар олардың нарықтағы санының артуына, сонымен қатар, клирингтік есеп бойынша айналымның артуына әкелуі мүмкін. Жоғалту тәуекелі банк жедел валюталық опреациялар бойынша нетто позицияны жүргізгенде туындауы мүмкін. Бірақ, мұнда таза ашық позиция жоқ, себебі сатып алужың жалпы сомасы сатудың жалпы сомасына сйкес келеді, бірақ форвардтық операциялардың сәйкес келмейтін мерзімдері бойынша тәуекел болады;

Келісімшарт бойынша  нақтылауды алмау, әсіресе форвардтық операция бойынша;

Информация о работе Валюталық тәуекелдерді басқару