Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 19:53, курсовая работа
Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.
1 сурет – Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің бөлінуі диаграммасы
Қазіргі уақытта барлық қорлар тұрақты табысын көрсетуге дайын емес. Мемлекеттік қағаздар бойынша кіріс төмен, ЖЗҚ портфельдеріндегі банк депозиттері мен бірлескен құнды қағаздар сияқты басқа қаржылық құралдар шығындардың орнын толтырмайды. Осыған байланысты, зейнетақы активтерін инвестициялаудан шыққан инвестициялық табыстың «таза» сомасы (комиссиялық сыйақыны алып тастағанда) 2011 жылғы сәуір айында 29,5 млрд. теңгеге (5%) азайып, мамыр айында 557,1 млрд теңгені құрады.
Осылайша, зейнетақы қорлары жинақталған құнсыздану деңгейін жаба алатын инвестициялық табысты әлі күнге дейін таба алмай отыр. 2011 жылғы 1 мамырда жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша табыс құнының орташа коэффициенттері: 5-жылдық кезең ішінде (2006 жылғы сәуір – 2011 жылғы сәуір ) – 35,78% (сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі – 62,02%); 3-жылдық кезең ішінде (2008 жылғы сәуір – 2011 жылғы сәуір ) – 14, 27% сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі– 26,31%); 12 ай ішінде (2010 жылғы сәуір – 2011 жылғы сәуір) – 3,5% (сәйкес кезеңдегі құнсызданудың жиынтықталған деңгейі– 8,4%) құрады.
Зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге арналған қаражат. Ол мыналардан қамтамасыз етіледі:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
2012 жылғы 1 тамызға қалыптасқан жағдай
бойынша, қорлардың жиынтық капиталы 90,7
млрд. теңге, оның ішінде жарғылық капитал
51,7 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың
жалпы көлемінен 57,0% құрады. 2012 жылғы 1
тамызға қалыптасқан жағдай бойынша, активтердің
қорлар бойынша жалпы сомасы 99,7 млрд. теңге
құрады.
Қорлардың өздерінің активтерінің есебінен
қаржы инвестициялары 2012 жылдың 1 тамызына
80,6 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық
активтерінен 80,9% құрады.
Қорлардың өз активтерінің есебінен қаржы
инвестицияларының негізгі үлесін – инвестициялардың
жалпы көлемінен 50,4%-ын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құнды қағаздары құрады. Қазақстан
Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік
емес құнды қағаздары инвестициялардың
жалпы көлемінен 18,5%, екінші деңгейлі банктердің
салымдары - 25,4% құрады.
2012 жылғы 1 тамызға қалыптасқан жағдай
бойынша зейнетақы жинақтау қорларының
зейнетақы активтері бойынша номиналды
табыстың орташа өлшенген коэффициенттері
(К2) келесідей көрсетілді:
ООИУПА/ЗЖҚ |
2011 жылдың тамызы – 2012 жылдың тамызы кезеңіндегі К2 (12) |
2009 жылдың тамызы – 2012 жылдың тамызы кезеңіндегі К2 (36)) |
2007 жылдың тамызы – 2012 жылдың тамызы кезеңіндегі К2 60) |
"ООИУПА "GRANTUM Asset Management" АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ-ның еншілес ұйымы) |
х |
х |
х |
"ГРАНТУМ" ЗЖҚ» АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ-ның еншілес ұйымы) |
3,67 |
19,28 |
35,82 |
"Атамекен" ЗЖҚ» АҚ - "Нұрбанк" АҚ-ның ЕҰ |
0,48 |
8,82 |
25,82 |
«Қазақстан Халық Банкінің ЗЖҚ» АҚ, "Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ЕҰ |
0,46 |
14,07 |
27,95 |
"МЗЖҚ" ЗЖҚ» АҚ |
4,03 |
16,44 |
32,05 |
"Индустриалды Қазақстан" Зейнетақы Жинақтау Қоры» АҚ |
-6,71 |
-2,20 |
7,45 |
"МұнайГаз-Дем" ЗЖҚ» АҚ |
4,52 |
16,35 |
39,40 |
"Астана" ЗЖҚ» АҚ |
4,20 |
20,58 |
33,57 |
"Отан" АЗЖҚ» АҚ |
0,95 |
5,75 |
17,59 |
"Капитал" ЗЖҚ» АҚ -"ЦентрКредит Банкі" АҚ ЕҰ |
3,15 |
14,77 |
31,40 |
"Республика" ЗЖҚ» АҚ |
2,67 |
14,42 |
43,08 |
ЗЖҚ зейнетақы активтері бойынша номиналды табыстың орташа өлшенген коэффициенті |
2,12 |
13,56 |
25,12 |
ЗЖҚ-ының зейнетақы активтері бойынша номиналды табыстың орташа өлшенген коррекцияланған коэффициенті |
х |
х |
29,32 |
Табыстылықтың минималды мәні |
х |
х |
20,52 |
Инфляцияның жинақталған деңгейі |
4,70 |
21,54 |
55,02 |
2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 5 қор («Атамекен», «Индустриалды Қазақстан», «Астана», «Отан» және «Республика») 6,6 млрд. теңге жалпы сомаға шығынға жол берді, бұл ретте 7 қор 9,3 млрд. теңге жалпы сомаға табыс тапты. 2012 жылдың 1 тамызына қорлардың табысының жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге құрады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
Зерттеу жұмысы «ГНПФ» «ЖЗҚ» Акционерлік Қоғамы мәліметтері негізінде жасалды. Басты назар «ЖЗҚ» - ның активтерін талдауға аударылды. Аналитикалық нәтижелерге қарасақ, кәсіпорынның рентабельдулугу жоғары дәрежеде.
3.2 Зейнетақы жүйесін реттеудің перспективалы бағыттары
Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығына қарамстан, зейнет жасына жеткеннен кейін сақтандырылған адамға аннуитеттер төлеуді көздейтін зейнетақымен сақтандыру жүйесі де белсенді енгізілуде. 2007-2011 жылдар аралығында зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылардың саны 300 есеге, зейнетақы аннуитеттер бойынша сыйақылар жинағы 500 есеге, яғни 32 млн теңгеден 15,8 млрд теңгеге дейін өсті. 2008 жылы басталған әлемдік қаржы – экономикалық жағдайына едәуір әсерін тигізді. Дағдарыс ықпалын есскерген Қазақстан қаржы жүйесін сауықтыру жөніндегі кешенді шаралармен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз санатының өмір сүру деңгейін төмендетіп алмау үшін алдын алу шараларын қарастырды. Осындай дағдарысқа қарыс шаралардың бірі зейнетақы төлеміне құқық туындаған сәтте, яғни зейнетке шығпр кездегі инфляция деңгейіне қарай міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдіктермен қамтамасыз ету болды.
Сондай – ақ мемлекте зейнетақы алу құқықтары реформаға дейін туындаған 1 млн 735 мың зейнеткер үшін ынтымақты зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауда. Зейнетақы жүйесін реформалаудың алғашқы жылдарында табысты орташа зейнетақымен ауыстыру ставкасы кеңес кезіндегіден (1991 жылы – 42,8%, 2001 жылы – 34,2%) төмен болған болса, 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің енгізілуін, сондай – ақ соңғы үш жылғы сыж сайынғы 20-30 пайыздық өсірулерде ескеретін болсақ, ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі зейнеткерлердің ауыстыру ставкасы 2011 жылы 46,1 пайызды құрады, бұл Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымына сай келеді.
Мұндай шаралар зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін 24047 теңгеге, орташа мөлшерін 35829 теңгеге, ең жоғарғы мөлшерін 5226 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дамудың оң үрдістеріне қарамастан, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақиылығы, сенімділігі, шынайылығына және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай – күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай – ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай – ақ Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.
Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде халықты зейнетақымен қамтамасыз етуде белсенді, тәжірибе көрсетіп отырғандай, мейлінше тиімді шаралар қабылдауда. [11]
2011 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері (доллармен) Қазақстанда 163-ті, орташа зейнетақы мөлшері 244-ті құрады. Бұл ТМД-дағы көш бастаушы позиция. Салыстыру үшін: Әзербайжанда ең төменгі зейнетақы – 108, орташа – 184, Беларусьте – 64 және 132, Өзбекстанда – 32 және 82.
Егер Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту динамикасына зер салсақ, оның үнемі тұрақты өсіп отырғанын атап өтуге болады. 2007-2011 жылдар ішінде зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерінің динамикасы (доллармен) Қазақстанда былайша болды: 2007 жыл – 85, 2008 жыл – 106, 2009 жыл – 140 және 2011 жыл (атап өтілгендей) – 163.Зейнетақы төлемдерінің мұндай динамикасы Қазақстанның ТМД-ның бүкіл елдері ішінде көш бастаушы позицияны иеленуіне жағдай жасады. Мәселен, Ресейде 2007 жылы ең төменгі зейнетақы (доллармен) 64-ті, 2009 жылы 94-ті құрады, Беларусьте дағдарыс жылдарында тіпті ең төменгі зейнетақының төмендеуі орын алды: 2007 жылы 72, ал 2011 жылы – 64. Осы жылдар ішінде Тәжікстанда ең төменгі зейнетақы болды – 2007 жылы – 6, 2011 – 17. [ 13]
2011 ЖЫЛҒЫ ТМД ЕЛДЕРІ БОЙЫНША ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖӘНЕ ОРТАША ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР МӨЛШЕРІ, АҚШ доллары
Президерт Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.
2010 жылдың басталуына зейнетақы жинақтау қорларындағы зейнеткерлік жиналымдар 1 860 млрд. теңге құрады, бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің 11,7%-ын құрайды. Зейнетақы активтері еліміздің экономикасын дамыту үшін ішкі инфляциялық емес көздер болып табылады. Зейнетақы қорлары — қаржылық ұйымдар, бірақ олардың әлеуметтік мәнін ескере отырып, зейнетақы жинақтау қорлары қызметі бастапқы кезден қатаң реттеледі. [8]
Неғұрлым маңызды учаскелердің бірі болашақ зейнетақыны көбейтуге бағытталған зейнетақы активтерін инвестициялау болып табылады. Соған сәйкес мұнда үлкен тәуекелдер бар, сондықтан да алғашқы жылдары қаржы мемлекеттік құнды қағаздарға басымдықпен салынды. Зейнетақы активтері портфелін диверсификациялау бойынша, яғни зейнетақы активтерін қандай қағазға және қандай көлемде салуға болатындығы нормалары белгіленеді.
Беріректе мемлекеттік емес құнды қағаздарға көбірек салуға рұқсат берілді. Бірақ нақты экономикаға тікелей салу мүмкіндігі шектеулілігімен байланысты зейнетақы қаржысы екінші деңгейдегі банкілер арқылы тікелей басымдықты түрде кәсіпорындарға берілді.
Салымшылардың зейнетақы төлемдері құқығын алу сәтіне инфляция деңгейін есебімен зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз ету туралы Заң баптары нақты жұмыс істеуде. 2003 жылдан бастап заң күшәне енді және 2010 жылдан бастап мемлекет жианқталудың барлық кезеңі үшін жинақталған инфляция деңгейі және қордағы зейнетақы жинақтаулары сомасы есебімен есептелген жарналар сомасы арасындағы айырмашылықтарды салымшылардың (зейнетақы төлемдеріне құқық алған) есебіне төлемді жүзеге асырады.
Зейнетақы жинақтау қоры практикасында 5 жыл ішінде зейнетақы жинақтау қоры жинақталған табыстылық көрсеткішінен жүйе бойынша орташа есептелген табыстылық деңгейінен табыс сомасының орнын толтыру жүзеге асырылды. Бұл орнын толтыру қордың барлық салымшылары есебіне оның жиналымдарына пропорционалды түрде орындалады. Бұл дағдарысты кезеңде мемлекет те, зейнетақы қорлары да қолданыстағы заң аясында азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етті.
2010 жылы қорлар арасында өзара есептесулер жүргізілді, салымшының барлық зейнетақы жиналымдары соңғы жасалған келісім-шартқа сәйкес ашылған бір есепшотта жинақталды. «Бір салымшы – бір қор» принципін сақтау бойынша заңдылықтар талабын жүзеге асыру іс жүзінде аяқталды.
Зейнетақы жинақтау жүйесін одан әрі дамыту концепциясы институционалдық инвесторлар ретінде индустриализация бағдарламасына қорлардың қатысуы арқылы зейнетақы активтерін инвестициялауды оңтайландыру қарастырылуда. Жинақталған тәжірибелер негізінде рынок қатысушылары қызметтерін реттеу жетілдірілетін болады.
Информация о работе Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері