Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 19:53, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да – мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік–экономикалық мәселелер болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсавой АЙШААТ.doc

— 441.50 Кб (Скачать документ)

        2011 жылдан бастап бірқалыпты және консервативті портфельге жеделдетіп көшу қарастырылады, бұл үшін бір портфельден екіншісіне көшу тәртібі, АИС-ті өзгерту, есеп жүргізу тәртібін анықтау бойынша нормативті базаны дайындау жөніндегі жұмыс топтары құрылды. 2012 жылдан бастап зейнетақы жинақтау қорына зейнетақы активтерінің үшінші - агресссивті портфелін енгізу жоспарлануда. Инвестициялық портфельдердің енгізілуімен зейнетақы жасына жетпеген салымшылар белгілі бір портфельді таңдауға құқылы болады, ал зейнетақы жинақтау қорының алдында салымшылармен келісым-шарт жасау және хабардар ету бойынша үлкен жұмыстар тұр.

        Зейнетақы жүйесін жетілдіру мақсатында шешімін табуды қажет ететін маңызды міндеттердің бірі орнын басу коэффициентін ұлғайту мүмкіндігін актуаримен зерттеу болып табылады (зейнет демалысына шыққанға дейін алған еңбекақысы сомасына зейнетақы сомасы қатынасы). Зейнетақыны қалыптастыру зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады және салымшының зейнет демалысына шығу сәтіне ол мыналарды таңдауға құқылы: зейнетақы аннуитеті келісім-шартын жасау жолымен сақтандыру ұйымы арқылы зейнетақы жинағын алуға немесе зейнетақы жинақтау қорымен бұрын жасалған зейнетақыны қамтамасыз ету келісім-шартымен сәйкес кесте бойынша төлемдер алуға. Бұл ретте салымшыға варианттардың әрқайсысының барлық артықшылықтары мен жетпестіктері түсінікті болуы тиіс.

        Орнын басу коэффиициентінің көтерілуіне жол ашатын бағыттардың бірі қосымша жинақталымдарды қалыптастыруда салымшылардың ерікті қатысуын дамыту болып табылады. Адамның өзінің жұмыспен шұғылдануы зейнетақымен қамтамасыз етудің дара көзі болып қалуы мүмкін, өйткені, мемлекеттік қамтамасыз етудің қатысу үлесі жыл сайын төмендеп келеді және тек қана әлеуметтік жәрдемақылар қалуда. Бұдан басқа, зиянды еңбек жағдайларындағы кәсіпорындардың қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіби жарналар аударуға қатысуы қарастырылуда.

       Тәуекелдер жүйесінде зейнетақы жинақтауларын жедел алу болмауы тиіс және бұл мақсатта зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі жетілдірілетін болады.

          2012 жылдан бастап зейнетақымен қамтамасыз ету туралы қормен келісім-шарт жасау жинақталымдарды аударуды жүзеге асыру электронды карточканы пайдалану көмегімен автоматтандырылатын болады. Осыған байланысты құжаттарды электронды түрде сақтау процесін оңтайландыру және салымшыларды хабардар еті процесін жетілдіру қарастырылуда.

        Осылайша салымшы бұдан былай неғұрлым маңызды шешімдерді қабылдауда жанама емес, тікелей қатысатын болады, ал зейнетақы қорларының қызметі мүлдем жаңа деңгейге көтерілуі тиіс.

Қорытынды

 

         Жұмыс нәтижелерiн қорытындылай келiп, зейнетақыны реформалау  жүйесінің болашағы барлығына көз жеткiзілді. Себебi жүйеге қатысушылардың мiндеттерi мен құқықтары, арасындағы байланыс жағдайлары, бiр-бiрiне қатысты жауапкершiлiгi жан-жақты қарастырылып, ол заң жүзiнде бекiтiлген. Зейнетақы жинақтарының толықтығы мен қауiпсiздiгi жөнiндегi ойластырылған механизмдер оның сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарушы компаниялардың ынталы iс-әрекетi мен жауапкершiлiгi қарастырылған.

Осы жүйенiң әрi қарай  дамуына сене келе, оның кейбiр жерлерi уақыт өтуiне байланысты ескiргенiн  көруге болады. Ол болашақта кедергi болуы мүмкiн және ол мәселелер мен мүмкiн шешiмдерi келесiдей:

  • мемлекеттiк реттеу органдары мен жүйенiң қатысушылары арасындағы қатынас тұрақты болып, тез өзгермеуi керек;
  • жинақ өсу қарқыны тұрақты болғандықтан, инвестиция салу құралдарының тiзiмiн көбейту қажет;
  • алтернативтi  таңдауы болсын, яғни қор зейнетақы активтерiн өзi басқарады немесе ЗАБК-мен шартқа отырады;
  • iс-әрекет етiп тұрған кейбiр тәртiптер мен механизмдер жақсылап тексерудi қажет етедi.
  • Кейбiреулердiң уақыты өтсе, екiншiлер уақытты созып, кедергi болады.

       Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі өзінің жеті  жылдық даму мерзімінде бір  қатар сұрақтар мен проблемалар  туындатты, ол сұрақтар мен  проблемеларды мемлекет кенеттен  заңдарды өзгертумен байланысты  реформалар жүргізу барысында өзі құрады.

      Адамдардың  проблемаларын  шешіп, олардың  қартайған  шағында  лайықты  өмір  сүруіне  мүмкіндік  беру  үшін  бүкіл  халықтың  көзқарасын  өзгерту:  зейнетақы   жинақтарын  ынталандыру, жалақының  қалтарыстан  шығуы  үшін  жағдай  жасау, салық аударымдарының  мөлшерлері мен болашақтағы зейнетақы мөлшернің арасындағы  байланысты  нығайту қажет. Ең  бастысы, болашақ зейнеткер  философиясын  қалыптастыру  қажет.

     Менiңше, қазiргi жағдайда барлық жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк қорға бiрiктiрiп, бұрынғы ортақ жүйеге оралған дұрыс. Ал өз бетiнше халықпен жұмыс iстейтiн қорлар қала берсiн. Кепiлдендiрiлген зейнетақының үстiнен қосымша табыс тапқысы келетiндер сол қорларға өз еркiмен салым салсын.

      Қорлар үшiн активтердi жұмсайтын, салымдарды бағыттайтын инструменттер жоқ деген әңгiмелер көп айтылады. Себебi қорлар салымшылар қаржысын құнды қағаздарға ғана жұмсайды. Ал бұл өз кезегiнде олар 5-10 жылда банкротқа ұшырамайды дегенге кепiлдiк бере алмайды. Сондықтан ең дұрысы – зейнетақы қорларының активтерi тұрғын үй құрылысы немесе жалға берiлетiн үй құрылысына бағытталсын. Мұндай жағдайда бiр жағынан тұрғын үй мәселесi шешiлсе, екiншi жағынан жалға алу ақшасы кепiлдендiрiлген табыс түрiнде қорға түсетiн едi. Зейнетақы жүйесiн түптамырымен жойып, жаңа жүйенi құрғанда ғана мәселе шешiлмек.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Негізгі әдебиеттер

1.О.Баймұратов  «Қазақстан  қаржы нарығы», Алматы 2007ж

2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты

3.Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет

4.“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2005

5. Ұ.М.Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева // Қаржы нарығы және делдалдары. 2008 ж.

6.Бохаева А. «Зейнетақымен  қамсыздандыру жүйесінің және  мен маңыздылығы». Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2007ж №5-6 19-25 бет.

7.Кеуімжаева Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенова Н.А. Бухгалтерлік принциптері. Оқу құралы. – Алматы: Экономикс, 2003ж. 263-269бет.

 

Қосымша  әдебиеттер

8. Әлиева З.Н. « ҚР  зейнетақы жүйесін жаңғырту»  автореферат 2007ж.

9. www.minfin.kz

10. «Қазақстан заман»  газеті,№21(891)

11. «Экономика», №9  (234) 1-7 наурыз 2012 ж

12. «Экономика», №38(263) 20-26 қыркүйек  2012 ж

13. «Егеменді Қазақстан»,  №239  2012 ж

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері