Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 09:08, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. Акционерлік қоғамдардың теориялық негіздері------------------------------6
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы-------------------6
1.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау-------------------------------------8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары----------------13
ІІ. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері------------------------------------16
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері---------------------------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму бағыты---------------------------------------------------------------------------------------18
ІІІ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы-----------------------20
3.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері-----20
3.2 Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары----------------------------------------------------------23
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------29
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады» делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
Ашық акционерлік қоғам (ААҚ) төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәліметтер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғамдарды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде орасан көп табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы дегеніміз қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал және нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы кағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай
жиналысында құралтайшылар
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвестордың қатысумен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының төмен мөлшері: жабық қоғам үшін - айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
Осымен
қатар жарғыда қоғам
АҚ
- заңды тұлға. Оның органдары: акционерлердің
жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы
орган немесе басқарма, тексеру комиссиясы
(алқалы немесе жеке-дара тексеруші) болып
табылады. Қоғам акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысы оның
ең жоғары басқару органы. Ол қаржы жылы
аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге
тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан
басқа жалпы жиналыстары кезекен тыс болып
саналады.
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары
Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция — акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық банк, кооперативтер мен басқада мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция бағалы қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-аө алынатын дивиденд мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:
а) атаулы акциялар;
ә) ұсынушыға арналған акциялар;
6) жой акциялар;
в) артықшылығы бар акциялар.
Біздін
елімізде жай акция шығарылған жеңілдікпен
пайдаланатын табысы болып, акционерлерге
салған капиталы үшін айқындалған процент
түрінде қатты табысты
Акция
категория бойынша былай
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.
Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.
Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немесе жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кезкелген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара беледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акциялар қолданылады. Алайда бұлда сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуыда әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған карсы өте тиімді тәсіл белгілі, мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5 %-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу- сату жайында есеп беріп отырады.
Әрбір атаулы акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді. Акция бланксінде есімді акция ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Акция бланкнің көрсетілген түрінде оны ұстаушының аты-жөні жазылмайды. Акция тіркеу кітабында жалпы шығарылған акцияның көрсетушіге қатыстысы ғана белгіленеді.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердің сақтық корып орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жқмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай-ак, қаржы мен өндірістік-шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.
Акционерлік
қоғамның басты қызметі - уақытша
босаған ақша қорын өндірісті
ұйымдастыру мен көптеген жұмыс
түрлеріне жұмылдыру болып
Акционерлік
қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда
болып, еркін нарықта сатылмайтын
түрін "жабық" дейміз. Акциясы
еркін сатылатын және сатып алынатын
түрін "ашық" дейміз. Қазақстан республикасының
"Азаматтық Кодесінде" акционерлік
қоғам жайлы ереже бар.
ІІ. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері
Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында кұнды қағаздар нарығы қалыптаса бастады. Осы кездегі жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы
міндеттемелік қағаздары (
2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі ұлттық нарық жүйесінде орналыстырыла бастады.
3.
Мұнай - газ, энергетика, қара және
түсті металлургия
4.
«Қазақтелеком», «КЕГОК», «Қазақойл»
сияқты жаңаша құрылған
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістсмелік көзқарас - пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазакстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан
Үкіметі Батыс елдерінің