Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 09:08, курсовая работа
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. Акционерлік қоғамдардың теориялық негіздері------------------------------6
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы-------------------6
1.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау-------------------------------------8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары----------------13
ІІ. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері------------------------------------16
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері---------------------------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму бағыты---------------------------------------------------------------------------------------18
ІІІ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы-----------------------20
3.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері-----20
3.2 Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары----------------------------------------------------------23
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------29
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік кұрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму бағыты
Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өн-дірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруга болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.
Қорытып айтқанда, бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.
Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары
Қазақстан
экономикасына көптеген есепке
алынбаған және көзге
Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазакстан банкілерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.
Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..
Қазақстанның болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады
ІІІ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
3.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.
Акционерлік қоғамның зор мүмкіндіктерге ие ірі және күрделі жүйе екенін, оның қатысушылары көп санды және мүдделерінің әр-қилылығын ескерсек, акционерлік қоғам басқаруының ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыруда қиын және келіспеушіліктерді туғызатын мәселелер туындайды.
Біздің мемлекетіміздің заңы акционерлік қоғамдар органдарының үш буынды құрылымын анықтайды: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, атқарушы орган.
Кворумды қамтамасыз ете тұра, акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін акционерлер жалпы жиналысын шақыру мен өткізу өзекті мәселелердің бірі болса, "Акционерлік қоғамдар туралы" жаңа Заңның 36-бабының 1-тармағының 1,3-тармақшаларында аталған мәселелер бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік дауыспен қабылданады. 1998 жылғы Заңға назар аударсақ, қоғам жарғысына өзге-рістер мен толықтыруларды енгізу мәселесі бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының үштен екі мөлшеріндегі көпшілікпен, ал қоғамның жарияланған жарғылық капитал мөлшерін өзгерту бойынша туындайтын мәселе дауыс беруге қатысатын қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданатын. Әрине, білікті көпшілік планкасын көтеру акционерлердің өздерінің міндеттеріне жауапты қарауына әкелгенімен, осы мәселелер бойынша жалпы жиналысқа кворумның жиналуы бірден-бір мәселе болып қала береді.
Акционерлік заңнама акционерлік қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырудың екі нұсқасын белгілейді:
1) қоғамның жеке-дара атқарушы органы арқылы (директор, бас директор, президент);
2) қоғамның алқалы атқарушы органы арқылы жүргізу.
Атқарушы органның құзыретіне акционерлердің жалпы жиналысы немесе директорлар кеңесінің кұзыретіне жатпайтын қоғамның ағымдағы қызметіне басқаруда туындайтын мәселелер жатады. Қоғамның атқарушы органының басты мақсаты — акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімін орындауды ұйымдастыру. Атқарушы орган қоғам мүддесіне сай әрекет етуге, өз міндеттерін адал атқаруға және құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға тиіс.
Акционерлік
қоғамдар - қазақстандық қаржы нарығының
қайнар көзі бола тұра, аумақаралық және
халықаралық кәсіпкерліктің дамуына ықпал
ете отырып, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
ететін, экономиканың нығаюына үлес қосатын
ұйымдар. Акционерлік қоғамдар тұтынушылар
нарығын баскаруда кең мүмкіндіктерге
ие, өздерінің іскерлік беделін, фирмалық
атауларын пайдалану арқылы, сұраныстың
туындауы мен қалыптасуына ықпал ететін
азаматтық айналымның ірі субъектілерінің
бірі. Қоғамның өз акционерлеріне қатысты
жүргізетін кең көлемді шаралары акционерлердің
өз міндеттерін орындауына, жалпы жиналысқа
белсенді қатысу арқылы алдымен қоғамға
тиімді шешімдерді қабылдауына тиіс. Акционерлердін,
қоғам қызметі мәселелерін шешуде пассивтілігі,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда
біліктіліктерінің төмен болулары, сондай-ақ
қабылдаған шешімдері үшін жауаптылыққа
тартудың көзделмеуі менеджменттік дұрыс
жүргізілмеуіне әкеледі.
3.2 Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.
Барлық
қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық
процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең
бастысы күрделі капитал
Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.
Мұндай
әрекет ету бағдарламасының
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.