Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:00, курсовая работа
Банктік жүйе нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 5
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау 17
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі жағдайын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 2
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
Бұл ретте бөлшек секторда 2009 жылы тұтынушылық несиелеуге сұраныстың оң үрдісі байқалды (9-сурет). Бұл үрдісті банктер несиелеудің тұтынушылық сегменті салынған капиталдың тез айналымдылығымен сипатталатындығымен байланыстырады, бұл тиісінше кірісті алуға оң ықпал етеді. Ал 2009 жылғы 3-тоқсанда 2008 жылдан бастап алғашқы рет ипотекалық несиелеу бойынша сұранысты бағалау оң болып қалыптасты. Банктердің бағалау бойынша бірінші кезекте бұл жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі уақытта «түбіне» жақын екендігіне, ал жылжымайтын мүліктің өзі жақын арада ұзақ мерзімді инвестициялар объектісі ретінде қабылданатындығына байланысты.
Сурет 9. Несие ресурстарына сұраныстың өзгеруі (жеке тұлғаларға берілген несиелер), респонденттер %
Несиелеу шарттарына қатысты айтатын болсақ, ағымдағы жылы банктер жеткілікті түрде қатаң несиелік саясатты жүргізуді жалғастырды (9-сурет).
Сурет 10. Несие саясатының өзгеруі және несилік қоржынның сапасы
Экономикалық дамудың ағымдағы үрдістері, тəуекелі жоғары заемдар үлесінің өсуі жəне экономиканың негізгі салаларындағы тəуекелдер профилінің өзгеруі қатаң несиеліксаясатты жүргізуге барынша елеулі ықпал етті [20].
Жылдың аяғына дейін банктер несие нарығының кейбір жандануын күтеді. Мəселен, респонденттердің 45%-ы корпоративтік несиелеу бойынша, респонденттердің 44%-ы тұтынушылық несиелеу бойынша несиелікресурстарға сұраныстың аздап өсуін күтеді. Респонденттердің басым бөлігі корпоративтік сегментте, сондай-ақ бөлшек несиелеу сегментінде несиеліксаясатты бұрынғы деңгейде қалдыруды жоспарлайды, оған несие қоржыны сапасының нашарлауы жəне кейбір тұрақтандыру қарқынының баяулауы туралы мəлімдеген банктер санының өсуі себепші болды.
Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында атап айтылғандай, банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделген. Ал мұның өзі түптеп келгенде банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) ақпаратына сәйкес (“Агенттіктің 2009 жылғы жұмысы туралы алдын ала қорытындысы” (№196 баспасөз релизі), сыртқы қаржыландыруды банктердің жиынтық міндеттемелерінің 30%-дан астам деңгейіне дейін шектеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен қатар, банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуіне Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерін төмендету немесе ең төменгі резервтік талаптар тетігі арқылы ықпал ете алады.
Қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуі сыртқы және ішкі нарықта қаржы ресурстарының бағасы арасындағы маржаның төмендеуіне мүмкіндік туғыза отырып, ішкі нарықтағы қаржы ресурстарына қызығушылықты арттырады. Сөйтіп, ең төменгі резервтік талаптар тетігі сыртқы ресурстарды сыртқы міндеттемелерге барынша үлкен резервтік активтер нормативі арқылы тартуды қайта ынталандырады [21].
2010 жылы Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының басым мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болатынын атап өткен жөн. 2010 жылы инфляцияның жылдық деңгейі 6-8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Ұлттық Банктің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді. Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады.
Бағам белгілеудің икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқу дәлізі 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап кеңейтілді: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге,
(-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының динамикасында басым үрдіс әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне байланысты болады. Ұлттық Банктің теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын белгіленген дәлізде қамтамасыз етуіне қажетті жеткілікті алтын валюта резервтері бар және теріс күтулерге алғышарттар жоқ.
Маңызды факторлар тарапынан күтілетін шамалы инфляциялық қысым кезінде Ұлттық Банк қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Банктердің өтімділігі деңгейінің және оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдердің мониторингі жалғасады. Ұлттық Банк қорландыру базасын қалыптастыру кезінде банктерді ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Ұлттық Банк 2010 жылы “Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры” АҚ-ты 11 миллиард теңгеге капиталдандыруды ұлғайтады. Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Ұлттық Банкте орналастырылған банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің депозиттеріне аудару туралы мәселе қаралады [22].
Ақша-кредит саясатының осы шараларын іске асыру Ұлттық Банкке инфляция бойынша белгіленген бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы өсуіне ықпал етеді.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және оның жұмыс істеуі Қазақстандағы қор нарығын дамытудың басым бағыты болып есептелінеді. Болашақта Алматы қаласы аймақтық бизнеске инвестицияларды, оның ішінде ІPO арқылы тарту орталығы болуы мүмкін. Ал, қазіргі уақытта қор нарығын дамытудың негізгі күрделілігі эмитенттердің үлестік құралдарды тартуы болып табылады, себебі әлеуетті эмитенттер батыстың барынша дамыған және терең нарықтарын артық көреді.
Қор нарығының әлеуетті қатысушылары болып табылатын Қазақстанның ірі коммерциялық компаниялары өздерінің үлестік құралдарын ішкі нарықта шығарғысы келмейді. Оған, біріншіден, ішкі нарықтың жеткіліксіз едәуір көлемі, екіншіден, үлестік құралдарды шығарудың жеткілікті түрде түсініксіз және стандартталған рәсімі себеп болып табылады. Үлестік құралдарды шығаруды ұйымдастырумен, атап айтқанда ұйымдастырушы компаниялармен (андеррайтерлермен) проблемалар болуы ықтимал.
Ішкі нарықтағы әлеуетті эмитенттерден басқа үлестік құралдарға инвесторлардың жетіспеушілігі байқалады. Инвесторлардың жетіспеуі салыстырмалы түрде алғанда сауатсыздықпен және жылжымайтын мүлік сияқты басқа барынша дәстүрлі балама инвестициялау құралдарының дамығандығымен түсіндіріледі.
Ең алдымен, “электрондық ақшаның” ақшаның жаңа нысанын білдірмейтінін және ақша болып табылмайтынын, электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіретінін атап өткім келеді. Құқықтық тұрғыдан алғанда “электрондық ақша” электрондық ақшаның иесі (пайдаланушы) нақты ақшаға айырбас ретінде шығарған және электрондық нысанда сақталатын, олардың эмитенттерінің (банктердің) “ақшалай міндеттемелері” ретінде айқындалады.
Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады.
Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады [22].
Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based).
Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады.
Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді.
Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).
Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады.
Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.
Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Аталған заң жобасына сәйкес сауда операцияларын жасау үшін заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің электрондық ақшаны сатып алуына және пайдалануына шектеу белгіленеді. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілері өздері жеткізетін тауарлар (қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуге электрондық ақшаны қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқылы. Сонымен бірге заң жобасында белгіленген шекті мәндерден асатын сомаға электрондық ақшаны пайдалануға жол берілмейді [21].
“Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, нотариустардың және адвокаттардың қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатындығын көздейді. Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны шығару құқығына тек банктер ғана ие болатынын ескере отырып, оларға қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша қолданылып жүрген заңнаманың барлық талаптары қолданылатын болады.
Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады.
Сонымен бірге заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының (FATF) ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі.
Қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды.
Информация о работе Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі