қазақстан республикасынын ұлттық банкі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:21, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер нарықтық экономикаға басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................

I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................

1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................

2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...

Работа состоит из  1 файл

Берденова ТАЛШЫН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАНК ІСІ.doc

— 606.00 Кб (Скачать документ)

     Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі тәуекелдердің алдын алуда Ұлттық Банк жағымды саясат жүргізіп отырды.

     Президенттік басқару институты осындай нәтижелерге жетудің бірден-бір тиімді жолы болғаны айқын.

     Бірақ монетарлы емес факторлар әлі де өзекті мәселелерге айналып отыр. Соның ішінде негізгісі – ауылшаруашылық, қайта өндеу салалары сапасының төмендігінен, шығындылығынан олардың айтарлықтай тиімсіз  жұмыс істеуі.  Кедергі жасайтын факторларға әкімшілік-бюрократтық  шаралардың салдарынан тежеліп отырған бәсекелестіктің ойдағыдай дамымауы, заңдылықтың бұзылуы жатады. Ол үшін ұлттық валютаны ел экономикасын басқаратын құрал деңгейіне жеткізу жұмыстары жүргізілді.

    Теңгенің тарихын белгілі бір кезеңдерге бөлсек, 1993-1996 жылдар инфляцияның ауыздықтау, ұлттық валютаның және қаржы нарықтарының қалыптастыруымен ерекшеленеді. 1991 жылдың аяғында ЖІӨ-нің 8,2 пайызға төмендеуіне қарамастан, осы кезеңнің соңында инфляцияның деңгейін 60,3 пайызға төмендетуге қол жеткізді.  1993 жылы Қарашада теңгенің енгізілу кезеңіне қарай еліміздің банк жүйесі  едәуір дәрежеде  реформаланған болатын. Екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық Банкке Орталық банктің бірқатар өкілеттіліктері берілді. Бұл өз валютамызға көшуді және Қазақстанның ақша-несие саясатын жүргізуді едәуір жеңілдетті. 1993-1996 жылдары банк секторын сауықтыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің саны 204-тен 101-ге дейін қысқарды [16].

    1997-1999 жылдары экономиканы тұрақтандыруғы қол жеткізілді және банк жүйесін жедел түрде реформалау шаралары қарастырылды.

    Экономиканы реформалауды жалғастыру нәтижесінде  ІЖӨ-нің 2,7 пайызға өсуін, инфляция деңгейінің 17,8-ге төмендеуін және нақты жалақы индексінің 13,1-ге жоғарылауын айта кету қажет. Банк секторының шоғырландыру және сауықтыру шаралары екінші деңгейлі банктер санының 55-ке азаюына ықпал етті. 1998 жылдан бастап нарықтық қатынастар  негізінде  құрылған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі енгізілді. 2000 жыл экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды  дамыту және қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауымен ерекшеленеді.

Сондықтан Ұлттық Банк алдағы уақытта Қазақстанның БСҰ-ға күруін  ескере отырып, банк секторының  бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша  жұмыс жүргізуде [17].

Бүгінгі күндері  біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел  дамыған жүйе болып табылады. Банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10,5 миллиард АҚШ долларына  жетті.  Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер  түрінде орналастырылды. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейді.

Елімізде дамыған  несиелік және депозиттік нарықтар бар. Резиденттердің теңгелей түрде депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылдың 1 шілдесінде 847,4 миллиард теңге болды. Жалпы депозиттердің  ішінде теңгелік  депозиттер өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштермен салыстырғанда 56,8 пайыздан 58,7 пайызға өсіп отыр.

    Бұлардың бәрі теңгенің тұрақты валютаға айналғанын айқын дәлелі.

Қаржы секторының барлық бөліктерінде құрылымдық реформа  жүзеге асырылды. Қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің 25 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кірді. Осы шаралардың бәрі халықтың банк жүйесінде деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Салымдардың мөлшері бойынша халықтың жан басына  шаққанда 142 АҚШ доллары болып, Ресейден кейін ТМД елдері ішінде екінші орында тұр [18].

    Банк несиелеріне балама несиелеу де дамып келе жатыр. Микрокредиттік  ұйымдардың, пошталық жинақ ақшасы жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінді.

Сондай-ақ 2000 жылы іске қосылған вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі банктік несиелеудің  баламасы бола алды. «Инвестициялық қорлар туралы» Заңның қабылдануына байланысты халықтың ішкі жинақ ақшасын жұмылдырудың және қайта бөлудің тиімді тетіктері акционерлік инвестициялық  және пай қорларының институты болды.

     Қазіргі уақытта құрылып отырған несиелеудің   үш деңгейлі  жүйесі елдің түрлі аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет  көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды  ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

    Қаржылық қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ жүйесі де ықпал етті.

Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің    екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық несиелер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты мндеті қайталама нарықта  ипотекалық кнесиелерді   жүзеге асыратын банктерді  қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

Ең қысқа  мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс  істеп келе жатқан  жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауа барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды.

Бұл – экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

Қазіргі уақытта  жинақтаушы  зейнетақы қорлары ірі институттық инвесторларға  жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері  отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.

Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан  қорғалған. Қаржы секторын дамытудың  жемісті болуы елдің несиелік рейтингін жоғарылатады.

Ел экономикысының  стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай  теңге барлық экономкалық кеңістіктерде АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады [19].

Қазіргі  нарығының ең дамыған сегменті мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді  және олардың номиналдық  бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-ның 3 пайызын құрап отыр.

Сақтандыру  нарығы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі  экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының  сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс  істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард  теңге, жиынтық меншік каиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.

Қаржы нарығының  инфрақұрылымына мыналар кіреді: төлем жүйелері, Қазақастан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу  орталығы, Бағалы қағаздардың  орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

Қазақстанның  төлем жүйеінің негізі – банкаралық бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің шығарған пластикалық карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар. Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйеін құру  бағдарламасы қабылданды және ол халыққа қызмет  көрсетуде  электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы реформалар мемлекеттің саясаттың дұрыстығын анықтайды.   

 

2.2.  Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын  жүргізудің  негізгі көрсеткіштерін  экономикалық талдау

 

Қазақстанның  Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие  саясатын жүзеге асырады. Ақша-несие  саясаты:

- ресми қайта қаржыландыру  ставкасын;

- ақша-несие саясатының  негізгі операциялары бойынша  сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

-  ең аз міндетті  резервтердің нормативтерін;

- ерекше жағдайларда операциялардың  жекелеген  түрлерінің деңгейінде  және көлеміне қойылатын тікелей  сандық шектеулерді белгілеу  арқылы жүзеге асырылады.

 Ақша-несие саясатын iске  асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi

мынадай операция түрлерiн  жүзеге асырады: 
 1)қарыздар беру; 
 2) депозиттер қабылдау; 
 3) валюталық интервенциялар; 
 4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару; 
 5)мемлекеттiк және басқа да бағалы  қағаздарды  сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен; 
 6)коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу; 
 7)Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.     

Қазақтан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберiнде  қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына экономика әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

Пайыздық саясат ақша-несие  саясатының құралдарының бірі болып  табылады. Ұлттық Банк ақша нарығының  сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық Банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен  кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын,  ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны   төмендетудегі қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі,  яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға  мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады.     

2005 жылда айналымға жіберілген  қолма-қол ақшаның көлемі 2004 жылмен  салыстырғанда 4,9%-ке немесе 1955,3 млн.  Теңгеге төмендеп, 37901,3 млн.теңгені  құрады. Айгалымнан шығарылған қолма-қол ақшаның көлемі 2005 жылда 1,4 есе өсіп, 41742,8 млн. теңгені құрады [20].

Алдындағы жылдардың серпінінде көрсетілгендей, ақпан айында қолма-қол  ақшаға деген сұраныстың  ұлғаюы зейнетақы мен жәрдемақының өсуіне, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша сыйақы төлеуге байланысты. Сонымен, 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, екінші деңгейдегі банктердің кассаларынан жасалған еңбекақы 239 млн. теңгеге (14,9%), банкоматтарды нығайту 346 млн.теңгеге (26,2%), зейнетақы мен жәрдемақы 194 млн.теңгеге (10,2%), жеке тұлғалардың шоттарынан берілген 932 млн.теңгеге (61,8%) төлемдері өскен.

2005 жылдың Маусым айында  банк кассаларына қайтарылған  қолма-қол ақшаның көлемі берілген  қолма-қол ақшаның көлемінен асық  болды. Нәтижесінде теріс эмиссиялық қорытынды қалыптасты. Кассалық айналымдар кіріс бойынша 40,0%-ке, шығыс бойынша 29,0%-ке өскен [21].

Түсімдер көлемінің өсуі 2004 жылдағымен салыстырғанда, мыналардан құралған:

- шетел валютасын сатудан  – 3151 млн.теңгеге (28 есе), оны ипотекалық  несие берудің дамуымен байланыстыруға болады. Әдеттегідей, халық жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алумен байланысты операциялар жүргізетін кезде шетел валютасын белсенді пайдаланады. Осыған байланысты мынадай цифрларды келтіруге болады: 2005 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында автокөлік құралдарының саны 20 мың бірлікке ұлғайған, оның басым көпшілігі жеке тұлғалардың меншігінде. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан алынған ақпарат бойынша, облыста 1 млрд. доллардан астам сомаға жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасалынған. Сонымен қатар, доллар азаматтардың қаражат жинақтаудағы сенімді ұралы болып қалуда;

- жеке тұлғалардың депозиттерінен  – 758,2 млн.теңге (1,5есе);

- басқа да  түсімдер (соның ішінде: есепті қолма-қол  ақша қайтарылымды және жеке  тұлғалардың аударымдары) – 2062,6 млн.теңге (1,8 есе).

Бюджеттік ұйымдар  қызметкерлерінің жалақасының өсуі мен жеке  тұлғалардың депозиттері  бойынша шоттарға түсімдердің ұлғаюында өзара байланыс бар (6,9 млрд. теңгеге немесе 33,7%-ке өсуі).       

Тауарларды, көрсетілген  қызметтерді мен жұмыстарды сатудан  түскен 93,5 млн.теңгені құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен  7 млрд. теңгеге  немесе 8,1%-ке жоғары. Бұл көрсеткіштің өсу себебі, аумақ экономикасында өндірілген тауарлар мен көрсетілегн қызметтер көлемінің ұлғаюымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің халыққа берген тұтынушылық кредиттер көлемінің ұлғаюы. Бұл сауда кәсіпорындары арқылы сату көлемінің ұлғаюына әсер етеді.   

Ақша-несие саясаты  мен қатысушыларға экономикалық талдау жүргізу мақсатында репонденттерден  алынған ақпаратты барынша және тиімді пайдалану үшін Қазақстан  Республиксының Ұлттық Банкінің  мониторинг жүйесінің жетілдіру жұмыстары  өзінің оң нәтижесін көрсетуде. Сонымен, 2004 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда, мониторинг қатысушыларының саны 8 кәсіпорынға ұлғайып, 01.01.2006 ж. Жағдай бойынша 64 кәсіпорынды құрады. Өткен жылда 14 кәсіпорын тартылды, сонымен қатар, таратылуына байлансты 6  кәсіпорын есептен шықты. Мониторингке  қатысудан бас тартудың негізгі себебі – бухгалтерлік қызметтердің есептен бас көтермеуі, ал шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарда - өз ақпаратын басқаларға жария етпеу саясаты.

Информация о работе қазақстан республикасынын ұлттық банкі